Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекесінің қорытындысы
Республиканың барлық аймақтарында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты бүкілқазақстандық акцияның шеңберінде мерекелік іс-шаралар өтті.

- V-ші Республикалық «Таң Шолпан» балалар вокалдық конкурсы 2010 жылдың 1 және 3 маусым аралығында Қарағанды қаласында өтті, оған Қазақстанның 16 аймағынан білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатысты.
- 1 және 12 маусым аралығында өткен, негізгі ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Интелектуалдық еңбектің әйелдер одағы, сонымен қатар, қоса орындаушылары - өңірлердегі балалардың құқықтарын қорғау департаменттері болып табылатын V-ші «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқан Қазақстанда БАҚ арқылы бала еңбегі мәселесін болдырмау және түп-тамырымен құртуға арналған.
- «Қазақстан балалары спортты тандайды!» атты жаппай спорттық мереке Аталған іс-шара 1 маусымда Қазақстанның барлық аймақтарында Мемлекет басшысының жолдауларын іске асыру, балалар мен жастар арасында жаппай спорттық қозғалысты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтті. «Қазақстан балалары спортты таңдайды!» атты спорттық мереке Астана қаласынның «Астана-Байтерек» алаңында өтті, оған 500-ден астам балалар қатысты. Мерекелік бағдарламада спорттық конкурстар, жеңіл атлетика эстафеталары, футбол және стритбол бойынша достық жарыстар болды. «Қазақстан балалары спортты таңдайды!» атты жаппай спорттық іс-шаралар Алматы қаласында Орталық бақ пен 7 өңірлік қалаларында өтті. Мерекенің бағдарламасына балалар бақшаларының тәрбиеленушілері арасында велосипед тебу спорттық жарыстары, аула клубтары арасында баскетбол, стритбол және тоғыз құмалақ ойындары кірді. Алматы облысында Үштөбе балалар үйінің 160 тәрбиеленушілеріне спорттық жарыстар ұйымдастырылды, соммасы 100 000 теңгеге сыйлықтар тапсырылды (спорттық керек-жарақтар, ойыншықтар, кәмпиттер мен балмұздақтар). «Қазақстан балалары спортты таңдайды!» атты акцияның шеңберінде мерекелік іс-шаралар Алматы облысының 19 аймақтарында және қалаларында өткізілді. 1 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Петропав қаласының «Жастар» стадионында 2000 адамның қатысуымен спорттық мектеп тәрбиеленушілерінің спорттық көрсетілімдері (гимнастика, акробатика, күрес), жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың үш топтық жаппай жүгірістері, футбол, стритбол ойындары, іс-шараға қатысушыларды марапаттау салтанаты өтті. 1 маусымда «Қазақстан балалары спортты таңдайды!» атты жаппай спорттық мерекесі Қызылорда облыстық орталық стадионында, аймақтық орталықтар мен басқа елді мекендердің спорттық алаңдарында өткізілді. Бағдарламада жаппай спорттық жүгіріс, аймақтың атақты спортшылардың сөз сөйлеуі, Қазақстан Республикасы Әнұраны айтылған флеш-моб акциясы қарастырылда.

- «Астана - Елбасы деп соққан жүрегі» атты балалар суреті альбомының презентациясы . «Астана - Елбасы деп соққан жүрегі» атты республикалық балалар суреті конкурсының қортындылары бойынша Қазақстанның 14 аймақтарынан келген 230 жұмыстар соңғы жарыста Алматы облысының бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебіне жолданды. Балалар суреті альбомына 101 жұмыс енгізілді, осы жұмыстардың 90 авторы конкурс жеңушілердің дипломдарын, 144 қатысушы конкурс қатысушыларының сертификаттарын алды.

- «Қазақстан жазушылары – балаларға». Мерекелік шара баланың мәдени даму құқықтарына, сонымен қатар, өсіп келе жатқан ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбиелеу, қазақстандық ақын-жазушыларының шығармашылық атақтылығын шығару салаларында басымды міндеттердің бірі болып табылатын балалардың кітап оқу мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатында өткізілді. Мереке шеңберінде балалар мен жазушылар арасында кездесулер өтті. Астана қаласының № 3 қалалық кітапханамен бірлесіп, Балалардың құқықтарын қорғау департаменті оқушылар мен жас жазушылар арасында кездесулер ұйымдастырды. 1 маусымда «Солтүстік Қазақстанның ақын-жазушылары – балаларға» атты мерекесінің ашылуы Петропавл қаласының Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жастар кітапханасында және Солтүстік Қазақстан облысының барлық аймақтық орталықтарының кітапханаларында өтті. Кездесудің барлық қатысушылары сыйлық ретінде кітаптар алды. Қарағанды қаласының Кеншілер сарайының алаңында «Балалық шақтың кітаптары» атты фестивалі өтті.
Халықаралық балаларды қорғау күнін өткізілуі ересектердің ерекше қиын жағдайға тап болған мүгедек балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, көпбалалы отбасыларда және толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларды қолдау күштерін біріктірді.
Дәстүр бойынша осы уақытта қиын жағдайға тап болған жетім, мүмкіндіктері шектеулі және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға адрестік әлеуметтік көмек көрсетілді. 27 мамырда Қызылорда облысында БАҚ өкілдеріне арналған Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру бойынша облыстық ұйымдастырушы комитет мүшелерінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті, онда «Шапағат шуағы» қайырымдылық жұмасының презентациясы көрсетілді және іс-шаралар бағдарламасы таныстырылды. 29 мамырда қалалық Бала үйі тәрбиеленушілері мен патронатты, аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар үшін «Жылы жүрек күні» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды, акцияда балаларға ойыншықтар тапсырылды (ойыншықтар, доптар, мектеп құралдары). 300 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін Астана қаласының «BABYLON» отбасылық көңіл көтеру орталығында «Бар жаннан» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 45 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар Президенттің Мәдени орталығындағы Қазақстан суретшілерінің көрмесіне барды.
Батыс Қазақстан облысында 1 маусымда облыстық қаржы полициясы, облыстық сот, «Сбербанк России» АҚ, «Мирлан» рыногы «Мейрім» атты облыстық бала үйінің тәрбиеленушіліерін құттықтады, оларға 160 мың. теңге соммасына ойыншықтар, балалар киімдері, тәттілер мен жемістер тапсырылды.
Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне тәтті сыйлықтар, жемістер мен ойыншықтар тапсырылады, 8 тәрбиеленушілеріне «ЗапКаз РЭК» АҚ Ресей Федерациясы Самара қаласының аквапаркіне бару жолдамаларын (475000 тг.) тапсырады. Январцевтік балалар үйіне «БатысСтройФакт» ЖШС, «ДизайнТА» ЖШС, «Эврика» ЖШС, «Мендығазиев Халық» ИК 200 мың. теңгені құрайтын жалпы соммасына сыйлықтар тапсырылады. Облыстық балалар үйіне облыстық акиматынан ПАЗ автобусын сатып алуға 8 млн. 500 мың. теңге бөлінді. Орал қаласында «Квант», «НеоАзия», «Мир электронники», «Достық» сауда үйлерімен 250 аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 250 мың. теңге соммасына алынған сыйлықтар тапсырылды, 70 балаға «Алинұр» кафесінде қайырымдылық ас беріледі.
«Береке» АҚ мен «Желаевский КХП» АҚ облыстық балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне соммасы 50 мың. теңгеге сыйлықтар дайындады. Павлодар облысының Қалқаман балалар үйіндегі барлық 30 жетімдерге демеушілер (Ақсу қаласының ферокорытпа заводы мен ГРЭС) соммасы 1 млн. 300 мың. теңгеге киімдер сыйлады. 27 мамырда «Атажұрт мейірімі» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Марсель Петролеум» ЖШС соммасы 2 млн. 300 мың. теңге қаржылық қолдауымен Облыстық балалар мен жастар орталығында 240 оралман отбасылардан шыққан балаларға қайырымдылық акциясы көрсетілді.

Жалпы республикада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған іс-шараларға 3 млн.-ға жуық балалар қатысты. Осы мақсаттарға қаражаттан 98 893 207 млн. теңге қарастырылды.
1 маусымда өткізілген іс-шаралар Қазақстанның барлық бұқаралық ақпараттарында көрсетілді.
Қымбатты жас қазақстандықтар!
Сендерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке алғаш рет 1950 жылғы 1 маусымда әлемнің 50-ге жуық елінде атап өтілді. Сондай-ақ, Қазақстанда да маусымның бірінші күнін жыл сайын Балалық шақ күні деп атап өту дәстүрге айналған.
Осы ғажап күнде, біз, ересектер, сендердің дендеріңнің сау болғанын, ар-ұжданды, ақылды, білімді, еңбекке қабілетті, сондай-ақ, Отанды сүйіп, елімізді көркейтіп, ғаламшардағы барлық адамдармен дос болып, бейбіт өмір сүрулеріңді тілейміз.
Сендердің білім алу, демалу, шығармашылық қабілеттеріңді дамыту үшін компьютерлік сыныптармен, кітапханалармен, оқу зертханаларымен, балабақшалармен, спорт кешендерімен жабдықталған қазіргі заманғы мектептер салуға, қажетті жағдайлар жасауға тырысудамыз.
Көпшіліктеріңнің Интернетті пайдалануға және интернет арқылы еліміздегі, әлемдегі болып жатқан жаңалықтардан хабардар болуға мүмкіндіктерің бар. Көп ұзамай елімізде электрондық оқу жүйесі құрылады. Әрбір оқушы мен оқытушыда дербес компьютерлер болады.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығының арқасында республикада физика-математикалық және химия-биологиялық бағдарламалары ықпалдасып жүзеге асырылатын интеллектуалды мектеп желілері құрылуда. Бұл мектептер қазіргі таңда Астана, Семей және Көкшетау қалаларында іске қосылған.
Бұл күні барлық облыстар мен ауылдарда мектеп жанындағы лагерлер мен аула клубтары ашылады.
Барлық жерде балалар шығармашылығының фестивальдары, карнавалдар, концерттік бағдарламалар, суреттер байқауы мен қайырымдылық акциялары өтіп, сыйлықтар мен жүлделер тапсырылады.
Қымбатты балалар!
1 маусым мерекесі көпшіліктеріңе қуанышты шақ, өйткені сендердің көптен күткен жазғы каникулдарың басталады.Сендердің жүздеріңнен қуаныш, бақытты күлкі кетпесін, ал жүректеріңде тек мейірім мен шапағат ұяласын.Барлықтарыңа мықты денсаулық, бейбіт өмір және жазғы демалыстарыңның өте жақсы өтуіне шын көңілден тілектеспін!
Бақытты балалық шақтан керемет нәрсе жоқ
1 маусым – барлығымыз үшін керемет сезім мерекесі, өйткені біздер, ересектер үшін балалар - өміріміздің басты байлығы мен маңызы.
Биылғы жылы балалар мерекесі – Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығымен және Қазақстандық Магнитканың 50-жылдығымен бастау алды.
«CityMall» сауда үйінің алаңында сағат 10.30-да басталған мерекелік шеру осы күннің барлық іс-шараларына бастау берді, ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды қаласының әкімдігі, білім, мәдениет басқармалары, Қарағанды облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті.
Мерекелік шеруге республикалық V «Таң Шолпан» балалар байқауының қатысушылары мен қонақтары, спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, балалар қоғамдық ұйымының, жас жол инспекторы қатысты.
Мерекелік шерудің бағдарламасында Н.Әбдіров ескерткішіне гүл қою, спортсмендердің өнерлері (спортты жеке жарысқа түсу, бокс, гимнастика), цирк әртістерінің қойылымдары, балалар ұжымының би шоуы болды.
Мәдени және демалыс орталық бағында балаларға арналған танымдық - ойын-сауық бағдарламалар өткізілді, концерттік нөмірлер, аттракциондар, балалар темір жолы, спорттық жарыстар болды. Шығармашылық ұжымдар мен үлгілі – хореографиялық ансамблдер өнерлерін көрсетті. Барлығына брейк-данс ұжымының өнерлері қатты ұнады. Осыдан кейін, балалардың жақсы көретін бағдарламасы – көңілді старт басталды. Орталық эстрадада Қарағанды қаласының жалпы білім беру және музыка мектептері оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік концерт пен асфальқа сурет салу конкурсы өтті.
«Сказка» ойын балалар алаңында «Шахтер» Орталық стадионның қызметкерлері мен «Ойынbus» командасы балалар-жеткіншектер аула клубтарының балаларына арнап жалпы ойын бағдарламасын өткізді. Жазғы демалыстың бірінші күнімен және Халықаралық балаларды қорғау қорғау күнімен балаларды жылы лебіздерімен құттықтауға қала әкімі Бауыржан Абдишев пен қалалық маслихаттың хатшысы Құдайберген Бексұлтанов келді.
Күні бойы қаланың брлық алаңдарында балаларға арналған мерекелік ойын-сауық бағдарламалары, спортты жарыстар мен сыйлықтар өткізілді.
«Біздің балалық шағымыздық кітаптары» - Халықаралық балаларды қорғау күні мен Ұлы Жеңістің мерейтойына арналған мереке осылай аталды, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының ұжымы мен К.Станиславск атындағы орыс драма театрының ұжымы ұйымдастырған бұл мереке Кеншілер мәдениет сарайының алаңында өтті.
«Балалар оқулығының өмірі ұзақ», - дейді, көптеген байқаулардың лауреаты, жазушы Елена Пономаренко.
Жазушы оқырмандарды, ата-аналарды өзінің жаңа жұмыстарымен, өз кітаптарымен таныстырды. Қарағанды облысының «Балауса» композиторлар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Людмила Мельникова және оның әріптестері Қанат Мерсалимов пен Татьяна Касимовская алаңда концерт қойды. Ал олардың көрермендері №3 гимназия мен №17 ОМ, Үштөбе орта мектебінің, балалар үйінің 6 – 8 жастағы балалар болды, барлық балаларға кітапхана директоры Нұржамал Джайлыбаева кітап фирмалары берген танымдық әдебиеттер кешенін табыстады.
Өз бағдарламаларымен «Данс Авеню» би ұжымы мен дарынды балаларға арналған облыстық музыка мектеп-интернатының ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Ұжымдардың қойылымдарынан кейін балалар батыл микрофонға келіп, өздерінің сүйікті өлеңдерің оқып ән айтты. Фестиваль «Солдаттар бізге шуақты балалық шақ сыйлады» асфальтқа сурет салу конкурсымен аяқталды.
1 – 3 маусым аралығында С.Сейфуллин атындағы қазақ дарма театрында Қазақстан Республикасының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім ұйымдарының балаларына арналған V «Таң Шолпан» Республикалық конкурсының ашылуы болды, конкурсқа Республиканың 16 облысының және Астана, Алматы қаласының балалар үйінің және SOS балалар ауылының солистері мен вокалды ұжымдары қатысты.
Балалардың сыңғырлаған күлкісі, бақыттары жүздері – бұл 1 маусымның белгісі.
1 маусым – Балалық шақ мерекесі! Жарқын мереке!
Бірінші маусымда бүкіл әлем Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелейді. Көңілді бақытты кезең демалыстары басталған оқушылар үшін- ғажайып мереке. Бізге, ересектерге, бұл күн балаларымыздың сәттіліктері біздің іс-әрекеттерімізге тиісті екенін есімізге салады.
«Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» Бүкілқазақстандық акция шеңберінде Қостанай облысында бірқатар іс-шаралар өткізілуде.
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасында он-лайн тәртібінде «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндік күрес» Бесінші Ұлттық ақпараттық кампаниясының салтанатты ашылуы болды. Конференция жұмысына облыс прокуратурасының, халықты бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері, аудан (қала) әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің бастықтары, мектеп директорлары және оқушылар қатысты. Он-лайн тәртібіне 67 білім беру ұйымдары қосылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «адамның салауатты өмір сүру салты және өз өміріне деген жауапкершілігінің принциптері – міне, осы денсаулықты сақтау саласында және халықтың күнделікті өмірінде мемлекеттің басты саясаты болуы тиіс» деп айтылған және облыстық турнирді өткізу әр баланың өмірінде салауатты өмір салтын насихаттаудың жолы болады және елімізде дене мәдениеті қозғалысының жаппай өркендеуі үшін жақсы үлгі болады.
«Қазақстан балалары спортты таңдайды!» жаппай спорт мерекесі тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты базасында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және «Халық банкі» АҚ көмегімен Қостанай облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері, Қостанай қаласының № 20 орта мектебінің және есту, сөйлеу қабілеттері бұзылған балаларға арналған № 4 мектеп-интернатының оқушылары арасында «Қазақстан балалары спортты таңдайды!» ұранымен футболдан облыстық турнир өтті. Турнирге 4 балалар командасы қатысты.
Турнирге үлкендердің қатысуы облыстық турнирдің ерекшелігі болып табылды. Футболдың ардагерлері мен «Халық банкі» АҚ командасы балалар командасы алдында көрсетілім ойындарын көрсетті.
Сонымен қатар, Департамент «Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулық ассоциациясы» Қостанай филиалымен бірлесіп «Бала еңбегінің ең нашар түріне қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық кампанияны өткізу шеңберінде Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Балалық шақ барлығында болуы тиіс!» асфальтқа сурет салу сайысын өткізу дәстүрін әрі қарай жалғастырды.
Сайыстың мақсаты – бала еңбегі мәселесін көрсету және оны шешуге қоғам назарын аудару.
Сайысқа Қостанай облыстық балалар ауруханасында емделудегі 40 бала, А.И. Никифоров атындағы арнайы көркемдік мектебінің 28 оқушысы және тілек білдірген қаланың барлық балалары қатысты.
Суреттердің көркемдігін Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, Балалардың облыстық ауруханасының, А.И. Никифоров атындағы арнайы көркемдік мектебінің, «Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулық ассоциациясы» Қостанай филиалының, «Перекресток» ҚҚ өкілдері енген әділқазылар алқасы бағалады..
Сайыстың жеңімпаздарына мәндік ерекшелігі, шығармашылықты орындалуы және тақырыпты толығынан ашқаны үшін мадақтамалар және сыйлықтар табыс етілді.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» Бүкілқазақстандық акция шеңберінде Қостанай облысы аймақтарында жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында 2010 жылдың 24-28 мамыры аралығында «Сәлем, жаз – балалық шақ мерекесі!» республикалық суреттер сайысының сырттай кезеңі өтті.
Сайысты өткізу мақсаты:
- балалар мен жастардың адамгершілік, мәдени, көркемдік жетістіктерін көрсету және дамыту;
- балаларды өнерге және сұлулыққа тәрбиелеу;
- балалардың шығармашылығын қолдау, өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге белсене қатысуға жұмылдыру болып табылады.
«Сәлем, жаз – балалық шақ мерекесі!» республикалық сырттай суреттер сайысына Қостанай, Науырзым, Федоров, Жітіқара, Сарыкөл, Қарабалық, Алтынсарин, Қамысты аудандары және Рудный, Қостанай қалаларынан 157 білім беру ұйымдары қатысты.
Сырттай сайысқа барлығы 5 жастан 15 жасқа дейінгі аралықта 8753 оқушы қатысты.
Жұмыстар бейбітшілік, достық және жазғы демалыс кезіндегі шуақты көңіл-күй тақырыптарында орындалған.
«Сәлем, жаз – балалық шақ мерекесі!» республикалық сырттай суреттер сайысының аудандық кезеңінің қорытындысы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды өткізу шеңберінде жария етілді. Сайысқа қатысушылар білім бөлімдерінің мадақтамаларымен және демеушілердің тәтті сыйлықтарымен марапатталды.
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Қазақстан» кинотеатры әкімшілігінің қолдауымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 түзету мектеп-интернатының, облыстық балалар үйі тәрбиеленушілеріне, КТУОБО-ғы және Әйелдер мен балаларды бейімдеу орталығындағы, «Радуга» Қостанай қаласының мүгедек балалар аналарының балаларына Қостанай қаласының әлеуметтік қорғау санындағы балаларға кинотеатрда «Шрек» балалар фильмін көру ұйымдастырылды. Барлығы 300 бала өздерінің сүйікті фильмдерін көруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, «ДЕП» акционерлік қоғамының демеушілігімен балаларға тәтті түрлі сыйлықтар табыс етілді.
Осы күні біздің елімізде тағдырдың еркімен ата-анасының махаббатынсыз және мейірімінсіз қалған ең кішкентай азаматтары назардан тыс және адамзаттық жылуынсыз қалмайды. Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері «Дельфин» Қостанай балалар үйіне құттықтаулармен және сыйлықтармен барды.
«Жасыл алма» облыстық балалар үнпарағына Қостанай облысының барлық балаларын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтау орналастырылды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілеріне Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтау ашық хаттар жолданды.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, департаментінің «Сенім телефоны» және «Қорғау» балалардың қоғамдық қабылдауының жұмыстары туралы облыс жұртшылығын ақпараттау мақсатында «Қостанай» облыстық үнпарағында «Қоғамда балалар мәселелерін түсіну қызметі» туралы «Балалар біздің өміріміздің ең бастысы екенін біз түсінуіміз маңызды» мақаласы жарық көрді.
«Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» Бүкілқазақстандық акция шеңберінде Халықаралық балаларды қорғау күні ұштастырылған, Қостанай қаласының іс-шараларына қатысатын балалар мен жасөспірімдердің экспресс-пікіртерімі өткізілді. Сауалнамаға 50 бала қатысты.
Экспресс-пікіртерімнің өткізілу мақсаты: «балаларға мейірімді қала» туралы мектеп жасындағы балалар көрсеткіштері туралы нақты мәліметтер алу және қазіргі мектеп оқушылардың әлеуметтік бейнесін құру.
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде балалар мүдделерін қорғау сұрақтары және 1 маусымды мерекелеу бойынша Департамент қызметін жария ету мақсатында мамандар «Алау ТВ», ОТРК «Казахстан-Костанай» телеарналарында «Көкейтесті сұхбат», «Вместе с вами», «Ашық сұхбат» бағдарламаларына қатысты.Департаменттің іс-шараларымен 9216 бала қамтылды.
Халықаралық Балаларды қорғау күні – бұл, алдымен, ересектерге балалардың өмір сүруге, пікір және діни еркіндігіне, білім алу, демалу және бос уақытқа құқығын сақтаудың, қол жұмсау және психологиялық күш көрсетуден қорғау, адамгершілікті және адал қоғам қалыптастыру үшін қажетті жағдай ретінде бала еңбегін пайдаланудан қорғаудың қажеттілігі туралы ескерту күні болып табылады.

Ақмола облысында Балаларды қорғау күнін тойлау туралы
Облыста балалар мен жастардың спорттық бос уақыты мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, денешынықтыру қозғалысы мен массалық спортты жандандыруды насихаттау, балалар құқықтары проблемасына қоғамның назарын аударту, мемлекеттік құрылымдар, ҮЕБ, бизнес дөңгелектер, БАҚ және балалар мен жасөсрһпірімдердің қызығушылығындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қалыптастыру бойынша басқа да әлеуметтік топтардың күштерін біріктіру мақсатында және Балаларды қорғау Күнін мерекелеуге арналған жаппай тақырыптық іс-шаралары өткізілді.
31 мамырда сағат 17.00-де департамент ықыласы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар, ҮЕБ және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12күндік күрес» Ұлттық ақпараттық кампанияның бастамасы мен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар еңбегі проблемасы» баспасөз-конференциясы өтті.
31 мамырда «Республиканская ассоциация дебатеров» АОФ РОО «Папа, мама, Мен – біз үлкен отбасымыз» отбасы старттары сайысында «Бүгінгі күнгі балалардың денсаулығы – дені сау ұрпақтң кепілдігі» спорттық-сауықтыру акциясын ұйымдастырды. Осы іс-шара салауатты өмір салтын қалыптастыру, құндылықтарды арттыру мақсатымен өткізілген.
Көкшетау қаласының мектептері, мемлекеттік мекемелері, қоғамдық мекемелер, БАҚ өкілдері отбасылары арасында Көкшетау қаласының Сәдуақасов және Құсайынов көшелері қиылысында орналасқан «Кокшетаусельстрой №2» мәдениет паркі мен демалыс орталығында «Папа, мама, Мен – біз үлкен отбасымыз» отбасылық старттар сайысы өтті. Балалар- бұл елдің болашағы, дені сау балалар- бұл біздің ұрпағымыздың дені сау генофонды. Барлығына белгілі болғандай, тұлғаны қалыптастыру отбасында басталады. Әр баланың мама мен папасы болғаны өте маңызды.
Облыс өмірінде маңызды оқиғаның бірі Көкшетау қаласында «Балапан» жеке бала-бақшаның, Щучье қаласында «Айналайын» және «Голубой парус» екі бала-бақшаның салтанатты ашылуы болды, мемлекеттік жеке серіктестіктің арқасында мектепке дейіңгі жас ақмолалықтарды біліммен қамтамасыз ету бойынша мәселелері шешілуде. жеке жәсіпкері Тукаев Ербол Қайртаұлы Ақмола обысы «Қазақ күресі» федерациясы ықыласымен жеке арнайы спорттық күрес залы ашылды.
Мұғалімдер, балалар мен ата-аналар, жалпы тәрбие мақсаттары және өскелең ұрпақта ұжымдық сезімді, «Өзін-өзі тану» тәжірибе абағдарламасы аясында қарым-қатынас, достық және өзара түсінушілік қалыптастыруға біздің ықыласымыз бойынша мерекелік ертеңгіліктер мен көңілді старттар өтті.
Іс-шараны жүзеге асыру барысында бала үшін серіктестікке аса көңіл бөлінуде. Мемлекеттік құрылымдар, үкіметтік емес құрылымдар, кәсіпкерлердің жеке ынталарымен Боровое және Зеренді курорттық аймақтарына, мүгедек-балалар үшін Астана қаласына экскурсияға баруға, сонымен қатар ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған және шектелген мүмкіншіліктері бар балалар үшін қайырымдылық акциялар өткізілді.
1 маусымның таңынан бастап мерекелік әбігерлеу басталды. 7.00- де 64 ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім-балалар бар автобуста Тәуелсіздік аланынан Астана қаласына жол салды. Ал аз қамтылған тұрғындардың 135 балалары «Аиртавчик» көліне «Саумакөл» сауықтыру балалар лагеріне демалуға бет алды. Бұл мақсаттарға қалалық бюджеттен 3,7 млн. теңге қаражат бөлінді.
1 маусымда қала мен ауданның барлық орталық аландары, саябақтар, ғимараттар, спорттық аландар, ойын-сауықтырушы орталықтар баланың қарамағына берілді.
1 маусымның сағ. 11.00-ден бастап Көкшетау қ. орталық аландарында (Абылайхан және Тәуелсіздік аланы) «Қазақстан балалары спортты таңдайды!» жаппай спорттық мереке басталды.
Бағдарламада жекпе-жектің шығыс түрлері бойынша спортсмендердің көріністері, 3 дөңгелекті «Жас велосипедші» мектепке дейіңгі жастағы балалардың эстафетасы өтті, «Веселая зарядка» спорттық марафон «Балалық шақ әлемі» театрланған көрініс, «Мы - дети твои, Казахстан! Нам жить в новом мире!» флеш -моб акция, «На волне детства» костюмделінген театрланған бағдарлама, спорт түрлі түрлерінің спортсмендерінің көріністері. «Страттинейджер» роликтерінде сырғанау, «Мама, папа, я –дружная семья!» отбасы дискотекасы. Театр, мәдениет үйлерінде, кинотеатрда балаларға арнап тегін спектакльдер, концерттер, киносеанстар боды.
Департамент қолдаушылық қаражат арқылы ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар, патронаттық тәрбиедегі балалар, мүгедек-балалар, әлеуметтік аз қорғалған қабаттан балалары үшін «Обжорка», «Достық» и «Фараон» кафелерінде қайырымдылық түстік ас берді.
2 маусымда Көкшетау қаласындағы КУОБОО уақытша болған балалар және облыстық жатып емделу туберкулезге қарсы диспансерде Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен жастар ұлттық мәдени орталығы, департамент еріктілерімен бірлесіп спорттық-ойын-сауықтырушы бағдарламалар, эстафета және мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Түстен кейін КУОБОО уақытша болған балалар үшін департаментпен «Балдырған» балалар ойын-сауықтырушы орталығына серуенге аттанды.
Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында балалардың күңдізгі болу мектеп жаңы аландары ашылды.
Облыстық білім мекемелері мектепке дейіңгі жастағы және бастауыш сыныптар балалары үшін асфальт бетінде «Мен күнді сурет бетіне басамын» атты суреттер конкурсы, мектептен тыс мекемелер түлектерінің балалар шығармашылығы ұйымдастырылды.
Балалар интернатты мекемелері әкімшілігімен демеушілер мен әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп, түлектер үшін ертеңгіліктер, концертті бағдарламалар, спортты іс-шаралар, мерекелік астар дайындалды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өскелең ұрпақтың гармониялық дамуды насихаттау мақсатында келесі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды: каратэ-до бойынша қалалық турнирлер, каратэ-кекушинкай көрстелімдері, бокс және ауыр атлетика бөлімдері бойынша турнир, тоғыз құмалақ, қазақша күрес, мини-футбол, стол үсті теннисі және тағы да басқалар.
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті бала проблемаларына қатысты қоғамның тұрақты көзқарасын қалыптастыру және облыста балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын дұрыс әрі мазмұнды өткізу, өмір үшін жақсы жағдайларды жасау, әрбір баланы дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалар мен жасөспірімдердің азаматтық бағытын қалыптастыру үшін бар күшін салуда.
Халықаралық балаларды қорғау күні - Оралда
2010 жылғы 1 маусым күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың қорғау комитеті «Біз Қазақстанның балаларымыз! Біздің жаңа әлемде өмір сүргіміз келеді!» ұранымен Халықаралық балалардың қорғау күніне арналған республикалық «Қазақстан балалары спортты таңдайды!» жаппай спорт мерекесі орталық П.Атоян атындағы стадионында өткізілді.
Мерекеге қатысқан балалар мен қонақтар Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың Қазақ радиосында сөйлеген құттықтау сөзін тындады. Облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Н.Сабиров, «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары А.Шыныбеков, БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Р.Көбейсінова мерекені салтанатты түрде ашты.
Спорттық марафонға (жас ерекшелігі санатына тәуелді жүгіру 7 жастан 18 жасқа дейін) қалалық 45 ЖОББМ-ң оқушылары, 3-облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілері қатысты. Сонымен қатар судағы спорттық мерекеге: жүзушілердің көрнекі өнерлері, 500м,1000м,1,5 мың м. жүзу жарысы, байдаркалық және каноэмен есуі өткізілді.
«Біз Қазақстанның балаларымыз! Біздің жаңа әлемде өмір сүргіміз келеді!» флеш - моб акциясын облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығының оқушылары өткізді.
Құрметті қонақтар мен атақты спортшылар: самбо күресінен әлемнің 2-дүркін чемпионы Ерболат Байбатыров және самбо күресінен Азия чемпионы, Әлем кубогі иегері Медет Ондағанов қатысушыларды құттықтап, марафон жүлдегерлерін диплом және сыйлықтармен марапаттады.
Мереке облыстық филармония әртістерінің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламасы аяқталды.
Облыс әкімі Б.С.Ізмұхамбетов балаларды мерекелерімен құттықтап оларға зор денсаулық, жүздерінен күлкі кетпей ардайымда шаттыққа бөлене берулерін тілеп, балалар үйіне «Газель» автокөлігін табыс етті.
Балалардың қуанышына ортақтасқан демеушілер - «АМЕК фирмасы», «Ауған ардагерлері одағы» қоғамы балалар үйіне 2 компьютер, велосипедтер және ойын құралдарын сыйлап, балаларды қуантып тастады. Сонымен қатар, балалар үйіне басқа да демеушілер өз сыйлықтарын тарту етті. Осы мереке аясында балалар өз өнерлерін көрсетіп келген қонақтарға ризашылықтарын білдірді.
2010 жылдың 1 маусымында «Мейірім» атты мамандандырылған бөбектер үйінде «Балаларды қорғау күні»-не арналған тақырыпты кездесу өтті.
Айтылған шараға 45 бала, БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері, қонақтар және демеушілер қатысты.
Тақырыпты кездесу барысында «Спорт және біз» атты балалар спорттық мерекесі, «Біз біргеміз» ашық микрофоны, бөбектер үйінің ұжымына сыйлықтар табыс етілді.
2010 жылдың 1 маусым күні, Департаменттің бөлім бастығы Кенжалы Туремуратов облыстық радиосының жаңалықтарында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың мәселелері, адамгершілік-рухани құндылықтары негізінде балалардың қоғамға кірігуіне бағытталған балалардың өзін-өзі іске асыруы үшін жағдай жасалып жатқандығы, балалардың қоғамдық бастамаларын қолдау және ынталандырылуы жөнінде тоқтала кетіп бүгінгі аталып жатқан мерекенің өтілуін хабарлады.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңына өткізілген «Біз -сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз» бүкілқазақстандық акциясы шеңберіндегі «Қазақстан жазушылары -балаларға» атты мерекелік кездесу туралы
2010 жылдың 1 маусым күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған «Біз -сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз - жаңа әлемде өмір сүреміз» бүкілқазақстандық акциясы шеңберіндегі «Қазақстан жазушылары - балаларға» атты оқушылардың жас ақындармен кездесу іс-шарасы өтті.
Аталған кездесудің мақсаты: отансүйгіштік қасиетті дамыту, ұлттық мәдениетке құрметпен қарауды қалыптастыру.
Кездесуге қалалық, облыстық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері, Халықаралық Шабыт жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-при жүлдесінің иегері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасы жанынан шығатын «Кітап патшалығы» журналының бас редакторының орынбасары Қарағыз Бауыржан және Халықаралық және Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, «Әйтеке би» атындағы сыйлықтың иегері Ұларбек Байталақ атты жас ақындармен №38-ші мектеп-лицейінің оқушылары, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Адамның адамгершілік-рухани бөлімінің бас маманы Нүргүл Сайлауқызы Аяпбергенова қатысты.
Іс-шараның алғашқы сағатында жас ақындар балалармен жақын танысып, өздерінің балалық шақтарындағы қызықты оқиғаларын баяндап, тәрбиелік мәні бар, Отанын сүюге шақыратын, өз шығармаларын оқып берді. Балалар тарапынан да ақындарға қызықты сұрақтар қойылды. Кездесудің қызықты сәті оқушылар мен ақындар арасындағы балалар тақырыбындағы ән айту жарысы болды.
Сонымен қатар, оқушылар этнография залындағы қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық құндылықтарымен, балаларға арналған Әкім Таразидың «Пистолет» желісімен жазылған «Арман-Атаман» киносын тамашалады.
Кездесудің соңында жас ақындар балаларды мерекемен құттықтап, балалар болашағына жылы тілектерін білдіріп, кітаптар мен балалар журналын сыйға берді.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өткізілген «Біз -сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз» бүкілқазақстандық акциясы шеңберінде «Джаз-балаларға» атты мерекелік кездесу туралы
2010 жылғы 1 маусым күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасымен бірлесе отырып АҚШ елшілігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапхансында «Джаз-балаларға» атты джаз жұлдыздарының Астана қаласының №6 Кәсіптік лицейінің оқушыларымен кітапхананың жас оқырмандарына арналған мерекелік кездесу ұйымдастырылды.
Аталған кездесудің мақсаты: өзге ұлттардың мәдениетін құрметтеуге, музыка өнері арқылы балалардың бойына адамгершілік-рухани қасиет қалыптастыру.
Кездесуге американдық джаз музыка өнерінің жұлдыздары Ари Роланд, Заид Нассер, Кит Балла, Джон Моска қатысты.
Мерекелік кездесу музыканттар түрлі сұрақтарға жауып берген әңгімелесу түрінде өтті. Олар балаларға өздерінің балалық шағындағы джаз өнерінің жұлдызы болуды армандағанын және джаз музыкасының шығу тарихын баяндап берді.
Джаз жұлдыздары балаларға мерекелік сыйлық ретінде қазақтың халық әндерін орындап, балаларды мерекелерімен құттықтады.
Кездесуде балалар мен жұлдыздар АҚШ елшілігі ұсынған аудармашы арқылы сұхбаттасты.
Оқушылар музыканттармен жақын танысып, сонымен қатар, джаз-квартетінің күйтабақтарын сыйға алды.
Шығыс Қазақстан облысындағы Балаларды қорғау күні
Қазақстан Республикасында балаларды қорғау – мемлекеттің басты мақсаттарының бірі. Қазақстанның кішкентай азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Қазақстандағы балаларға қамқорлық көрсету – жалпыхалықтық іс, сондықтан өскелең ұрпақтың мүддесін қорғаумен түрлі ведомстволар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар айналысады.
31 мамырды Ұлттық баспасөз-клубта ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директоры мен білім басқармасы бастығының орынбасарының қатысуымен Балаларды қорғау күні, «Мейірім» қайырымдылық акциясы туралы баспасөз-конференциясы болды. Сонымен қатар, облыста «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық компаниясының басталғанын атап өтті.
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні таңғы салқын соққан самал желге қарамастан, 1 маусым күні облыстың барлық қалалары мен аудандарында «Біз сенің балаларыңызбыз Қазақстан, Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» ұранымен көпшілік, театрландырылған мерекелер өтті. Департамент қызметкерлері үшін бұл күн ерекше болды, таңның атысынан кеш батқанға дейін қаланың әр түрлі алаңшаларында іс-шаралар өткізді.
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті туризм, денешынықтыру және спорт, білім басқармаларымен бірлесе 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні «Қазақстан балалары спортты таңдайды!» ұранымен жаппай спорттық мерекесін ұйымдастырды.
Мерекенің басты мақсаты Мемлекет Басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жаппай дене шынықтыру қозғалысы мен спортты көпшілікке дәріптеу және балалардың спорттағы жетістіктерін ғана емес, олардың спортқа деген қызығушылықтарын тұрақты дамыту және жан-жақты үйлестіруге бағытталды.
Стрелка шағын ауданында, Даңқ Мемориалының қасында «Қазақстан балалары спортты таңдайды!» жаппай спорттық шаралар кешенін ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Ж. Түймебаевтың құттықтау сөзін Департаменттің өкілі Ғ.Мұрзаспаева жеткізді. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.
Спорттық шаралар кешені жеңілатлетикалық жүгірістен басталды, оған мыңнан астам мектеп оқушылары қатысты. Мерекеге көптеген өскемендіктер мен қала қонақтары отбасыларымен келіп жас спортшылардың әртүрлі спорт түрлерінен көрсеткен өнерлерін (жас футболшылар, спорттық жекпе – жек түрлері: айкидо, ушу-саньда және т.б) «Әкем, шешем және мен» көңілді эстафетаны тамашалады. Спорттық шаралар кешені аясында «Біз –Қазақстанның балаларымыз! Біздің жаңа әлемде өмір сүргіміз келеді!» ұранымен флеш – моб акциясы өткізілді. Оған 1000 - нан астам мектеп оқушылары, спортшылар қатысып, «Балалар! Спорт! Қазақстан!», «Біз спортты таңдаймыз!» ұрандарын айтты.
Мерекеде Өскемен қаласы № 43 өнер мектебінің оқушылары және облыстық «Шығыстың шуақтары – 2010» байқауының жеңімпаздары концерт қойды.
Спорт мерекесі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы скейтборд, стритборд, велосипед пен дөңгелекте сырғанаулары бойынша блиц-турнирімен аяқталды. Мереке соңында барлық спорт түрлерінің жеңімпаздары марапатталды. Қатысушылар скейтборд және стритборд спортының бұл түрін облысымызда алғаш рет өткізілгендігін, оны жыл сайын өткізу қажеттігін айтты.
Осы күні «Восток-2» стадионында футбол бойынша 2000-ға жуық жанкүйерлер жиналды. Командаларды марапаттау 2 маусымда өткізіледі.
«Қазақстан балалары спортты таңдайды!» жаппай спорттық мерекесі әрбір баланың салауатты өмір салтын алға жылжыту арнасы болып табылып, облысымызда жаппай дене шынықтыру қозғалысын жаңғыртуға ықпал етеді.
Облыс орталығының Республика алаңына 3500-ге жуық адам жиналды. Көрермендер жас ерекшелігіне қарамастан «Шығыстың шуақтары» конкурсына қатысуларды қолпаштады. Мерекелік шоуды облыс әкімі Б.М. Сапарбаев ашты. Ол 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні ең көне халықаралық мекерелердің бірі және ол барлық балалар үшін күн сәулесін, жылылық пен қуаныш әкелетін жаздың алғашқы күні екеніне тоқталды. Ол балаларға, «Менің жас достарым! Мен сендердің сауатты, әрі рухани жан дүниесі бай азамат болып, егеменді еліміздің мақтанышына айналатындарыңа кәміл сенемін. Оқуларын «үздік» оқуларыңа және де туған жерден, туған ошақтан, мектеп табалдырығынан нәр алған ата-аналырың мен Отанымызды құрметтеулеріне тілектеспін», - деді. Облыс әкімі балалар шығармашылығын дамыту мақсатында өткізілген «Шығыстың шуақтары – 2010» гала концертінің көрермені болды. Бұл конкурсқа облыстың барлық қалалары мен аудандарының 1500 талантты балалары қатысты. Ал 200-ге тарта конкурс жеңімпаздары 3 сағат бойы орталық алаңда концерт берді. Клоундар балалармен ойнап, сыйлықтар сыйлады, әдемі билер әсем әнге ұласып, халықтың көпке дейін тарқамауына себеп болды.
Хореография номинациясы бойынша Зайсан ауданының ансамблі 1 орынды жеңіп алды. Конкурста бас жүлдеге Бородулиха мен Көкпекті аудандарының балалары ие болды.
1-маусымда «Сәулетай» балалар алаңында Балаларды қорғау күні облыс балаларына арналған мерекелік концерт өтті. Мереке 0-13 жасқа дейінгі 700 баланы қамтыды. Алаңға кірер жерде «Оранжевый слон» фирмасы асфальт үстіндегі сурет конкурсын ұйымдастырды. Конкурсқа 6-12 жас аралығындағы балалар қатысты. Балалар еркін тақырыпта түсті борлармен қызығушылық таныта отырып сурет салды. Бұл іске қызыққан ата-аналар балаларына көмектесті. Балалардың күн, аспан, кемпірқосақ және т.б суреттері жиналғандардың көңілін жайландырды. Конкурс жеңімпаздары сыйлық ретінде ұйымдастырушылар атынан кеңсе тауарларын алды. Өскемен қаласының оқушыларының күшімен кешеннің ортасындағы сахналық алаңда концерт өтті. Көрермендер назарына би нөмірлері, балалардың көңілді әндері ұсынылды. Балаларды құттықтау үшін ертегі кейіпкерлері Карлсон және Мыстан кемпір келді. Атракциондарды ұнататындар үшін батут, карта және үрленген бассейн қойылған алаң қызмет көрсетті. Балалар алаңында ата-аналарымен келген балалардан басқа қала бала-бақшаларынан келген мектепалды жасындағы балалардың ұйымдастырылған топтары болды. Қуанышты күлкі, көңілді бейнелер, балалардың көңілді дауыстары және ересектердің қуанышты көңілдері мерекенің ойдағыдай өткендігін сипаттайды.
«Витамир» СО алаңшасында Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Кимекс», «Билайн», «Прима - зодиак», «Алма ВК» газетінің демеушілік қолдауының арқасында Өскемен қаласының оқушыларының күшімен балаларға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды және өткізілді. 0-ден 13 жасқа дейінгі 100 балаға жуық қамтылды. Балаларды құттықтауға ертегі кейіпкерлері «Хельга» мен «Жолбарыс»-та келді. Балалар «Алма ВК» газетінің өкілдерімен өткізілген ойындарға құлшына қатысты, ой-өрістерінің деңгейіне байланысты балмұздақ түріндегі тәтті сыйлықтар алды.
Спорт сайысына қатысуға шақырғанда балалар құмарлық таныта кірісті. Ұлдар мен қыздар араласқан үш топ музыкалық сүйемелдеумен үрленген шарлар мен доптарды бір-біріне берді. «Билайн» компаниясы да осы сайыстарға қатысқан балаларды сыйлықсыз қалтырған жоқ. Балаларға таңдаулары бойынша фирмалық қалпақтар, футболкалар, кружкалар ұсынылды.
«Витамир» СО ұйымдастырған би конкурсы өте қызықты өтті. 10 қатысушыға жазғы демалысқа қандай заттар қажет екенін би түрінде көрсету ұсынылды. Жеңімпаздарды көрермендер қолшапалақтау арқылы таңдады. Ең жақсы биі үшін Меновное орта мектебінің 1-сынып оқушысы Бекешов Диас сыйлық ретінде үрленетін матрас алды. Мереке қорытындысында балалар түрлі-түсті борлармен асфальтта еркін тақырыпта суреттер салды. Балалардың күн, аспан, кемпірқосақ және басқа да суреттері айналадағыларды қуантты.
«Жастар» саябағында театрландырылған конкурстық-ойындық «Зерігуге қарсы дауа немесе дауаның құпиясы» атты бағдарлама өтті. Мерекеге 800-ге жуық бала мен олардың ата-аналары жиналды. Өздерінің өнерлерімен балалар шығармашылығы үйі мен қаланың басқа да мектептерінің дарынды балалары көрермендерді қуантты. Мультфильмдердің кейіпкерлері жүргізген конкурстар мен ойындарға көрермен балалар белсенді қатысып, қуанышқа кенелді.
Департамент мамандары балалар колониясы, КТУООБО сияқты мекемелерге жиі барып тұрады. Бырақ, бүгін 1 маусым балаларды қорғау күнінде жағдай мерекелік және де басқа күндерге ұқсас болған жоқ. Бұл күнгі қызметкерлердің жүзіндегі жылулықтың барлығы балалардың көңіл күйіне жағымды әсер етті.
Өскемен қаласындағы КТУООБО-да ерекше күн болды. Таңертеңнен орталық қызметкерлері аталған мекемедегі 15 балаға тосын сый дайындады. Ән байқауы, өлең оқу, асфальтта сурет салу, спорттық және интеллектуалдық сайыстар болды. Мерекелік түскі ас, сыйлықтар балалар үшін есте қаларлық болды.
Ал балалар колониясында спорт ойындары: 100 метрге жүгіру, тартылу, армрестлинг және соңында 2 топтың арасында футбол ойыны өтті. Балалалардың құқықтарын қорғау депаратментінің кубогі мен алғыс хаттары аталған мекемелердің басшылары мен ерекше аталған балаларға ұсынылды.
1 маусым күні департамент мамандары облыстық телеарнамен бірге бала мен ана Орталығында болып қайтты, өйткені бұл күні өмірге Жасұлан атты азамат дүние есігін ашты. Ұйымдастырушылар мен демеушілерге анасы үлкен алғысын білдірді. Кішкене нәресте өзіне ерекше көңіл бөлінгенін сезгендей қонақтар мен камераға күлімсірей қарады. Анасына «ВИТА МИР» кәсіпкерлік тобынан алғашқы қажетті сыйлықтар ұсынылды.
Жамбыл мәдениет саябағында көпшілік қауым жиналып, барлық балалар атракциондарында балалардың көңілді дауыстары естіліп жатты. Балалардың қуанышты көңіл-күйлеріне саябақты қоршаған табиғаты, хош иісті әр түрлі гүлдердің иісі әсерін тигізгендей. Келушілерді саябақ алдында балалық пен отбасын қолдау орталығының мамандары күтіп, балалар қолөнер мектебін ұйымдастырып, балалар мен ересектерге тегін заңды кеңестер берді. Балалар қолөнер мектебіне 3-18 жас аралығындағы 149 бала қатысты. Орталық мамандарының көмегімен балалар өз қолдарымен әр түрлі бұйымдар жасап, қолданбалы өнердің түрлерімен танысты, жасаған бұйымдарын өздерімен алып қайтты. Заңды кеңестер жылжымалы қоғамдық қабылдау аясында өтті. Орталықтың заңгерлері 51 адамға бала құқығы бойынша сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар Жамбыл атындағы саябақта балаларға арналған тәулік бойғы сенім телефонының жарнамасы орнатылды.
«Балаға мейірімді қала» жобасы аясында балалар өздері тұратын қала туралы ойларымен бөлісті. Мамандар 268 баланың пікірін тыңдады.
Сонымен қатар, саябақтың көрініс көрсетуге арналған алаңдарында дайындықтар жүріп жатты. Аппаратуралар орнатылып, көркем өнерге қатысушылар өз өнерлерін көрсетуге дайындалып жатты. «Кругозор» мәдениет және туризм Жастар орталығының қоғамдық ұйымы «Вега» педагогикалық отрядының қатысуымен сайыстық-ойын бағдарламасын дайындады. Ұйымдастырушылар № 3, 4, 35, 36 мектептерінің ересектерімен бірге келген мектеп жанындағы лагерлердің тәрбиеленушілеріне көңілді ойын сауық ойындарын сыйлады. Сонымен қатар олармен «Эко-знайка!» сайысы өтті. Бұл күні балалар жануарлар мен табиғатты сүю, қоршаған ортаны қорғау бойынша көптеген пайдалы мәліметтер алды.
Жалпы алғанда облыс бойынша Баларды қорғау күнін атап өту мерекесіне 180 мың бала қатысты. Бұл күні облыс телеарналарының жаңалықтарында осы тамаша күнді атап өту бойынша ақпараттар мен сюжеттер көрсетілді.
Барлық өткізілген мерекелерге облыстық, қалалық БАҚ белсене қатысты.
Халықаралық балаларды қорғау күнін өткізу туралы
2010 жылдың 1 маусымында Ақтөбе облысында «Қазақстан балалары спортты таңдайды!» атты кешенді спорттық мереке шеңберінде Елбасының Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық қадам – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын жүзеге асыру мақсатында 10 000-нан аса баланың қатысуымен облыстық, қалалық, аудандық деңгейлерде көпшілік спорттық мерекелер өткізілді.
Спорттық мереке мақсаты – денсаулық сақтауды насихаттау, балалар мен жастар арасында дене шынықтыру мен спортпен айналысуды кеңінен тарату, сондай-ақ, балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мен үйлестіру.
Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті №23 орта мектеп базасында көп балалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған «Спортты сүю – дені сау болу!» девизімен спорттық іс-шара өткізді.
Спорттық іс-шараға 100-ден аса балалар қатысты. Олар №№26, 36, 31, 47 орта мектептердің және «Ақбөбек» реабилитациялық орталығының командалары.
Департамент директоры К.А.Айдарханова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.К.Туймебаевтың құттықтау сөзін оқыды.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал іс-шараның әрбір қатысушысына: ұл балаларға – футбол доптары және қыз балаларғаа – шеңберлер (обручтер) сыйланды. Бұл күні үлкендер де, кішілер де жағымды эмоция және энергия алды.
Спорттық жарыс туралы қатысушылар өз көзқарастарын келесідей білдірді:
№36 ОМ қатысушы Ермаганбетова Айгерим: «Маған бұл жарысқа қатысу өте ұнады. Біраз сергектік қуатын алдым, барлық қатарластарыма спортпен шұғылданып, спорттық іс-шараларға белсене қатысуларын тілеймін»;
№26 орта мектебінің команда мүшесі Авдонина Алина: «Бүгін мен жақсылап демалдым, біздің команда 1 орынға ие болды. Алайда, ең бастысы жеңу емес, қатысу болды. Бізге бәрі де қатты ұнады».
Спорттық іс-шараны өткізуде бас демеуші ретінде ЖШС «Геом» 100 000 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.
1 маусым күні Ақтөбе облысында дәстүрлі түрде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және шектеулі мүмкіндіктегі балаларға арналған мерекелік іс-шаралар, достарымен кездесулер, экскурсиялар өткізіледі.
Департамент Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының педагогтары мен студенттерімен бірлесе отырып Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 130 бала тәрбиеленетін Тамды көмекші мектебінде мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Бұл күні тәрбиеленушілер мен олардың ересек достары бірге ән айтып, ойнап, қуанышқа ие болды. «Біз сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты бүкілқазақстандық акция шеңберінде «Сәлем, жаз –балалық шақ мерекесі» сурет байқауының қорытындысы жарияланды. 2010 жылдың 20 мамыры мен 30 мамыр аралығында өткізілген байқауға мектеп-интернаттың барлық тәрбиеленушілері қатысты. 31 мамырда мектеп-интернат холында ең үздік жұмыстардың көрмесі өткізілді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, барлық қатысушылар Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының атынан жалпы сомасы 130 000 теңгені құрайтын сыйлықтарға ие болды.
2010 жылдың 28 мамырында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай департамент КА 168/3 мекемесінде сотталған жасөспірімдерге арналған «Ақтөбе облысы – балалық шақты қорғау мекені» атты батыс аймақтық семинар өткізді. Бүгінгі күні КА 168/3 мекемесінде 57 тәрбиеленуші бар, оның 51 батыс аймақтың кәмелетке толмаған балалары (Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан аймақтары), сондай-ақ, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан және Астана қаласынан. Семинарға Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының балалардың құқықтарын қорғау департаменттері, облыстық білім бөлімі және КА 168/3 мекемесінің қызметкерлері қатысты.
1 маусымда «Қазақстан-Ақтөбе» телеканалының «Қайырлы таң, Ақтөбе» бағдарламасында департамент директоры К.Айдарханова және «РикаТВ» телеканалының «Арайлы Таң» бағдарламасында қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөілімінің бастығы А.Токбасова балалардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша сұхбат беріп, қала тұрғындарының көкейкесті сұрақтарына кәсіби жауап берді.
V республикалық «Таң Шолпан» балалар вокалдық конкурсының баспасөз хабарламасы
«Біз - сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты бүкілқазақстандық іс-шара аясында 2010 жылғы 1-3 маусым аралығында Қарағанды қаласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында V республикалық «Таң Шолпан» балалар вокалдық конкурсы өткізіледі.
Балалар шығармашылығының «Таң Шолпан» конкурсы алғаш рет 2006 жылы өткізілді және талантты, дарынды балаларды іздеуге және дамытуға ықпал ететін тамаша дәстүрге айналған.
Аталған конкурстың ашылуы дәстүрлі түрде Халықаралық балаларды қорғау күні - 1 маусымда өткізіледі.
«Таң Шолпан» конкурсының негізгі мақсаты неғұрлым қабілетті, шығармашылық жағынан дамыған және кәсіби тұрғыда болашағынан мол үміт күттіретін балаларды анықтау, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуға деген талпынысын тәрбиелеу болып табылады.
Осы жылы конкурсқа республикадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының өз өңірлерінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер болған үздік жеке орындаушылары және вокалды топтары қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 250 баланы құрайды.
«Таң Шолпан» конкурсының қатысушылары кәсіби қазылар алқасының назарына мемлекеттік тілде айтылатын екі туындыдан ұсынады. Қазылар алқасының құрамында танымал музыканттар, ұлттық және халықаралық конкурстардың лауреаттары бар.
Конкурсты өткізу аясында конкурсқа қатысушылардың Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қалалық балалар мерекесіне, вокалдық мастер-класқа қатысуы, сондай-ақ Қарағанды қаласының көрнекті орындарымен танысуы және т.б. жоспарлануда.
Конкурс жеңімпаздары плазмалық теледидарлар, компьютерлер, DVD ойнатқыштар және т.б. бағалы сыйлықтармен марапатталады.
“Таң Шолпан” республикалық конкурсына қатысу балалардың өз қабілеттеріне сеніммен қарауына мүмкіндік беріп, орындаушылық шеберліктерін жетілдіруге бағыттайды, сонымен бірге конкурстың олардың одан әрі белсенді шығармашылық қызметіне негіз болары сөзсіз.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз-сенің балаларыңбыз Қазақстан, Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты бүкілказақстандық мерекесін өткізу туралы БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстанда 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнін дәстүрлі атап өтеді. Осы мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Біз-сенің балаларыңбыз Қазақстан, Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты бүкілказақстандық акция жариялады. Аталған мереке шеңберінде негізгі республикалық іс-шаралар:
- Қарағанды қаласында 2010 жылдың 1-3 маусым аралығында өткізілетін білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында «Таң Шолпан» V Республикалық балалар шығармашылық конкурсы;
- 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегіне қарсы 12 күн күрес» бесінші ұлттық ақпараттық науқаны;
- «Қазақстан жазушылары-балаларға» мерекелік іс-шарасы;
- «Астана-Елбасы деп соққан жүрегі» балалардың суреттері альбомының тұсау кесері;
- «Қазақстан балалары спортты таңдайды» жаппай спорттық мерекесі болып табылады. Спорттық мереке шеңберінде спорттық марафондар, жарыстар, әртүрлі спорт шеберлерінің көрсетілімдері және «Біз-сенің балаларыңбыз Қазақстан, Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» флеш-моб акциясының өткізілуі жоспарланып отыр.
Бұл күні барлық өңірлерде мектеп жанындағы лагерлердің, аула клубтарының салтанатты түрде ашылуы ұйымдастырылады. Барлық орталық алаңдар, стадиондар, парктер мен сарайлар, сауық кешендері балаларға ұсынылады. «Түрлі түсті армандар», «Балалық шақ ғаламшары» балалар шығармашылық фестивалі, «Балалық – бал даурен» түрлі-түсті театрландырылған қойылымдар, карнавалдар, концерттік бағдарламалар, «Ең, ең. әлемдегі әке», «Балалық шақ, спорт, денсаулық» спорттық жарыстар, спартакиадалар, «Біз-сенің балаларыңбыз Қазақстан, Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» көрмесі, «Балалар әлемді бейнелейді», «Менің бақытты балалық шағым», «Бақытты балалық шаққа - Ия! Ия! Ия!, Балалар еңбегіне-Жоқ!Жоқ!Жоқ!» асфальттағы балалар суретінің байқауы және тағы көптеген шаралар өткізіледі.Дәстүр бойынша бұл күні өмірде қиын жағдайға тап болған жетім, мүмкіндіктері шектеулі балаларға, аз камтылған отбасылардың балаларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. «Жылы жүрек – жомарт қол», «Досыңа қуаныш сыйла», «Жақсылық жасауға асық» тегін ойын-сауық аттаракциондарын, кино қойылымдарды, концерттік алаңдарды, сыйлықтарды және жүлделерді ұсынумен қайырымдылық акциялары өтеді.Мереке тек қызықты ғана емес, сондай-ақ өте көңілді өтеді. Сендерді денсаулықтарыңа пайдалы танымдық ойындар, еретегілер әлеміне саяхаттар, кинолар, театрлар, зеректіліктеріңді арттыруға, өз өлкесінің тарихын білуге, ұлттық ойындар, жұмбақтар күтеді.Жалпы республика бойынша Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған барлық іс-шаралармен алдын ала 3 млн. жуық бала қамтылады.1 маусым күні Білім және ғылым министрлігінде (74-25-17 тел.) арнайы «Шұғыл байланыс желісі» жұмыс істейді.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары спортты таңдайды!» жаппай спорт мерекесінің тұжырымдамасы
Балалар мен жастардың спортпен айналысуы, әрбір екінші жасөспірімнің спорт секциясына барып, немесе бос уақыттарында спорт алаңдарында ойнауы негізгі және басты демалыс уақытын өткізу болып табылатын сол кездерді бүгінгі күні тек өкінішпен ғана айта аламыз.
Қазіргі таңда, еліміздің тек 10,5% - ға дейінгі тұрғындары ғана өңірлік жерлерде дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысады.
Республикада қызмет ететін спорт мектептері мектеп жасындағы балалардың 7% - ын ғана спортпен айналысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сондықтан балалар мен жасөспірімдердің арасында созылмалы аурулармен ауыратындардың саны азаймай тұр.
Бүгінгі күні республикада 134 мыңға жуық бала спортпен айналысатын 290-нан астам спорттық мектеп қызмет етеді.
Еліміздегі спорт резервінің артуына спорт базасы, балалар спорт мектебінің желісінің дамымауы, жоғары білікті жаттықтырушы – оқытушылардың жетіспеуі әсер етуде. Әсіресе ауылдық жерлерде балалар спортын дамыту мәселесі күрделі болып отыр.
Сонымен бірге балалар - жасөспірімдер спортының жаппай дамуының баяулығы тек материалды-техникалық базаның нашарлығынан, сапалы спорттық жабдықтардың, жоғары білікті жаттықтырушы кадрлардың жоқтығынан, ерікті дене шынықтыру-спорттық қоғамның, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қысқаруынан ғана емес сондай-ақ, дене шынықтыруды, салауатты өмір салтын, қазақстандық балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысудағы көзқарастарын насихаттаудың жоқтығы олардың денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Осыған байланысты, жаппай спортты және денешынықтыру қозғалысын жаңғырту, салауатты өмір салтын балалар мен жастардың спорттық демалыс уақытын насихаттау мақсатында 2010 жылғы 1 маусымда «Қазақстан балалары спортты таңдайды» жаппай спорттық мерекесін өткізуге бастама жасалуда.
«Қазақстан балалары спортты таңдайды!» жаппай спорттық мерекесін өткізу әрбір баланың салауатты өмір салтын алға жылжыту арнасы болып табылады және еліміздегі жаппай дене шынықтыру қозғалысын жаңғыртуға ықпал етеді.
Мерекенің басты мақсаты - спорттағы жетістіктерді ғана емес, балалардың спортқа деген қызығушылықтарын тұрақты дамыту және жан-жақты үйлестіру болып табылады.
Спорттық мерекенің мақсаты – Мемлекет Басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру шеңберінде балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жаппай дене шынықтыру қозғалысы мен спортты көпшілікке дәріптеу
Мақсаты:
- денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтының қағидаларын енгізу;
- балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
- балалар мен жасөспірімдерді жүйелі дене шынықтыру мен спортқа тарту;
- жаппай спорт түрлерін көпшілікке дәріптеу.
Іс - шараға бастама жасаушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Балалардың құқықтарын қорғау комитеті) туризм және спорт, ішкі істер, байланыс және ақпарат, денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп.
Ұйымдастырушылар: Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері.
Өңірлік деңгейде жаппай спорттық мерекені ұйымдастыру және өткізу бойынша облыстардың, қалалардың, аудандық әкімдіктердің, білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт, құқық қорғау органдарының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалардан ұйымдастыру комитеттері құрылады.
Ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді:
1. БАҚ арқылы халықты ақпараттандыруды;
2. балалар мен жастардың қатысуын;
3. қатысушылардың қауіпсіздігін (көлік қозғалысын жауып тастау, балаларға дер кезінде көмек көрсету үшін жедел медициналық көмекті және полицияның кезекшілік бригадалары);
4. іс-шаралар өткізуге жоспарланған орынның мерекелік безендірілуі, оның ішінде музыкалық сүйемелдеуді;
5. қатысушылардың елеулі экипировкалары (мүмкіндігі бойынша);
6. мәдени-көңіл көтеретін бағдарламаларды;
7. алкаголсіз салқындатылған сусындар мен пісірілген нан өнімдерінің көшпелі саудасын өрістету;
8. мерекеге белсене қатысушыларды марапаттауды қамтамасыз ету.
Өткізілетін күні және уақыты: 2010 жылғы 1 маусым. сағат 11.00-де (Астана қаласының уақыты бойынша).
Өткізілетін орны: спорттық стадиондар, алаңдар, орталық көшелер, жаппай жүгіруді өткізуге арналған ашық орындар.
Қатысушылар: 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жастар.
Мерекенің бағдарламасында:
1.Баспасөз - конференциясын өткізу – 2010 жылғы 31 мамыр.
2. Спорттық марафон – 2010 жылғы 1маусым.
3. «Біз – Қазақстанның балаларымыз! Біздің жаңа әлемде өмір сүргіміз келеді!» флеш-моб акция.
4.Концерттік бағдарлама – 2010 жылғы 1 маусым.
Мерекенің ашылуы қарсаңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде білім және ғылым, туризм және спорт, байланыс және ақпарат, ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, еліміздің атақты сортшылары қатысатын баспасөз-конференциясы өткізіледі.Баспасөз-конференциясына БАҚ өкілдері шақырылады.
Ұқсас баспасөз-конференциялар барлық өңірлерде өткізіледі.
Спорттық мерекенің басталуы - Астана қаласының орталық стадионы
Мерекенің міндетті бөлімі
сағат 10.45 -те - ҚР Білім және ғылым министрінің қазақ радиосында сөз сөйлеуі (мерекенің ашылуы).
сағат 10.55-11.00-де – Министрдің сөзінен кейін Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
сағат 11.00 -11.05-те – өңірлердегі жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің құттықтау сөзі.
сағат 11.05-11.15 -те әртүрлі спорт түрлерінен спортшылардың өнерлерін көрсету (гимнастика, шейпинг, спорттық жекпе - жек, скейтборд,доңғалақта сырғанау және т.б.).
Мерекенің ерікті бөлімі (өңірлердің спорттық мерекенің сценарилік бағдарламасының барысын өзгертуге және толықтыруға құқығы бар).
Спорттық мерекелеудің сценарилік барысының үлгі-нұсқасы
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ұйымдастыру комитеттері 2010 жылғы 5 маусымға дейін спорттық мерекені өткізу туралы фотоматериалдармен қоса спорттық мерекенің қорытындысы бойынша есепті ұсынады.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз - сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты бүкілқазақстандық акциясының 2009 жылғы қорытындысы туралы
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты бүкілқазақстандық акция шеңберінде республиканың барлық өңірлерінде мерекелік іс-шаралар өтті.
Өткізілген іс-шаралар балалардың проблемаларына қоғамның назарын аударуға, оларды ерекше қамқорлыққа алуға қажетті қауымдастықтар құруға, балалардың құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына сәйкес олардың құқықтарын үнемі сақтауға бағытталған.
Жыл сайынғы акция шеңберінде «Қазақстан жазушылары - балаларға» мерекелік іс-шарасы Астана қаласында бастау алды. Осындай іс-шара республиканың барлық өңірлерінде өткізілді.
Балалар оқуының мәселесін шешу – өскелең ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбиелеу саласындағы басым міндеттердің бірі болып табылады. Сол үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасында алғашқы рет қоғам ішінде оң баға алған іс-шара өткізілді.
Халықаралық балаларды қорғау күніне маусымның 1-3 аралығында Павлодар қаласында өткен отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарының, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің 200 тәрбиеленушілері арасында «Таң Шолпан» Республикалық балалар би конкурсы сабақтасты.
Халықаралық енбек ұйымымен және Жалпы қауымдық «Интеллектуалды еңбегтің әйелдер одағымен» бірлесіп, БАҚ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Қазақстанда балалар еңбегі мәселелерін жоюға арналған «12 күн балалар еңбегіне қарсы күрес» төртінші Ұлттық ақпараттық науқаны ұйымдастырылды.
Бурабайдағы «Балдаурен» республикалық балаларды сауықтыру орталығының базасында «Жақсылықпен әлемді ашамыз» ұранымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жұлдызай» Республикалық шығармашылық фестивалі өтті.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған барлық мерекелік іс-шараларға республика бойынша 1 млн. 423 мың. 823 бала қамтылды. Мерекелік іс-шараларды өткізуге жұмсалған демеушілік қаражат 52 млн. 352 мың. 980 тенгені құрады.
Іс-шараларды өткізуге жергілікті бюджеттен және демеушілік қаражаттан қаржылар бөлінген болатын.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндіктері шектеулі, жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан уақытша оқшаулау орталықтарындағы балаларға кітаптар, сыйлықтар (тұрмыстық заттар, спорттық керек-жарақтар, споттық костюмдер, жазғы киімдер, аяқ киімдер) тарту етілді.
Демеушілік қаражатқа тегін фильмдер көру, тәтті тағамға толы дастархан, республика бойынша және шет елдерге сапар шегу ұйымдастырылды, ғимараттарда мерекелік іс-шараларды өткізу орындары ресімделген. 1 маусымға орай балалар баспаханасынан топтама кітаптары (15 атауы бар) барлық республикадағы балалар үйіне және ең жақсы деген көпшілік және мектептер кітапханаларына таратылды.
Мерекелік іс-шараларды өткізуге жалпы шығынның соммасы 56 млн. 352 мың. 980 теңгені құрайды.
«Таң Шолпан — 2009» республикалық балалар би конкурсының қорытындылары туралы
«Таң Шолпан — 2009» республикалық балалар би конкурсын ұйымдастыру мен өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 109 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2009 жылғы 1-3 маусым аралығында Павлодар қаласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Таң Шолпан — 2009»республикалық балалар би конкурсын (бұдан әрі — Конкурс) өткізді.
Конкурстың мақсаты аса қабілетті, шығармашылық жағынан дамыған және кәсіби тұрғыда болашағынан мол үміт күттіретін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау болып табылады.
Конкурсқа республиканың барлық өңірлері мен «Қазақстанның SOS балалар ауылдары» бірлескен қорының 17 би ұжымы қатысты.
Қазылар алқасының құрамына Астана қаласының «Наз» мемлекеттік би театрының бас балетмейстері, «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері, «Хореограф России» сыйлығының лауреаты, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызы төрағалық еткен жоғары білікті мамандар кірді.
Конкурс бағдарламасында «Таң Шолпан — 2009» республикалық балалар би конкурсын ұйымдастыру мен өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 109 бұйрығына сәйкес үш би композициясында («Таныстыру», «Қазақстан халықтарының биі», «Би коктейлі») өнер көрсету белгіленді.
Конкурстың қазылар алқасы қатысушылардың кәсіптік шеберлігіне, жоғары дайындық деңгейіне әділ бағаларын білдірді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы № 4 Сайрам балалар үйінің «Балдәурен» би ұжымы конкурс жеңімпазы әрі «Бас жүлде» иегері болып танылды.
Павлодар облысы Мичурин ауылындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің «Стэп» би ұжымы І орынды иеленді.
Шығыс Қазақстан облысы «Үміт» балалар үйінің «Үміт» үлгілі хореографиялық ансамблі мен Астана қаласы балалар үйінің «Асыл Арман» би ұжымы ІІ орынды иеленді.
Ақмола облысы Ақкөл қаласындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 балалар үйінің «Смайл» би ұжымы, Батыс Қазақстан облысындағы облыстық «Жас дәурен» балалар кешенінің «Ай-Ару» би ансамблі және Солтүстік Қазақстан облысындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының «Ақ қайың» ансамблі ІІІ орынды иеленді.



«Қазақстанның жазушылары балаларға» атты мерекесі
Мемлекеттік құрылымдарды балаланың қоғамдық мәдени даму құқығына, соның ішінде балалық оқуға назар аударту мақсатында Павлодар облысындағы балалардың құқықтарын қорғау департаментімен облыстың мәдениет, білім беру мекемелерінде осы акцияны өткізу жөніндегі шаралар жоспары құрылды.
Ағымдағы жылдың 1-15 маусым аралығында облыстағы кітапханалар мекемелерінің жүйесінде «Павлодар облысының жазушылары балаларға» атты акциясы өтіп жатыр.
Акцияның шеңберінде «Сәлем, кітап үйі!», «Бүкіл әлемнің сыры бойымен», «Қазақстанның жазушылары балаларға» атты кітаптар көрмелері және «Балалар кітаптарының сиқырлы беттері» балаларға арналған кітаптарды жинау акциясы, «Мен-фольклорлық элемент», «Балалар кітаптарының беттерінен» атты сұхбаттар мен викториналар ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 2 маусымында А.Гайдаров атындағы орталық балалар кітапханасында Қазақстанның жазушылар одағының мүшесі, поэт Ғалымбек Жұматовпен және П.Васильев атындағы мәдениет қауымдастығының мүшесі Елена Игнатовскаямен кездесу өтті. Кездесуді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Ж.Қ.Жүкенов ашты.
Кездесу барысында жазушылар өздерінің туындыларын оқыды, балалар балалар жазушыларын және қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін қаншалықты білетіндігі жөніндегі викториналарға белсенді түрде қатысты, сонымен бірге М.Жаманбалиновтың «Жануарлардың дауы», «Сиқырлы қаймақ» атты ертегілері бойынша спектакілді көрді. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Нұрлан Шадыев, Кристина және Ваня Михель балалар жазушыларының туындылары бойынша суреттер көрмесін ұйымдастырды.


1 маусымда қалалық мәдениет сарайында «Таң Шолпан -2009» конкурсы өтті
IV республикалық балалар би конкурсының салтанатты ашылуы өтті. Конкурсқа Қазақстанның әр аймақтарынан 17 үздік хореографиялық коллективтер қатысты.
Конкурстың ашылуында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Ж.Қ. Жүкенов және облыс әкімінің орынбасары Р.М.Жұмабекова сөз сөйледі. Екі ең жас қатысушыларға Павлодар облысының әкімі Б.А. Сағынтаевтың атынан МП 3 - плеерлер берілді, осындай сыйлық барлық 194 қатысушыларға берілді.
Төрт қатысушының туған күндері конкурс күндеріне дәл келді, оларға конкурсты ұйымдастырушылар атынан құттықтаулар мен сыйлықтар алды.
Ашылу салтанатының шарықтау шегі естен кетпейтін әсер қалтырды. Прожектордың сәулесі сахнаның төріндегі конкурстың эмблемасына жарық түсірді, содан кейін төмен түсіріп «Тан Шолпанның» символы екі баланың келбетіне жарық түсірді. Олар Балалардың келбеттері жанданып, вальс орындалды.
М.Катаев атындағы оқушылар сарайының, Павлодар қаласының мәдениет сарайының, Екібастұз қаласының А.Асылмұратова атындағы би мектебінің, Ақсу қаласының және Павлодар мектептерінің үздік творчестволық коллективтері конкурсқа қатысушыларды қарсы алды. Мереке фейерверкпен аяқталды.




2009 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы облысының балалардың құқығын қорғау департаменті, «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер аула клубы, «Облыстық ата-аналар комитеті» қоғамдық бірлестігі, «Айырмас-Спорт» ҮЕҰ-мен бірлесіп Талдықорған қалалық КТУОБОО-да мәдени шара (концерттік бағдарлама, көңілді спорттық ойындар) өткізді. Аталған шараға облыстық Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, «Ұлар-үміт» зейнетақы қоры, БАҚ өкілдері қатысты. Демеушілер тарапынан балаларға сыйлықтар үлестіріліп, мерекелік дастархан жайылды. Сондай-ақ, мереке қарсаңында Талдықорған қаласындағы орталық балалар кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, ақын Әли Ысқабаймен кездесу кеш өткізілді. Кешке жас оқырмандар қатысып, ақынның тақпақтарын жатқа айтты. Жазушының балаларға арнап шығарған «Алақай да балақай» атты ойнын балалар қызыға ойнады. Жазушы балалардың ынталана, қызыға қойған сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Талдықорған қаласының «Сәбилер үйі» балаларымен ертеңгілік мәдени шара өткізілді. Аталған шара ҮЕҰ «Қазақстан рухани ағарту орталығы», қалалық прокуратураның демеушілік көрсетуі арқылы және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.. Сәбилер үйі балалары өздерінің концерттік бағдарламасын қонақтарға ұсынды. Шара соңында қалалық прокуратура қызметкерлері өздерінің бір күндік еңбекақыларын балалар үйінің есеп шотына аударатындарын айтты.
Департамент мамандары мен Талдықорған қалалық әкімдігі бірлесіп «Мен әлемді бейнелеймін» атты тақырыпта асфальтқа сурет салу байқауын ұйымдастырып, байқау жеңімпаздарын сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ, департамент және Талдықорған қалалық білім бөлімі мамандары орталық саябақта «Көңілді старт», «Самакатпен» жарыстар өткізіп, мектеп жасына дейінгі балаларды үш дөңгелекті велосипедпен жарыстырып, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырды. Барлық қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді.
1 маусымда «Айналайын» балалар үйінде «31 канал» ұжымы ұйымдастыруымен мәдени шара өткізілді. «31 канал» ұжымы балаларға алдын-ала үздік қабырға газетіне байқау жариялап, мерекеде байқау қорытындысы шығарылып, үздік қабырға газеттері марапатталды..
Талдықорған қаласындағы Мәдениет сарайында №45 «Арман» балабақшасының ұйымдастыруымен «Таңшолпан» фестивалі өткізілді. Фестивальге 22 топтан 200 бала қатысты. Фестивальға ата-аналар демеушілік көрсетті.
Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Үштөбе балалар үйімен бірлесе отырып 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз - сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» мерекелік іс-шара өткізді. Бұл шараға облыстық және аудандық прокуратура, Қаратал аудандық әкімшілігі, «Нұр-Отан» ХДП, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, мешіт имамы, КТК телекомпаниясы, Талдықорған қаласындағы «Халық банк» АҚ филиалы, «Талдықорған электросетьстрой», «ТАТЭК» мекемелері, «Шағала», «Нұр» мейрамханалары мен «Фортуна» кафесінің өкілдері қатысты. Мереке аясында «Бала – көздің нұры, көнілдің - қуанышы» атты мерекелік концерт, «Кітап – білім бұлағы» кітап көрмесі, «Бауырсақ» қуыршақ театрының қойылымы, «Әрқашан күн сөнбесін!» асфальтта сурет салу байқауы, «Менің аңсаған арманым» сурет көрмесі, «Жарысқа шық, жасұлан» атты жарыстар аясында облыстық «Жетісу» футбол командасы балалармен достық кездесу ұйымдастырылды, Балалар үйінің кітапханасында «Қазақстан жазушылары - балаларға» атты тәрбиеленушілермен жергілікті жазушылар Қараша Қараманов және Александр Булавинмен кездесу өтті. Алматы қаласынан келген «Ал, давай» және «Перцы» тобы өзінің концерттік бағдарламасын ұсынды, мереке «Таң шолпан» би кешімен аяқталды. Мереке аясында облыстық прокуратура қызметкерлері бір күндік жалақыларын балалар үйінің есеп шотына аударатындықтарын айтып, теннистік үстел сыйлыққа тартты, «Kaz Micro Finance» микрокредиттік ұйымы 8 балаға сақтандыру есеп шотын ашты және мерекеге келген қонақтар мен демеушілер балаларға түрлі-түсті телевизор, караоке, велосипед, киім-кешек, жұмсақ ойыншықтар, тәтті тағамдар ұсынды.
Департамент мамандары мен «Бибі - Ана» мүгедек әйелдердердің қоғамдық бірлестігі» ағымдағы жылдың 1 маусымында «Бәйтерек» мейрамханасында мүгедек аналардың балалары мен мүгедек балаларға арналған үлкен шара өткізді. Мерекеге 50 бала қатысты. Аталмыш шараға «Аңсар» қайырымдылық ортылығының төрағасы Шаламбаев Ермактың қайырымдылық көмек көрсетіп балалар мен олардың ата-аналарына арнайы дәмді ас даярлады, «Карина» кондитерлік цех пен «Бастау» жеке кәсіпкерлігі балаларға мерекеге байланысты арнайы тәтті тағам тартуын әзірледі. Мереке аясында «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері өздерінің арнайы концерттік бағдарламаларын ұсынды. «КГБ» шоу тобының цирк нөмірлері, сиқырлы ойын-сауық, би ұйымдастырылып, ауладағы алаңда «Бейбітшілік әлемі!» тақырыбында асфальтта сурет салудан байқау өткізілді. Мерекеге «Ақ жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Балқаш» мейрамханасы, «Шаған» сауда үйіндегі «Диля» дүңгіршегі демеушілік көмек көрсетіп, «Арай» жеке кәсіпкерліктің ұйымы бейнефильм түсірді.
Қарасай ауданындағы «Перзент» отбасы үлгідегі қайырымдылық балалар үйінде 1 маусым балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Қарасай аудандық білім бөлімінің қорғаншы/қамқоршы органының мамандары, ауылдық округінің әкімшілігі, «Қазақ радиосы», «Алма ТВ» қатысты. Мерекелік шарада аудандық білім бөлімінің маманы Қонақова Балдырған Рысбайқызы кәмелетке толған балалардың төлқұжатын салтанатты түрде табыс етті. Іс-шара мерекелік дастархан мен көңілді концертке ұласып, демеушілер тарапынан балаларға сыйлықтар берілді.
Райымбек ауданы, аудан орталығында жеке кәсіпкер Бақытгүл Қасымбайқызының демеушілігімен «Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа ұран» көркемөнерпаздар байқауы (ақын, термеші, сазгер) өткізілді.
Ұйғыр ауданының аудандық мәдениет үйінде «Көңілді старт» жарысы, «Әрқашан күн сөнбесін» атты тақырыпта асфальтқа сурет салудан байқау ұйымдастырылды.
Қапшағай қаласының саябағында «Алтын құм» ЖШС, қалалық әкімдіктің демеушілігімен «Балалық шақ, балдаурен» тақырыбы бойынша музыкалық композиция және асфальтта сурет салудан байқау өткізілді. Байқауға 950 бала қатысты.
Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылының орталық стадионында «Болашақ» балалар мен жасөспірімдердің аула клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен және жергілікті әкімшілік пен «Рахат» фабрикасының демеушілік көрсетуімен «Планета детей» фестивалі өткізілді. Фестивальға 2000 бала қатысты.
2009 жылдың 1 маусым күні Абай ауданының әкімшілігі «Абай» саябағында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Ашық аспан астындағы бақытты балалық шағым» атты мерекелік іс-шараларды ұйымдастырды.
1. Асфальтқа сурет салу байқауы. Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты барлық 30 мектептің оқушыларын қамтыған. Байқауға 40 оқушы қатысып, жүлделі орындарды төмендегі мектеп оқушылары иеленді:
1- орын № 5 о/м оқушылары
2- орын № 48 о/м, № 50 о/м оқушылары
3 орын № 3 о/м, № 83 о/м оқушылары.
2. Жетім және мүмкіндігі шектеулі 35 балаға арнап «Belein» ұялы байланыс желісінің қызметкерлері және «Қызыл ай» қоғамдастығы демеушілік жасап, канцеляриялық құрал – жабдықтар мен киім – кешектер таратты.
3. Абай ауданына қарасты мектеп оқушыларының күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концертке 80 оқушы қатысты.
4. «Абай» саябағының аттракциондары сол күні барлық балаларға арнап тегін жұмыс істеді.

2 маусым күні «Көпбалалы аналардың «Ғибрат» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалымен» бірлесіп, «Райымбек» кафесінде көпбалалы аналарға және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына арналған көлемді іс-шара өткізілді. Үлкен дастархан жайылып , құттықтау сөздер айтылып, шақырылған қонақтарға сыйлықтар таратылды (киім-кешек, аяқ киім, канцелярлық заттар және балаларға арналған кітаптар). Келген қонақтар ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

1 маусым күні Шымкент қаласындағы бас көшенің бірі Д. Қонаев атындағы гүлзарында жиналған 2 мыңнан аса балалар ерекше мерекелік бағдарламаның куәсі болды. Қала әкімдігі мен қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен балалардың төл мерекесі «Халықаралық балалар күніне арналған» «Менің елім - Қазақстан» атты жобасы Республика көлеміндегі ең үлкен іс-шаралардың бірі болды. Таңертеңнен бастап қаладағы мыңнан аса бала өздерінің ата-аналарымен бірге, Д.Қонаев гүлзарында Қазақстан Республикасындағы «ең ұзын асфальттағы сурет» салынды. Бұл жоба «Гиннесстің рекордтық кітабына» енгізіледі деп күтілуде. Осы іс-шараның барысында Шымкент қаласындағы «Облыстық балалар және жасөспірімдер үйінің» жас өнерпаздарының «барабаншылары» мен «гусарлар» отрядтарының шеруі, өздерінің қанық түсті мерекелік костюмдеріменен музыкалық қойылымдары, жұртшылықтың назарын аударып, ризашылығына бөленді. Жоба барысында қала әкімі Арман Жетпісбаев, ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Р.Зұлпыхарова және осы жобаның басты демеушісі «GSM Kazakhstan» компаниясы мен «KazKom» басшылары балаларға деген мерекелік құттықтауларын жолдап, іс-шара барысында балаларға тәтті тағамдар мен сусындар таратып отырды. Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл жобаның өткізілу мақсаты балалардың өзінің еліне, сүйікті әсем Шымкент қаласына деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, бірлік пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу, жас жеткіншектердің шығармашылық қабілеті мен эстетикалық талғамын дамыту болатын. Бұл іс-шараны республикалық және облыстық «Хабар», «КТК», «Отырар», «Астана», «Қазақстан-Шымкент» телеарналары бүкіл республика жұртшылығын хабардар етті.
Қала әкімі А.Жетпісбаев өз сөзінде бұл мереке ерекше, өте әдемі де көңілді және ұйымшылдықпен өткендігін айтып өтті. Құттықтау сөз соңында екі мыңға жуық балалар мен көрермендер, барлық әлем балаларына жақсы тілектер тілеп аспанға қолдарындағы шарларын ұшырды. Бұл шаралардың барлығын да бейнекамера орнатылған вертолет аспан биіктігінен түсіріп жатты. Мереке күні қала балалары мен қонақтары ерекше көңіл күйде болды.



Халықаралық балаларды қорғау Күнін
1 маусым күні барлық елде Халықаралық балаларды қорғау күні тойланады. 1 маусым – бұл балалардың мерекесі, сонымен қатар бүкіл қоғамның назарын болашағымыздың тағдырына деген жауапкершіліктің қажеттілігіне, әділетті және жарқын болуына, гуманистік қоғамның қалыптасуына назарын аударуға мүмкіндік береді. Өйткені әрбір бала бақытты және толыққанды балалық шаққа құқылы. Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл әуелі үлкендердің өмірге деген балалар құқықтарының сақталуына қажеттілігін ескерту, бостандық көзқарасқа, білімге, демалумен бос уақытты өткізу, физикалық және психологиялық зорлықтан қорғану, адамгершілік пен әділ қоғамды қалыптастыруға қажетті жағдай ретінде балалар еңбегін пайдаланудан қорғану болып келеді. Осы жылы бүкілқазақстандық мереке «Біз сенің балаларыңбыз – Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» ұранымен өтті.
Осы жылдың 1 маусымында Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті Көкшетау экономика және менеджмент институтымен бірігіп облыстық тубуркулезге қарсы диспансердің жатып емделуіндегі балалар үшін «Сәлем әлем, сәлем дос, сәлем жарқын әңдердің досы!» мерекелік бағдарламасы өткізді. «Агроперспектива» 20 мың тенге, Поляк жастар мәдени орталығы - DVD, Васильковский ГОК – кеңселік тауарлар және маркерлік тақтаны сыйлыққа тартты.
Акт залында салтанатты түрде балалардың құқықтарын қорғау департаменті барлық балаларды Халықаралаық балаларды қорғау күнімен құттықтап, жедел емделіп шығуды тіледі, Көкшетау экономика және менеджмент институты мен гуманитарлық-техникалық колледж студенттері музыкалық бағдарлама дайындап, ән айтып, би билеп, ойын қойылымдарын қойып, өлендерді оқыды. Олар барлық балаларға өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарды табыс етті. Іс-шара аяғында барлық балаларға бейбітшілік, жақсылық және амандық тіленді. Мереке қонақтар мен шақырушы жақтардың қатыстырылуымен кішкене-би билеумен аяқталды.
Осы жылдың 2 маусымында Көкшетау қаласының КТУОБжАО-да уақытша болған балалар үшін «Бір шанырақ астында» мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Демеуші болып «Республика» ЖЗҚ АҚ- дамитын құрастырушылар, Поляк жастар мәдени орталығы - DVD, Көкшетау экономика және менеджмент институты сыйлықтар мен тәттілерді тарту етті.
Балалар мен қонақтар осы іс-шара бойынша, әсіресе үлкендер осы күнмен құттықтауға ұмытып кетпегендері үшін өте қуанышты болды. Барлық балалар сыйлықтар алды. Барлық қатысушылар қызықтыратын музыкалық қойылымнан кейін қосымша қуаныш шатығы мен сергектікті алды.
Мереке қонақтар мен шақырушы жақтардың қатыстырылуымен кішкене-би билеумен аяқталды.



Жамбыл облысының аумағында 2009 жылдың 21 мамыры мен 1 маусымы аралығында өткізілген «Біз – Қазақстанның балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған облыстық акциялары туралы
«Біз – Қазақстанның балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» акциясының мақсаты: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясында көзделген барлық заңды құқықтарын сақтау негізінде баланың жеке тұлға ретінде өсіп-жетілуіне жағдай жасау, қоғамдағы адамгершілік басымдықтар мен рухани байлықты қалыптастыру, балалардың қоғамдық бастамалары мен қоғамдық ұйымдарын қолдау және ынталандыру, балалардың құқықтары туралы және оның іске асырылуы туралы жұртшылықтың ақпарат алу деңгейін көтеру, балалардың шығармашылығын дамыту.
Аталған іс-шараны Жамбыл облысының әкімияты, Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы бірлесе отырып ұйымдастырды. Оған белсенді түрде облыс әкімиятының Білім, Денсаулық сақтау, Мәдениет басқармалары, Облыстық ішкі істер департаменті, Облыс әкімияты, аудандар мен Тараз қаласы әкімияттары жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар, Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, аудандар мен Тараз қаласы әкімияттары, аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының білім бөлімдері, Балалар мен жасөспірімдер орталығы, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Акцияға белсенді түрде қатысқан аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінен Тараз қалалық және Шу, Т.Рысқұлов аудандық әкімдіктерін ерекше атап өтуге болады.
Акция аясында облыс көлемінде 100-ден астам іс-шара өткізілді. Соның ішінде 23 байқау, 18 мерекелік концерт, 12 спорттық ойын, 9 көрме, 4 дөңгелек үстел отырысы, 4 ертеңгілік, 2 сауалнама, 2 тренинг және т.б ауқымды іс-шаралар өткізілді.
Іс-шараларға 60 мыңнан астам (61715) бала қамтылып, 3000000-нан астам (3120000) теңгеге сыйлықтар тапсырылды. Бұған қоса балаларға компьютер, киім-кешек, оқу құрал және түрлі ойыншықтар үлестірілді.
Облыстық «Ақ жол», «Знамя туда», «Ар-Ай», «Жамбыл-Тараз», «Магнолия» газет беттерінде акцияға қатысты 10-нан астам мақала жарияланды.
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2009 жылдың 23 мамырында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында «Бақыты үшін баланың» тақырыбында ең үздік шығармалар байқауын өткізді. Байқауға Тараз қаласының 10 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты.
Сонымен қатар аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2009 жылдың 28 мамырында облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп «Балалар әдебиетінің алтын қоры» тақырыбында оқырмандар конференциясы өткізілді. Аталған іс-шараға Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, оқырмандардың ата-аналары және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Конференция барысында оқырмандардың қандай кітаптарды оқығандығы, қандай әдебиеттерге әуестігі жайлы сөз қозғалып, оқушылардың арасында тұрақты оқырмандарға Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Күміс кебеже» атты кітаптары сыйға тартылды.
Сондай-ақ 2009 жылдың 29 мамырында облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп «Бала, болашақ» тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік барысында белсенділік танытып, ұйымдастырушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен жұмбақтарды шешуде тапқырлық танытқан балаларға «Әлем балалар әдебиеті сериясымен» шыққан «Алтын абдыра кітабы» сыйланды.
Акция аясында 2009 жылдың 1 маусымында Баласағұн мәдениет үйінде мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Күн нұры» тақырыбында сурет байқауының қорытындысын жарияланып, жеңімпаздар Департамент атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімімен бірлесіп 2009 жылдың 1 маусымында «Әр суретте - күн сәулесі» атты қалалық асфальтта сурет салу байқауы өткізілді. Байқауға Тараз қаласының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып оқушылары мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері қатысты. Іс-шараның демеушілері «Абди» компаниясы мен Балалардың құқықтарын қорғау департаменті байқау жеңімпаздарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды.
2009 жылдың 1 маусымында «Баласағұн» «Біз – Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты облыстық акцияның қорытындысы жасалып, көркемөнерпаздар гала-концерті өтті. Аталған мерекеде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры және Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің бастығы қатысып, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Т.Ешенқұлов Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтің жас жеткіншектерге арналған құттықтау сөзін жеткізді.
Жамбыл облысы әкімиятының білім басқармасының, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы және Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Балаларды қорғау күні Тараз қаласы Т.Рысқұлов атындағы орталық саябақта «Айгөлек – 2009» жас таланттар байқауы өткізілді.
Осы мерекелік шара барысында Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Б.Ақбаев балаларды және ата-аналар мен ұстаздарды мерекемен құттықтап, оларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебеавтың құттықтау хатын жеткізді.
Байқау жеңімпаздарына Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің, Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің тарапынан арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табыс етіліп, сыйлықтар үлестірілді.
Акция шеңберінде азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру, ақпаратты еркін алу, азаматтардың құқықтық хабардар болуын арттыру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты жандандыру, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарды кеңінен ақпараттандыру мақсатында аудандық газет беттерінде Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «сенім телефоны» туралы ақпараттар жарияланды.
Ағымдағы жылдың 21 мамыры мен 1 маусымы аралығында облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Қ.Сарымолдаев атындағы №1, «Ұлан» балалар үйлерінің және Меркі ауданындағы В.Савва атындағы мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында құқықтарының сақталуы мәселелері бойынша сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің 33 түлегі, «Ұлан» балалар үйінің 24 түлегі және В.Савва атындағы мектеп-интернатының 40 түлегі қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша балалардың болашақтағы өмір сүру сапасын жақсарту, олардың білімді азамат, білікті маман болып қалыптасуына жағдай жасау мақсатында оларға құқықтық тұрғыдан көмек көрсетілді.
«Мирэкл» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жеке өмірге бейімдеу мақсатында Қ.Сарымолдаев атындағы №1, «Ұлан» балалар үйлерін және В.Савва атындағы мектеп-интернатын бітірушілерімен кездесу ұйымдастырылып, оларға интернаттан кейінгі мерзімде өзін-өзі билеуі, кәсіп таңдауына көмек көрсету бағытында оқу-әдістемелік құрал әзірленді.
Балалардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында шаралар қабылдау мақсатында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің мүліктік құқықтарының қорғалуы зерттелді.
«Балалар үйлері бітірушілерін жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың шығармашылық талабын ынталандыру, олардың өз әрекетімен шығармашылығын түрлі жанрда дамыту, нағыз дарындарды анықтау, олардың шығармашылығын әрі қарай шыңдау, балалардың рухани-адамгершілігін молайтуға ықпал ету мақсатында «Жылы отау» байқауы өткізілді.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілері арасында көркем бейнелеу өнерінен өткен байқауға 28 тәрбиеленуші қатысып, 33 жұмыс ұсынылды. Байқауға түскен жұмыстар 2009 жылдың 20 мамырында әділқазылар алқасымен бағаланып, жеңімпаздар анықталды. Байқау жеңімпаздарына 2009 жылдың 29 мамырында Департаменттің дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етіліп, барлық байқауға қатысушылар Департаменттің алғыс хаттарымен марапатталды.
Кітаптар әлемінде
2009 жылғы 1 маусым күні Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті кітапхана қызметкерлерімен бірігіп Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» бүкіл қазақстандық акциясы аясында «Қазақстан жазушылары – балаларға» атты мерекесіне арналған «Балалық шақтан – болашаққа» тақырыбында мәдени-көпшілік шара ұйымдастырды.
Аталған шараның басты мақсаты - балаларды Орал өңірінің қаламгерлерімен, олардың шығармашылығымен таныстыру, оқушылардың кітап оқуға құмарлығын ояту, әдебиет әлеміне тарту. Кездесуге Қайыр Бектұрғанов, Бауыржан Ғұбайдуллин, Амангелді Шахин, Мира Шүйіншәлиева секілді Батыс Қазақстан облысына белгілі ақын-жазушылар шақырылды.
Бұл шараға «Жас даурен» балалар кешенінің, облыстық балалар үйінің, отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері, № 5 ЖОББМ-ң оқушылары, облыстың ақын-жазушылары, жеке кәсіпкерлер, ҮЕҰ-ы «Заман» өндірушілер қауымдастығының, «Пэтформ» ЖШС-ң өкілдері, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің және Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері қатысты.
Қатысушылардың назарына балаларға арналған қызғылықты кітаптар көрмесі мен Орал қаласы №5 ЖОББМ оқушыларының дайындаған саз бағдарламасы ұсынылды.
Шара барысында ақын-жазушылар балалар тақырыбындағы «Жиһангер Ақкербез», «Махаббат бағы», «Шүберек қуыршақ» сияқты өз туындыларының жазылу тарихын әңгімеледі және оқушыларды мерекелерімен құттықтап, кітаптарын сыйға тартты.
Сонымен қатар, БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен кітапхананың қызметкерлері балаларды жазғы демалыс кезінде ұйымдастырғалы отырған «Кітап күн нұрында» атты қызықты саяхатқа шақырды.


Туған жеріңді біле жүр
2009 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күніне БҚО тарихи-өлкетану мұражайында БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мұражайдың қызметкерлерімен бірлесе 50-ден астам қала оқушыларының туындыларынан тұратын «Туған өлке» тақырыбында көрме ұйымдастырды.
Шара мақсаты – балалардың туған жерінің тарихын біліп жүруіне, мерекелік көңіл-күйін көтеруге ықпал ету.
Қөрмеде С.Ғұмаров атындағы балалар сурет мектебі, №42 «Ақ ниет» мектеп гимназиясы, «Жас дәурен» балалар кешенінің «Мұрагер» өнер мектебі оқушыларының да жұмыстары орын алды. Көрме соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталдып, облыстық филармониясының әншілерінің қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалап, өткізілген викториналарда белсенділіктерін байқатты. Балалар бір-бірін мерекелерімен құттықтап, өздерінің де өнерлерін көрсетті.
Бала жүзі қуаныш пен бақытқа толы болып, ұйымдастырушыларға өздерінің алғыстарын білдіріп жатты.

Шығыс Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 2009 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналып өткізілген іс-шаралар туралы
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу үшін Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен 2009 жылғы 1 маусым қарсаңында облыстық және қалалық ведомстволармен бірлесіп, қоғамдық ұйымдар мен мүдделі органдарды тарта отырып іс-шаралар жоспары құрылды.
1 маусым дәстүрлі Халықаралық мерекелердің бірі. Биыл бұл мерекеге 60 жыл толды. Жыл сайынғы алаңдарда, қоғамдық орындар мен балаларға арналған мекемелерде өткізілетін іс-шаралармен қатар биыл мүмкіндіктері шектеулі, жетім және қоғамдағы әлеуметтік қолайсыз топтардың балаларын тарта отырып балалар үйлерінде, облыстық балалар ауруханасында, Ана мен бала орталығында, қалалық саябақтарда іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыс орталығында алғашқы құттықтауды Ана мен ала орталығының босану бөлімшесіндегі еліміздің екі жас азаматы алды.
Бұл күні екі шығысқазақстандық – С. Сейтқалиева мен Д. Байсеитова алғаш рет ана болып, мерекеге орай Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары тарту еткен арнайы сыйлықтар мен балалар тауарлары дүкенінің арнайы дисконтты картасын иеленді. 1 маусым күні бірінші блсанған С.Сейтқалиева баланы жуындыратын ваннаға ие болды. Осы сыйлықтар мен 200 дисконттық карталардың барлығын «ВИТА» кәсіпорындар тобы» ЖШС ұсынды.
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Рациофарм» фармакологиялық компаниясымен бірлесіп «Балаларға денсаулық сыйлайық!» қайырымдылық акциясын өткізді, аталған шара аясында компания анемия ауруына шалдыққан балаларға 1500 флакон құрамында темір бар препарат пен тәтті сыйлықтар берді.
Облыстық балалар ауруханасының гематология бөлімшесінде емделіп жатқан 375 балаға қайырымдылық көмек көрсетілді. Акция жалғасуда, тағы 300 бала емделу барысында осы препараттарды алатын болады.
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге Серебрянка қаласындағы психикалық дамуы кешеуілдеулі жетім балаларға арналған мектеп-интернат пен Ю. Гагарин атындағы жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері шақырылып, оларға арналып арнайы дайындалған бағдарламаның куәгері болды. «Үміт» балалар үйі мен Өскемен қаласының арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілері мен қонақтарын бұл күні «Эхо» және «Юбилейный» кинотеатрында қайырымдылық киноқойылымдар күтіп тұрды.



Салауатты өмір салтын насихаттау мен «қауіп тобындағы» балалардың арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасы 2009 жылдың 29 мамырында Шығыс Қазақстан облысының тілдер басқармасымен бірлесіп қамқорлық жасайтын облыстық жетім балаларға арналған мектеп-интернатқа барып, балаларға сыйлықтар тапсырды.
«Біз Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» ұранымен өтетін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында «Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашық есік күні» ұйымдастырылды. Балалар үйлерінің 180 астам тәрбиеленушілері мен педагогтары спорт кешенінде болып қайтты. Екі сағаттық бағдарламаға ойын залдарына, тренажер залына, теннис кортына бару енгізілген, балалар теннис, волейбол және шағын-футбол ойнап қайтты. Балаларға арналып «Балалық шақ, спорт, денсаулық» ұранымен «Көңілді старттар» ұйымдастырылды. Бассейнге бару да есте қаларлықтай болды. Әрбір бала өзімен бірге тек көптеген қызықты әсерлер емес, сонымен қатар естелік сыйлықтар да алып қайтты.
Жарыстардан кейін балалар «Донер» дәмханасынан қайырымдылық түскі ас ішті.



Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп Комсомол аралында стритбол бойынша жарыстар өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер басқарма атынан мадақтау сыйлықтарыне ие болды. Осыған ұқсас облыстың әрбір қаласы мен ауданында балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен спорттық шаралар өткізілді. «Алтай» стадионында балалар мен жасөспірімдер клубтары командалары арасында «Былғары доп» қалалық сайысының ақтық ойыны болды. Мерекені ұйымдастыру туралы департамент идеясын «АТФ банк» АҚ мен «АЗИЯ Авто» компаниясы қолдады. АТФ банк 27000 теңге көлемінде көмек көрсетіп, «АЗИЯ Авто» 1500 теңгеге балаларды тәтті сыйлықтар берді.
600 астам бала Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің ғимаратында өткен Шығыс Қазақстанның халықтар ассамблеясының балалар бірлестігінің «Достық алақаны» екінші облыстық фестивалінің көрермені болды. «Үміт» студияның артістері, Риддер қаласының «Диско-Авария», Балалар ауылының «Индиялық диско» би топтары, Серебрянск балалар үйінің би топтары мен акробаттары Халықаралық балалардың қорғау күніне арналған 200 балалар үйлерінің және 400 мектеп жанындағы лагерлердің балаларына арналған мерекелік концерт дайындады. Мерекеде іс-шараның ынтагері «Үміт» балалар үйіне жылжымалы кубок табыс етілді. Департамент басшысы өзінің достары, спонсорлары мен әріптестеріне құрмет грамоталарын табыс етті.
Қаладан тыс туратын балаларға «Пицца-блюз» кафесінде қайырымдылық кешкі тамақ ұйымдастырылды.



Мейрам күні облыстық «Металлург» паркі өзінің есіктерін паш етіп ашты, ойын-сауық бағдарлама, картингтер, ролик конькилерді жалға беру ұйымдастырылды, силомерде өздерінің күштерін балалар мен ересектер сынады, «Водный шар», «Галеон», «Горки» аттракциондар, батуттар, тир, карусельдер жұмыс істеді.
39 орта мектеп жанындағы «Өскемен қаласы әкімдігінің балалар шығармашылық үйі» КМҚК «Сувенир» сәндік-қолданбалы өнер ұжымы өздерінің кәдесыйлықтар мен қолөнер жұмыстарын сатып, түскен қаражатты үйірменің қажеттіліктеріне жұмсады.
«Радуга талантов» балалар шығармашылығы облыстық конкурстің концерті де дәстүрлі шараға айналды, оған 8000-ға жуық бала мен ата-аналары қатысты, мерекемен оларды Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары құттықтады. Жас орындаушылар, олардың ең жасы 3 жаста, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен жүрек жылуын тарту етті. Өлеңдері махаббат пен бақытқа толы болды. Осындай іс-шараның ұйымдастырушылары ШҚО Хореографтар ассоциацияның президенті О.Н.Богатырева, қалалық мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Р.А. Алханова, «Пируэт» би ансамбілінің шығармашылық жетекшісі О.Г.Сорокина гала-концерттің қатысушыларын марапаттады.
2009 жылдың 28 мамырында «Песни души» эстрадалық өлеңдер композиторлары облыстық сайысының 1 туры болып өтті. 2009 жылдың 1 маусымында Қазақстандағы отбасы күніне арналған гала-концертінде жетінші шығармашылық сайыстың жүлдегерлері қатысты. «Біз балалық шақтанбыз» номинацияның 10 жеңімпазы бағалы сыйлықтарға, ал «Песни души» эстрадалық өлең композиторларының облыстық конкурс жеңімпазы, Глубокий ауданының оқушысы Юрочкина Юлия «Балдаурен» саяжайына іссапар қағазымен марапатталды. Оны Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары табыс етті.
Облыстық драмалық театрында 2009 жылдың 1 маусымында мерекелік іс–шара мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін ұйымдастырылды. «Как Настенька чуть кикиморой не стала» ертегіні 240 балалар мен осынша ата-аналар тамашалап, тәтті сыйлықтар мен ойыншықтарға ие болды. 805 мектеп оқушылары «В поисках волшебной лиры» теартлінген ойын бағдарламасына қатысты. Күн бойында барлық балаларға этнографиялық мұражай мен этнографиялық ауылдың есіктері ашық болды, онда мұражай қызметкерлері қызықты танымдық экскурсиялар ұйымдастырды. «Менің бақытты балалық шағым» асфальтқа салынатын сүреттер сайысы есте қаларлықтай өтті. Сайыс жеңімпаздарына «АТФ банк» АҚ өкілдері «ВИТА-МИР» дүкенінде 1500-нан 3000-ға дейінгі сомаға қаржы сертификаттарын табыс етті. Сондай-ақ барлық балаларға «Эмиль» ЖШС балмұздақ пен сусындарды сыйлады. Өскемен қаласының тірек-қозғалыс аппараттарының ауытқуы бар балаларына арналған «Акимовец» жазғы демалыс лагеріне 10 іс-сапар қағазын Өскемен қаласының еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды қадағалау басқармасы сыйлады.
«Сәулетай» балалар ойын алаңында «Балалық шақ ғаламшары» концерттік-ойын бағдарламасына 475 оқушылар, 38 ересектер мен 30 отбасы қатысты. Іс-шараға ең кішкентай мектепке дейінгі балалар қатысып, көрермендердің құрметіне бөленді.
Балалар мен ересектер үшін ең есте қаларлықтай боялған «Трамвай желаний» № 2 болды, ол 1 маусым күні «Өскемен вокзалы» аялдамасынан шығып берілген бағдар бойынша жүріп өтті. Трамвайда «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты мен «ВИТА» дүкенінің өкілдері танымдық- ойын-сауық бағдарламасын түрлі-түсті киімдерін киген клоун, пантера, тиін және басқа ертегі кейіпкерлердің қатысуымен өткізді.


Олар балалармен ойын, өлең мен тақпақтар сайысын өткізіп, түрлі сыйлықтар сыйлады. Балаларға осындай ойын-сауықтар ұнағаны соншама, олар кажетті аялдамада түспей бағдардың аяғына дейін жүріп өтті.
Алматы қаласында 2009 жылдың 27 мамырында Қазақконцертте Балаларды қорғау күніне арналған «Таңсәрі» балалар мюзик-шоу театры әртістерінің концерті болып өтті.
Алмалы ауданы әкімдігі және Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қолдауымен бұл концертке барлық әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленушілері шақырылды.
«Таңсәрі» мюзик-шоу театры – жас таланттардың мектеп-студиясы. Бағдарламада достық, бейбітшілік, балалық шақ туралы лирикалық, эстарадалық әндер шырқалды. Би этюдтарының қойылымында бишілер өз өнерінің шыңдалған деңгейін көрсете білді. Концертті тамашалауға келген келген жас көрермендер, өздеріне теңдес әртіс балалардың өнеріне тәнті болды.
2009 жылдың 1 маусымы күні Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Бүкілқазақстандық мереке «Біз - сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Жаңа әлемде өмір сүреміз!» ұранымен басталды.
Мерекенің негізгі мақсаты - балаларды қорғау проблемаларына қоғамның тұрақты назары мен ықыласын аудару, сондай-ақ, балалар мен жеткіншектер мүддесі мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруда мемлекеттік құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнестік орта, БАҚ және басқа әлеуметтік топ күштерін біріктіру.
Республика Сарайы алдындағы алаңда, 1 маусым күні сағат 10.00-де сырнайлар (фанфары) әуенімен «Мейірім – жұлдыздар шамшырағы» Балалар шығармашылығы қалалық фестивалінің ашылу сәті жария етілді.
Қонақтар мен фестивальға қатысушыларды Алматы қаласының әкімі А.Есімов, Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры С. Қуатжанова, Марат Оспанов атындағы Қоғамдық қорының президенті Б.Оспановалар құттықтады.
Фестиваль, іріктеу турдың жеңімпаздары - балалар үйлері, арнайы интернаттық мекемелері, SOS балалар қалашығы, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін « САТР», «АРДИ», «Үміт», «Кеңес», «Балаларды қолдау орталығы», «АS Интеграция» Қоғамдық қорлары тәрбиеленушілері мен Оқушылар сарайы, 7 аудан бойынша оқушылар үйі, жалпы білім беру мектептері, «Бөбек» өзін өзі тану гимназиясы оқушыларын салтанатты марапаттау рәсімімен басталды.
Жеңімпаздар, төселген қызыл жол бойымен жүріп өтіп, демеушілер мен ұйымдастырушылар қолынан естелік сыйлықтар, өздеріне лайықты дипломдар мен медальдар алды.
Жеңімпаздар есімін құрамына Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер және мәдениет қайраткерлері енген құзырлы әділ қазылар алқасы анықтады.



Сондай-ақ, алғаш рет осы қызыл жол бойымен алыс және таяу шет елдерде өткен балалар шығармашылығының халықаралық, республикалық алуан түрлі конкурстарына қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алған қаланың талантты балалары да жүріп өтті.
«Мейірім – жұлдыздар шамшырағы» Фестивалі Бірінші Президент қорының, қалалық әкімдік және Алматы қаласы әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдау көрсетуімен, Марат Оспанов атындағы Қоғамдық қорының бастамасы және Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің бірлесуімен өткізіледі.
Фестиваль, Халықаралық балаларды қорғау күні аясында өткізіліп отыр және балалар үйлерінің, мектеп-интернаттардың, оқушылар үйлерінің рухани-адамгершілік тәрбие беру жұмыстары нәтижесінің кең көлемдегі байқауы болып табылады.
Конкурстың мақсаты: балалар үйлері мен мектеп-интернатта тәрбиеленуші дарынды балалардың алдағы уақытта шығармашылық жағынан дамуына жағдай жасау, сондай-ақ, жаңа талантты балаларды белсенді түрде анықтап, оларға қолдау көрсетуге жұртшылық назарын аудару.
Фестиваль, «Мейірім» Балалар шығармашылығы фестивалі іріктеу конкурсының лауреаттары мен жеңімпаздарының гала-концертімен аяқталды.
Мереке аясында ұлттық ойын түрлерінен спорттық жарыстар, отбасылық эстафеталар, қала бала бақшаларынан келген балалар мен спорт мектептерінің тәрбиеленушілеріне арналған спартакиадалар өткізілді.
Бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған көркем және мультипликациялық фильмдерді 2 мыңнан астам қала балалары тегін көрді.
Н.Сац атындағы Жас көрермендер театрында қойылған «Алтын шәй» қайырымдылық спектаклін әлеуметтік мекемеден келген 350 бала тамашаласа, қаладағы балалар үйлерінің 250-ден аса тәрбиеленушілері цирк қойылымына барды.
Республика Сарайының алдында балалар суретінің байқауы т.б. шаралар өткізілді.
Дәл осы күні - 1 маусымда Чехов атындағы Орталық кітапханалар жүйесінің №4 кітапханасы базасында «Жарқын жаз - 2009». Кітаппен қарсы аламыз!» ұранымен Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұсынысымен «Қазақстан жазушылары - балаларға» мерекесі өткізілді.
Бұл мерекеге Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің балаларды қорғау, мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ахметжанова Ж., «Алматыкітап» баспасының вице-президенті Шакиева Б., Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын Оразақын Асқар қатысып, құттықтау сөздер сөйледі.
Шараны өткізу барысында кітап жәрмеңкесі, қаладағы ірі баспалар шығарған жаңа кітаптардың «Қазақстан жазушылары – балаларға» атты көрмесі және авторлардың балалармен кездесуі ұйымдастырылды.
Көрмеге келушілер ақын-жазушылардың автографы қойылған кітаптарды сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Сондай-ақ, мерекенің кішкентай қатысушыларына арналған, асфальтқа сурет салудан «Менің сүйікті кейіпкерім» атты байқау ұйымдастырылып, олар өздері жақсы көретін ертегі кейіпкерлерін бейнеледі. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушы балаларға сыйлықтар тапсырылды.
«Кітап сыйла» мини-акциясын өткізу кезінде, жас оқырмандарға кітапхана тарапынан кітаптар сыйға тартылды, ал ақын Бүбішхан Тікебаева болса, бүлдіршіндерге өлең арнап, баспадан шыққан авторлық шығармаларын тарту етті.
Мереке түрлі ойындармен ( мемлекеттік рәміздер тақырыбы бойынша викториналар, тақырыптық-блиц-турнирлер, жылдам музыка әуенімен ырғақты би билеу арқылы бой жазу, әзіл викториналар, лотерея және т.б.), қаладағы жалпы білім беру ұйымдары көркемөнерпаздарының концертімен жалғасты.
Қазақ мемлекеттік циркі әртістерінің жарты сағатқа созылған қойылымы балалар үшін күтпеген сыйлық болды, бұл көрініске балалар да атсалысты.
200-ден аса балалар қатысқан «Қазақстан жазушылары – балаларға» мерекесі - мемлекеттік тілді насихаттау, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу, балалар бойында кітап оқуға, бүлдіршіндерге арнап шығрамалар жазып жүрген қазақстандық ақын-жазушылардың туындыларына деген қызығушылық сезімін ояту сияқты көптеген маңызды міндеттердің шешімін тапқан шаралардың бірі болды деуге болады.
Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қатысуымен «Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы 12 күн» Ұлттық Ақпараттық Кампаниясы аясында келесі шаралар өткізілді:
1 маусым күні, Бостандық ауданына қарасты «Алмагүл» ықшам ауданында «Жазғы демалыс кезінде жастар мен жеткіншек балаларды аула клубтарының қызметімен қамту әлеуметтік бағдарламасы» аясында «Асем ай, Сарыағаш» брендімен «Dream TehnologyKZ» компанияларының қолдау көрсетуімен ««Родник» әйелдер мен балаларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеу мен оңалтуға арналған Орталығы» және Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті бірлесіп, «Старт в лето» ұранымен : «Мир детей», «Юниор», «Новое поколение», «Дружба» және «Аквадор» 5 аула клубтарын ашу рәсімін өткізді.
Шара, «Мир детей» аула клубының тұсаукесерімен басталды.
Мерекеге қонақ ретінде Бостандық ауданы әкімінің орынбасары – Ағыбаев С., «Dream TehnologyKZ» ЖШС-ң атқарушы директоры – Сейсебаев Е. мырзалар қатысты.
Барлық аула клубтарының ашылуы аясында балалар ойын-сауық және концерттік бағдарламалар ұйымдастырды.
Шара соңында «Dream TehnologyKZ» ЖШС өкілдері «Су мәдениеті» әлеуметтік жобасы аясында аула клубтары балаларымен бірлесе, жазғы маусым бойына түрлі ойындар мен жалпы білім беру бағдарламаларын өткізуді жоспарлап отырғандары жөнінде хабардар етті.



1 маусым күні Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары В.Ермолович «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирден берілген «Дела житейские» бағдарламасына қатысты. Сондай-ақ, бұл хабарға үкіметтік емес сектор өкілдері: Қазақстанда адам құқықтары мен заңдылықтарды сақтау Халықаралық бюросының «Балаларды қорғау жөніндегі» ҮЕҰ жұмыс тобының жетекшісі Р.Ақылбекова, Қазақстан балалар қорының директоры - Э.Ватлина, «Детство без границ» ҚБ президенті – Р.Балықовалар қатысты.
Хабар барысында Қазақстанда бала құқықтарын сақтау және балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу мәселелері талқыланды.
Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, адамның рухани-адамгершілік дамуы бөлімінің бастығы Е.Маркелова «Таң» телеарнасының «Центр» бағдарламасы көтерген «Балалар, оларды қалай және кімнен қорғау керек?» тақырыбы бойынша тікелей эфирден интервью беріп, онда келесі мәселелер талқыланды:
- балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың хал-ахуалы;
- сәбилер және балалар үйлерінің, жетім балаларды асырап алу мен қамқоршылықты рәсімдеудің баламалары;
- орын алған балалар құқығының бұзылу фактілері бойынша Департамент қолданған шаралар;
- «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік даму бағдарламасының жүзеге асырылуы;
- отбасында баланың лайықты өмір сүру құқығын бұзушы ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар;
- балалар еңбегі және т.б. туралы.
Интервью кезінде Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қоры және Марат Оспанов атындағы Қоғамдық қорының қолдауымен Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Республика Сарайы алдындағы алаңда өткен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мереке туралы журналистер түсірген сюжет көрсетілді.
«Қазақстан жазушылары - балаларға» мерекесінің салтанатты ашылуы
Бүгін кітап оқу проблемасы еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ұлттық мәдениетін дамыту және сақтау сияқты маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады. Жас оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын тудыру мақсатында, балалардың танымдық қызығушылығын қолдау мен қазақстандағы балалар жазушылары мен ақындардың шығармашылығын тарату мақсатында, 1 маусым күні Қарағанды облысының Абай атындағы балалар кітапханасында «Қазақстан жазушылары - балаларға» мерекесінің салтанатты ашылуы өтті.
Акция Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу және «Қазақстан жазушылары - балаларға» бүкіл қазақстандық мереке тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді. Бұл мерекеге Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, білім басқармасы мен білім бөлімінің өкілдері және мектеп оқушылары ата-аналарымен қатысты.
Акция бағдарламасында мыналар өткізілді:
- Әр-түрлі тематика бойынша кітаптар көрмесі;
- «Кітап - біздің досымыз» театрланған көрініс;
- Жеңімпаздарды марапаттау салтанатын ұйымдастырумен сүйікті шығармалар және суреттер конкурсы.
«Бала - өмірдің бастауы»
Деген сөз бар астарлы.
Біздің елде Балалар
Бақыт құшқан,
Шат бәрі!
1 маусым – жаздың бірінші күнінде дәстүр бойынша барлық әлемде керемет мереке - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекеленеді. Біздің планетамыздағы барлық игі істер – балалық шақтан басталмақ.
Осы жылдың балалық шақ мерекесі Қарағанды қаласының 75 жылдығымен және Балалар құқығы туралы Конвенцияның 20 жылдығымен басталды.
Сағат 11.00-де Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының алаңында басталған, «Қарағанды – менің балалық шағымның қаласы» мерекелік бағдарламасы осы күні өтетін барлық іс-шараларға бастау берді, осы іс-шараларды ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды қаласының мәдениет және білім басқармалары, Қарағанды қаласының әкімдігі.
Театр ғимараты үлкен кемеге ұқсас болды, осы кемемен барлық қатысушылар – балалар мен ересектер «Балалық шақ» ертегі әлеміне саяхатқа аттанды. «Кеме» капитаны облыс әкімінің орынбасары Р.Қ.Әбдікеров балаларды жылы лебізімен құттықтады.
Шолпан», «Аяла», «Искорка», «Куаныш», «Виктория», «Вдохновение» шығармашылық ұжымдар мен үлгілі ансамблдер және гимнастика спорт мектебінің тәрбиеленушілері шоу бағдарламада өз өнерлерін паш етті. Мерекелік бағдарламаға облыстық маслихаттың хатшысы Жұмабеков Б.К., Қарағандының құрметті азаматтары, педагогика еңбек ардагерлері, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, балалар үйі мен мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері, облыстағы балалар-жеткіншектер ұйымының өкілдері, қала мектебі мен кәсіптік мектептің оқушылары шақырылды.
Сәкен Сейфуллин театр ғимаратында балалар үйі мен арнайы түзету интернатының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Қарағанды достарын қарсы алуда» фестивалі өтті. Мерекеге қатысқан бірде-бір бала сыйлықсыз қалған жоқ.
Мәдениет және демалыс орталық бағында балаларды танымдық - ойын-сауық бағдарламалары мен концерттік қойылымдар, аттракциондар, зообақ пен балаларға арналған темір жолдар қарсы алды.
«... Басқа адамға деген сүйіспеншілік, барлығына деген сүйіспеншілік, бізге мұқтаж болғандар, біздің өмірімізді сәулелендіреді» (Г. Гамер).
Балаларға деген өз сүйіспеншіліктерін білдірген шағын және орта бизнесінің өкілдері: ОӘД, «Сity Mall» сауда-сауықтандыру орталығы, «Айза» ЖШС, «Ren-Milk» СҮ ҚҰ, «Восход» ЖШС, «Айсберг» ЖШС, «Белый ветер» ЖШС компаниясы және тағы басқалар іс-шараларға демеушілік қолдау көрсетті.
Балалардың алғысы олардың әсем күлкілері мен көңілді көңіл-күйлері болды.




Бүгін барлық планета балаларының мерекесі, балалық шақ мерекесі, күн мен жаздың мерекесі
Жаздың бірінші күні, Халықаралық балаларды қорғау күні, Саран қаласында ертегі әлеміне саяхат, корнавалды салтанатты шеру, аспанға түрлі-түсті батпырақтарды ұшыру, спортты эстафеталар мен ойындар мерекесімен өткізілді.
Қалада әр бала үшін мейірімді орта құру және балалардың құқықтарын қорғауды арттыру бойынша шаралар қолдануда. 2008 жылы балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау мәселесі бойынша қызмет ету және саясатты дамыту мақсатында Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Саран қаласының әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды. Балалардың болашағына үлес қосамын деген әр-бір тұрғын 2009 жылы сәуір айында болған «Саран, балаға мейірімді қала жолында» бірінші форумының жұмысына қатысты.
Осы күні қала ертегі әлеміне айналғандай: жас тұрғындар корнавалды киімдер киіп, ғимараттар мен үйлер әр-түрлі ұрандармен және тулармен безендірілді, аспанға гелді шарлар мен батпырақтар ұшырылды.
Мереке Балалар мен жеткіншектердің спорт мектебі алаңынан салтанатты шеруімен басталды. Жаз – ол шаттықтың, мейірімділіктің, жарқын көңіл-күйдің шеруі. Жаз – ол жаңа істің бастауы. Жаз – ол ән, би және ойындар шеруі.
Осыдан кейін, Мәдениет үйі алдындағы алаңда балалар мен қала тұрғындары және қала қонақтары үшін шығармашылық ұжымдар қатысқан жарқын шоу өтті.
Саран қаласының жас тұрғындарын Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Киселева Ирина Болечславовна, облыс әкімдігі жадындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат комиссиясының хатшысы Нұрахметова Гауһар Сердалиевна, «Жас отан» жас қанатының төрағасы Құттыбай Мирас құттықтады. Саран қаласының әкімі Жиенбеков Ерік Қуантаевич балаларға жазғы демалыстарын жақсы өткізулерін тілеп, Балалар маслихаты көшбасшыларына салтанатты түрде кілт тапсырды.
Мереке соңында қаланың барлық баларына қала әкімінің атынан балмұздақ таратылды. Ал, мереке Саран қаласының саябағында, кинотеатрында және кітапханаларда өз жалғасын тапты.
Бүгін барлық планета балаларының мерекесі, балалық шақ мерекесі, күн мен жаздың мерекесі.




Балаларды қорғау мерекесі тойлануда
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында “Біз – сенің балаларымыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!” бүкілқазақстандық концепциясы бойынша қайырымдылық шаралары аясында 1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Қызылорда қалалық білім бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі әр түрлі санаттағы балаларға арнап біршама мерекелік шаралары болып өтті.
Қызылорда қалалық саябағында балаларға арналған мерекелік іс-шаралар, облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернаты тәрбиеленушілері, қалалық сәбилер үйінің бүлдіршіндеріне арналған қайырымдылық шарасы аталып өтілсе, Қызылорда қаласы мектептерінің 4-9 сынып оқушылары арасында сурет салу байқауы және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әдеби-шығармашылық кештер ұйымдастырылды.
Іс-шаралар нәтижелері бойынша ең белсенді, ең шығармашыл, дарынды балалар жүлделі орындарға ие болып, департамент тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Аталған мерекелі шараларға «Билайн» ұялы телефон байланыс компаниясы, «Санжар ТВ», «Лин компаниясы» ЖШС-лары демеушілік көрсетті. Жалпы барлық мерекелік іс-шаралар барысында 1500 балаға қайырымдылық көмек көрсетіліп, бағалы сыйлықтар үлестірілді.



Балаларға күлкі сыйлайық!
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында “Біз – сенің балаларымыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!” бүкілқазақстандық концепциясы бойынша «Жақсылыққа жаны құмар жандар мейірімі - балаларға» атты қайырымдылық акциясы аясында Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 2009 жылғы 30 мамырда «Балаларға күлкі сыйлайық» атты қалалық балалар маслихаты депутаттарының №1 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты мен кәмелетке толмағандарды уақытша оқшалау, бейімдеу және оңалту орталығының тәрбиеленушілерімен кездесуі болып өтті.
Кездесуге №1 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты мен кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығының тәрбиеленушілері, сондай-ақ қалалық балалар маслихатының депутаттары қатысты.
Шара барысында жас балғын депутаттар аталмыш мекеменің тәрбиеленушілеріне қалалық балалар маслихаты қызметінің басты мақсаттары жөнінде, сондай-ақ олардың аға депутаттармен қатар отырып, облыс көлемінде балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді жеткізіп, олардың оңтайлы шешілуіне қол жеткізгендіктері туралы мақтаныш тұтып мәлімдеді. Сонымен қатар, жас балғын депутаттар тәрбиеленушілерге танымды-интеллектуалды ойындар ұйымдастырды. Балалар сұрақтарға белсене жауап беріп, аталған ойындар соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары А.Абанин балаларды мерекелерімен құттықтап, 125 балаға сыйлықтар табыстады. Бұл шараға демеушілік көрсеткендер «Көркем ТВ» ЖШС және «Лин» ЖШС компаниясы.



БАЛА БАҚЫТЫ
Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында “Біз Қазақстанның балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!” атты бүкілқазақстандық концепциясы бойынша “Жылы жүрек күні” акциясы аясында 2009 жылдың 29 мамыр күні “Петро Қазақстан Құмкөл Рисорсиз” спорт кешенінде «Чернобыль және Арал балалары», «Ақбота Лигасы» және «Көкжиек» үкіметтік емес ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен “Папа, мама және мен, спорттық отбасы” атты эстафетасы болып өтті.
“Папа, мама және мен, спорттық отбасы” атты эстафетасын ашқан Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары А.Абанин ырыс пен қуанышқа толы балғын балаларды мерекелерімен құттықтап, жарысқа қатысушы балалар мен ата-аналарға сәттілік тіледі.
Сайысқа қатысқан мүмкіндігі шектеулі балалары бар 5 белсенді жанұя «Тұлпар», «Қайсар», «Ұлан», «Қыран», « Ұшқын» тобына бөлініп, сайыстың 4 шарты бойынша (уақытпен есептеп обручпен жүгіру, допты шелекке лақтырып толтыру, қаппен секіру, шарларды аналарымен жеткізу) өз бақтарын сынады.
Қатысушылар сайыста өздерінің белсенділіктері мен жүйріктіліктерін танытты.
Жеңіл атлетика жеңімпазы Руслан Омаров, “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз” спорт кешені әдіскері Болат Әнесұлы, “Кар-тел”ЖШС Қызылорда филиалының РR-менеджері Қ.Сағынаев бастаған әділқазылар алқасының шешімімен I-орынды Бижановтар отбасынан құралған “Қыран” тобы қанжығасына байласа, II- орын мен III- орынды “Тұлпар” тобы мен “Қайсар” тобы, яғни Жұмахметовтар мен Тойшыбековтар отбасы иеленді. Жеңімпаздарға департамент қызметкерлері бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарымен марапаттаса, “Билайн” орталығы барлық қатысушыларға кәдесый сыйлады.
Мереке мүмкіндігі шектеулі, оралман және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына арналған қайырымдылық іс-шарасымен жалғасты. “Туған өлке тарихы” тақырыбында облыстық өлкетану мұражайына саяхат жасалды. Балалар Қызылорда облысының археологиялық картасынан бастап, Сыр өлкесінің әлеуметтік –экономикалық дамуымен, елімізде сирек кездесетін кітаптар, қолжазбаларымен танысты. Балалар өздерін көптен бері толғандырып жүрген туған өлке жайындағы сауалдарына саяхат барысында толық мәлімет алды.
Осы күні сағат 13:00-де “Майя, моя Майя” пиццериясы балаларға арнап, қайырымдылық түскі ас берді.
Түскі ас барысында балаларға арналған концерттік бағдарламалар қойылып, мың бұралған бишілер өз өнерлерімен жас бүлдіршіндерді тәнті етті. Барлық қатысушы балаларға бағалы сыйлықтар таратылды.
Одан әрі Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатрында 200-ге жуық балаларға “Жұлдыз жолдары” атты балаларға арналған кино көрсетілімі болып өтті. Көрсетілім соңында ЖШС “ЛиН” ұжымының демеушілігімен балаларға тіл үйірер тәтті балмұздақтар үлестірілді.
Алдағы уақытта департамент тарапынан осындай іс-шаралар өз жалғасын таппақ.


БАЛА ҚИЯЛЫ -2009
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында “Біз – Қазақстанның балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!” бүкілқазақстандық акциясының шеңберінде «Қазақстан жазушылары – балаларға» мерекесіне орай Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 2009 жылдың 28 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында “Мен – безендірушімін” «Бала қиялы -2009» атты суреттер байқауы болып өтті.
Балалар мен жастардың танымдық қызығушылығын қолдау және белсендігін арттыру, танымал қазақстандық балалар жазушылары мен ақындардың шығармаларын жария ету, балалар әдебиетінің өндірісін ынталандыру мақсатындағы байқауға қала мектептерінің 2-7 сынып аралығындағы оқушылары және Қазақстандық авторлардың кітаптарына ең жақсы безендірулерді жіберген оқушылары қатысты.
Аталмыш байқауда өз өнерлерімен жұртшылықты тәнті еткен жеңімпаздар департаменттің арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.
Мереке балалар және жасөспірімдер әдебиетіне безендірулерді көрермендерге таныстыратын “Сиқырлы беттер” экспозициясы акция шеңберінде тақырыптық көрмесімен жалғасты.
Бұл көрмеде 2009 жыл бойына шығарылған балалар әдебиетінің ең таңдамалы баспалары, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдерге арнап жазатын авторлардың арасында байқаулардың лауреаттары атанғандардың кітаптары тамашаланды.
“Қазақстан жазушылары–балаларға” мерекесі республиканың барлық балалар кітапханаларында ұйымдастырылып отыр.



Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында “Біз Қазақстанның балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!” бүкілқазақстандық концепциясы шеңберіндегі «Қазақстан жазушылары – балаларға» мерекесі
Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 2009 жылдың 27 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында баланың мәдени дамуына құқығы, сонымен қатар бала оқуына өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиесі саласында алдыңғы қатарлы міндеттері ретінде қоғамның, мемлекеттік құрылымдардың көңілін аудару, балалар мен жастардың танымдық қызығушылығын қолдау және белсенділігін арттыру, танымал қазақстандық балалар жазушылары мен ақындардың шығармашылығын жария ету, балалар әдебиетінің өндірісін ынталандыру мақсатында «Қазақстан жазушылары – балаларға» акциясының аясында жас ақындар арасында “Оқу көшбасшысы” байқауы болып өтті.
Байқауға қала мектептерінің 3-10 сынып оқушылары арасынан 25 жас ақын қатыстырылды. Байқау шарты бойынша оқу көшбасшылары жас ерекшеліктеріне қарай 2 топқа бөлінген: І топ – 5-7 сынып оқушылары, ІІ топ - 8-10 сынып оқушылары.
Қатысушылардың төмендегідей тақырыптағы жеке шығармалары жария етілді: «Менің Отаным – менің Қазақстаным», «Менің отбасым», «Достық», «Мектеп және мұғалім», «Ұлы Абай» және т.б.
Қатысушылардың шығармашылығын әділ қазылар алқасы бағалады: Н.Мұхамеджан – ақын, «Сыр мектебі» облыстық газетінің корреспонденті, «Жігер» республикалық фестивалінің және облыстық ақындар айтысының жеңімпазы; Т.Дүйсенова – М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы; К.Досмағамбетова – Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының әдіскері.
Ең дарындыларды анықтауда тақырыптың ашылуы, оқу мәнері, әртістік қабілеттері бағаланды.
Соңында конкурс жүлдегерлері анықталып, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің дипломдары мен демеушілердің сыйлықтары таратылды, ал қалғандалғыс хаттар таратылды.
Мереке оқу залында жалғасын тапты, онда «В летний отдых с коралловыми книгами» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қазақстандық жәнеПраздник продолжился в читательном зале данной библиотеке, где была организована выставка книг. На выставке были представлены произведения казахстанских и советских детских писателей.



Әрқашан күн сөнбесін!
«Біз – сенің балаларың, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз» Бүкіл қазақстандық мереке тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында адамның адамгершілік-рухани даму бөлімі Рудный қаласының жалпы білім беру мектебінің бастауыш және ортаңғы буын оқушылары арысында «Әрқашан күн сөнбесін!» сурет сайысын өткізді. Сайысқа 40-қа жуық жұмыс ұсынылды. Барлық қатысушылар өз деңгейлеріне қарай белсенділік, шығармашылық және көркем шеберлік көрсетті.
Балалардың жұмыстарын әділқазылар алқасы бағалады, оның құрамына А.И. Никифоров атындағы арнайы көркемдік мектебінің және Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері енді.
Сонымен қатар іс-шара жоспарына сәйкес Халықаралық балаларды қорғау күні шеңберінде 1 – 15 маусым аралығында адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізетін жалпы білім беру мектептері мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ұжымдары арасында «Менің бақытты балалық шағым» фотоальбом сайысы жарияланды. Сайысқа қатысуға барлық 9 эксперименталды алаңдардан тапсырыс түсті. Сайыстың қорытындысы ағымдағы жылдың 19 – 20 маусым аралығында шығарылады.
Бүкіл қазақстандық мереке шеңберінде өткізілетін іс-шаралар адамгершілік-рухани білім беру саласында басым міндетінің бірі ретіндегі мәдени дамуға баланың құқығы бар екендігіне қоғамның назарын аударуға ықпал етеді, өнерге деген қызығушылықты қолдайды, Қазақстан халқының адамгершілік, мәдени дәстүрлерін сақтауды және көбейтуді насихаттайды.



Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Халықаралық балаларды қорғау күні мейрамына қарсы “Живи и помоги жить другим” атты акциясының аясында Арнайы түзету мектеп-интернаты мен “Кәмелетке толмаған балаларға арналған пана” Мемлекеттік мекемелерінде өткізілген мерекелік іс-шаралар туралы
2009 жылы 1 маусым күні Арнайы түзету мектеп интернатында және “Кәмелетке толмаған балаларға арналған пана” Мемлекеттік мекемесінде Халықаралық балаларды қорғау күні мейрамына қарсы мерекелік іс-шара аталынып өтті.
Аталған іс-шара 2009 жылға жоспарланған “Живи и помоги жить другим” акциясының аясында өткізілді. Бұл акцияның іс-шаралық бастамасы 2009 жылы 23 мамыр күні өткен Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен, “Берілу” қоғамдық ұйымының (Басқарма төрағасы И.И.Васильева) қолдауымен, Виктория-А ЖШС-нің өкілдері Л.А., Баймуратова, координаттық мейрамның салтанаттық жобасының Агентігі “Махаббат Астана” ЖШС-нің өкілі Г.Н. Макибаева “Квартал” дәмханасында балаларға арналып “Қуаныш” атты мейрамы ұйымдастырылды.
Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты балаларды әлеуметтік жағдайына қарамастан, балаларға деген қамқорлықты қоғам санасына қалыптастыру, балалардың құқықтарын сақтау және заңды мүдделерін қолдау.
Мейрамды мерекелеуге 90 бала (Панадан-71 тәрбиеленушілер, Арнайы түзету мектеп -интернатынан -20 балалар), және мекеме қызметкерлері қатысты.
Арнайы түзету мектебі-интернаты және Пананың қалыптасқан дәстүрі бойынша мерекенің тұрақты демеушілері “Қазақстан ТемірЖолы ”АҚ Ұлттық компаниясы, “Арлан”тәтті тағамдар дайындайтын цехы (директоры Акопян Артем Альбертович) және “Три Толстяка” аспаздық цехы қатысты.
Мерекеге арнайы Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Т.У.Қарымсақов, Астана қаласының Білім басқармасының бастығы А.Т.Бимендина, маслихат депутаты Т.М.Уразаков “Сарыарқа”ОҚҚ өкілдері, “Нұр-Отан”жастар қанаты қызметкерлері шақырылды.
Келісілген бағдарламаның барысы бойынша Пананың директоры Бутенко Николай Викторович және Арнайы түзету мектеп-интернатының директоры Қаткенов Кусайн Амангельдиевич мерекені құттықтау сөзбен салтанатты түрде ашты Мейраммен құттықтау тілектерін мерекенің қонақтары мен балаларға ұсынлды қонақтар өз тілектерінде балаларға денсаулық,ашық аспан,сәттілік тіледі.
Пананың ғимарат алаңы алдында театрланған сахнаналық көрніске арналған саханалық төр мен перделер және көрермендерге арналған орындар әзірленді, балалар мен көрермендер мерекеге жайылған дастархан басында отырды. Мерекені безендіруге Пананың тәрбеленушілері қатысты, тәтті тағамдармен дастарханды Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ұйымдастырды.
Арнайы түзету мектебі-интернаты мерекесі мекеменің спорт залында өткізілді. Мерекені африкалық әдіспен безендіріліп, шарлар және пальмалар ілінді. Жүргүзушілер ертегі әлемінің кракадил Гена және Чебурашка кейіпкерлерінде киінген.Концерттік бағдарламаның аты “Чунга-Чанга”деп аталды.
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті балаларға тәтті тағам сыйлықтарын сыйлады.
Мерекенің соңында балаларға арнап би алаңы ұйымдастырылып, қала сая бағына жолдама берілді.




Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің ұйымдастырылған 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арнайы мерекелік іс-шара туралы
1 маусым - өте тамаша халықаралық мерекелердің бірі Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары үшін аталған мереке аса маңызды. Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жұмыс жоспарына сәйкес Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Живи и помоги жить другим» атты акциясының аясында адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің мамандары Қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің балалар бөлімінде және кәмелетке толмағандарды уақытша оңалту, бейімдеу және оқшаулау орталығында (КТУОБОО) мерекенің ұйымдастырылуына және өткізілуіне белсенді қатысты.
Іс-шараның мақсаты: балалардың әлеуметтік мәртебесіне қарамай қоғам назарын балалар мүдесіне аудару, қоғам санасына балаларды ерекше қамқорлыққа алу қажеттілігін, балалардың құқықтарының сақталуы мен заңды мүдделерінің қорғалуын нығайту.
1 маусым күні сағат 10-00 да Қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің балалар бөлімінде балаларға арналған балалар, тәрбиешілер, педагогтар және музакалық жетекшінін қатысуымен «Ертегіге саяхат» атты мерекелік сахналық қойылым ұйымдастырылды. Қазақ және орыс халықтарының ертегілеріне арналған сахналық қойылымдар балалар үшін таңғажайып әсер қалдырды.
Мереке барысында балалар ән айттып, би билеп, олармен викториналық ойындар жүргізілді. Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ашылғаннан бері аталған денсаулық сақтау мекемесімен бірлесіп жұмыс жасауда және осы жолы да балалар үшін «Арлан» кондитерлік цехінің жәрдемдесуімен мерекелік тәтті дастархан ұйымдастырды.


Кәмелетке толмағандарды уақытша оңалту, бейімдеу және оқшаулау орталығында (КТУОБОО) мерекелік іс-шара сағат 16-00-да басталды.
Мерекеге балаларды құттықтауға «Нұр Отан» ХДП, «Нұр Әлем Қазақстан» коғамдық қайырымдылық қоры (ҚҚҚ), Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Астана қаласының ІІД және Білім беру басқармасы өкілдері келді.
«Нұр Әлем Қазақстан» ҚҚҚ Орталықтың балаларына көңіл ашу бағдарламасын ұйымдастырды. Арнайы мерекеге шақырылған күлдіргіштер балалармен әртүрлі қызықты конкурстар және ойындар өткізді. Мереке барысында балалар зор шатыққа бөленіп, балаларға сыйлықтар табыс етілді. Балалардың құқықтарын қорғау департаменті балаларға тәтті дастархан ұйымдастырды. Балалардың күлкісі, қуанышты көңіл-күйі мерекенің жоғары деңгейде өткендігі болып табылады.


1-маусым-Балаларды қорғау күні
Атырау облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 1 Маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай, 27-28 мамыр аралығында «Фаворит» және «Алтын сарай» орталықтарында үйден оқитын мүмкіндіктері шектеулі балалар, № 4 облыстық туберкулезге қарсы шипажай мектеп-интернатының балалары үшін боулинг ойындары ұйымдастырылып, шара соңында мерекелік дастархан мәзіріне шақырылды.
Сондай-ақ 1-маусым күні «Рауан» сауда үйінде орналасқан «Игро-рай» ойын орталығында «Ақбота» балалар үйінің, «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін мереке қарсаңында қабылдады. Шараны орталық әкімшілігі У.Бородина мерекелік құттықтау сөзімен ашып, балаларды жас ерекшеліктеріне қарай бөліп,4-7 жас аралығындағы балаларды атракциондарда, 7-10 жас аралығындағы балалар ойын-автоматтарына, үстел үсті ойындарында көңілдерін көтерді.
Бұл мерекелік шараға 1-маусым күні туған бүлдіршіндер де шақырылды. Мерекелік шара түрлі қызықты сайыстарға, ойындарға ұласты.Акция қорытындысы бойынша «Жас қолөнер шеберлері» сайысының жүлдегерлері: ақыл-ойы кем дамыған мектеп-интернат тәрбиеленушісі Д. Сағымбаева 1-ші орынды,2-ші орынды № 3 тілі мүкіс балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушісі Д.Зинуллин,3-ші орынды №2 көмекші мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Ә.Тілеуғалиева иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Туған күн иелеріне құттықтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.
Акция қорытындысы бойынша сөз алған «Ақбота» балалар үйінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қарабасова «Игро-рай», «Алтын сарай», «Фаворит» орталықтарына ата-аналар мен балалар атынан жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған,мүмкіндіктері шектеулі балаларға қуаныш,жақсы демалыс сыйлағандары үшін шексіз ризашылығын білдірді.

«Балаларға - Қазақстанның жазушылары» оқылым мерекесі
Халықаралық балалар күніне арналған «Қазақстан – біз сендердің балаларымыз! Біз жаңа өмірде тұрамыз!» бүкілқазақстандық акцияны өткізу шеңберінде 2009 жылғы 1 маусым күні қалалық ақпараттық-кітапханалық жүйе Ақмола облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамды адамгершілік-рухани дамыту бөлімімен бірігіп «Балаларға Қазақстанның жазушылары» атты мерекесін ұйымдастырды.
«Достар» МҮ-нің кең фойесінде балаларға «Балаларға Қазақстанның жазушылары», «Біздің аналарымыз нені оқыды», «Құрбылар оқуды оқуға кеңес береді» атты үш бөлімнен тұратын жарқын кітап басылымдарының ашық көрінісі көрсетілді.
Жас оқырмандар Мәдениет үйіндегі қалалық кітапханада көкшетаулық жазушы Серік Жетпісқалиұлы мен Ш. Хұсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драмалық театрдың жас актерлерімен кездесу өткізілді. Актерлер «Бақтияр бұзық бала емес» жазушының жаңа повестің үзінділерін театр жұртшылығына ұсынды.
«Театр және кітап» - балалар мен жасөспірімдердің оқырмандық ынтасын жандандыру нысаны, ол соңғы уақытта қалалық кітапханалар қызметінде әйгілі болды, материалдың жаңашылдығы мен аз оқитын балаларға оқуды ынталандырушы мүмкіндігі арқылы балалардың оқу мәселелеріне қызыққан адамдар арасынан өздерінің табынушыларын өзіне қаратты.
Жас оқырмандар мен кітапханаға алғаш барған балалар жазушымен еркін сөйлесуден кейін, қалай кітаптар жазылатын, қайдан аттар мен кітап кейіпкерлерінің міңез-құлықтары шығатыны жайында көп қызықтарды білді. Повесть авторы шығарма оқиғасының барлық сюжеттері жазушының алыста қалған балалық шағынан алынғанын мойындады. Серік Жетпісқалиұлы көптеген сұрақтарға жауап бере отыра, өзінің шығармашылық жоспарымен бөлісіп, жақында балалар туралы қызықты жұмысын аяқтайтынын айтып өтті. Ал өз кезегінде кітапханашылар балалар авторының шығармалары тек оқитын ғана емес, сонымен қатар балалық шақтың ең сүйікті кітабына айналатына орасан зор еңбек көмегін көрсетуге дайын!



Ең жақсысын балаларға ...
Бүгін барлық дүниежүзілік қауым 60-шы рет Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуде.
1949 жылы Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Париж қаласында әйелдер конгрессі ұйымдастырылып, соның барысында балалар бақытының жалғыз кепілі ретінде берік бейбітшілікті қамтамасыз етуде тынымсыз күрес туралы ант берілді. Бір жылдан кейін 1950 жылы 1 маусым күні алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді. Енді жыл сайын жаздың алғашқы күні өскелең ұрпақ құрметіне мереке өткізіледі.
Осы тамаша мереке қарсаңында Қостанай облысының барлық қатарынан шыққан балаларға жаппай мәдениет іс-шаралар қол жетімді. Балаларға жалпы қалалық мерекелерде, әр түрлі сайыстарда, ойын-сауық бағдарламаларда, шығармашылық кештер мен театрланған қойылымдарда қатысу мүмкіндігі ұсынылады.
Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры әртістерінің қатысуымен Қостанай қаласының 220 тұрмысы төмен, көп балалы, қамқоршылықтағы отбасылардан шыққан балаларға, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне және Қостанай қалалық әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу және оңалту орталығының балаларына «Құқық бұзушыны ұстаңдар» атты жол жүру тәртібі бойынша қайырымдылық қойылым ұйымдастырды. Облыс әртістерімен қойылған қойылым балаларды қуанышты және танымдылық сәттерге бөледі.
Тұрақты демеуші «Республика» ЖЗҚ балаларды сыйлықтармен қуантты: ой өрісін дамытатын ойындар мен тәтті балмұздақтар.
Осындай кездесулер тек қана балаларға ғана емес, сондай-ақ әр бір баланың жағымды ортада өсуіне және дамуына мүдделі олардың ата-аналарымен барлық облыс тұрғындарына пайдалы.


«Бақытты балалық шаққа – Иә! Иә! Иә! Бала еңбегіне — Жоқ! Жоқ! Жоқ!»
Халықаралық Балаларды қорғау күні – бұл мереке балалардың тағдырына жауапкершілікті қажет ететін адал және берекелі болашақ құруға, адамгершілікті қоғам қалыптастыру үшін барлық әлемдік қоғамдардың назарларын аударуға мүмкіндік береді. Өйткені әр бала бақытты және толық бағалы балалық шаққа құқығы бар.
«Бала еңбегінің ең нашар түріне қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық компанияны өткізу шеңберінде Қостанай облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Перекресток» ҚҚ бірлесіп асфальтқа сурет салу сайысын өткізу дәстүрін әрі қарай жалғастырды.
Сайыстың мақсаты – бала еңбегі мәселесін көрсету және оны шешуге қоғам назарын аудары.
2009 жылдың 1 маусымында Халықаралық Балаларды қорғау күнін мерекелеу құрметіне қаланың орталық алаңында «Бақытты балалық шаққа – Иә! Иә! Иә! Бала еңбегіне — Жоқ! Жоқ! Жоқ!» тақырыбында сайыс өткізілді, оған А.И. Никифоров атындағы арнайы көркемдік мектебінің оқушылары және тілек білдірген қаланың барлық балалары қатысты.
Суреттердің көркемдігін әділқазылар алқасы бағалады, оның құрамына А.И. Никифоров атындағы арнайы көркемдік мектебінің, «Помощь» ҚҚ, «Перекресток» ҚҚ өкілдері енді.
Әділқазылар алқасы жұмыстардың барлығын «Бақытты балалық шаққа – Иә! Иә! Иә!» және «Бала еңбегіне — Жоқ! Жоқ! Жоқ!» тақырыптары бойынша бөлді.
Сайыстың жеңімпаздарына мәндік ерекшелігі, шығармашылықты орындалуы және тақырыпты толығынан ашқаны үшін мадақтамалар және сыйлықтар берілді.
«Бақытты балалық шаққа – Иә! Иә! Иә!» тақырыбы бойынша жеңімпаз атанғандар:
1 орын - Куницина Мария;
2 орын - Глушко Лидия;
3 орын - Александрова Кристина.
«Бала еңбегіне — Жоқ! Жоқ! Жоқ!» тақырыбы бойынша:
1 орын - Тажиков Сұлтан
2 орын - Трахтенберг Владлен;
3 орын - Таставлетова Меруерт.
Халықаралық Балаларды қорғау күні – бұл, алдымен, ересектерге балалардың өмір сүруге, пікір және діни еркіндігіне, білім алу, демалу және бос уақытқа құқығын сақтаудың, қол жұмсау және психологиялық күш көрсетуден қорғау, адамгершілікті және адал қоғам қалыптастыру үшін қажетті жағдай ретінде бала еңбегін пайдаланудан қорғаудың қажеттілігі туралы ескерту.



«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты IV Ұлттық Ақпараттық Науқанның ашылу салтанатының өтуі туралы
2009 жылдың 1 маусымы күні Оқушылар сарайында Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Астана — құқық дамыту» қоғамдық бірлестігімен, Білім басқармасымен бірлесіп, «Чип и Дейл» сауда жүйесінің қаржылық қолдауымен «Әуе шарлары мерекесі» атты «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» IV Ұлттық Ақпараттық Науқанның ашылу салтанатын өткізді.
Мереке барысында балалар мен ересектер арасында шарлармен ойындар жүргізілді. Қатысушыларға «Чип и Дейл» сауда жүйесі өз сыйлықтарын ұсынды. Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті өткізген «Бала еңбегі және бала еңбегінің ауыр түрлері: шынайы оқиғалар» атты шығармалар байқауының жеңімпаздары мен балаларды олардың еңбек ету құқығы бойынша ақпараттандыру шараларына белсене араласқан педагогтар Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.




1 маусым - Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ әлемі - қандай ғажап!» атты мерекелік іс-шара туралы
Неткен құдірет! Күн ғой сәби күлгені,
Жарқыратып жібереді-ау дүниені.
Жетеді ме күлген сәби ерніне
Жарты әлемнің барлық жалын гүлдері!
-деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай әр ата-ана үшін, еліміз үшін ең баға жетпес қымбат, ол – балалар! Әрбір бала өзінше шағын ғарыш, әлем. Ол бұл дүниеге жай ғана емес, өзінің ерекше міндетімен келеді.
2009 жылдың 1 маусымы күні «Думан» ойын-сауық орталығында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Астана қаласы Білім басқармасының «Ағылшын тілі орталығы» МКҚК-мен бірігіп 1 маусым - Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған Бүкілқазақстандық «Қазақстан, біз сенің ұланыңбыз! Жаңа әлем жеткіншегі біз боламыз!» акциясының аясында «Балалық шақ әлемі - қандай ғажап!» атты мерекелік іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты - қоғам назарын балалар қызығушылығы мен мүддесіне аудару және өскелең ұрпақ үшін жауапкершілік пен отан сүйгіштік сезімін нығайту. Балаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сахналық қойылымдар көрсетіп, ойын, конкурстарды өткізу арқылы өздерінің құқықтары туралы білімдерін тереңдету.
Мерекеге Астана қаласы білім беру мекемелерінің тұрмыстық жағдайы төмен және көп балалы отбасыларынан 40-тан астам бала қатысты.
Мерекені Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Смағұлова Әлия Бегалықызы салтанатты түрде ашып, «Ағылшын тілі орталығы» МКҚК директорының орынбасары Нажбиева Гүлнар Саденқызы балаларды мерекесімен құттықтап, өтілу барысымен таныстырып өтті.
«Балалық шақ әлемі - қандай ғажап!» атты мерекелік іс-шараны жүргізушілер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызықты әрі тартымды өткізді. Онда бала құқығына байланысты викторина-конкурсы, би сайысы өткізіліп, ойындар ойнатылды. Сонымен қатар, мерекенің кішкентай қонақтары «20 ғасырдағы Ұлыбритания» атты сахналық қойылымды тамашалап, кейіпкерлермен естелікке фотоға түсті.
Мереке соңында барлық қатысушыларға «Ағылшын тілі орталығы» МКҚК сыйлықтар ұсынып, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Ә.Смағұлова балаларға қуанышты, жарқын сәтті сыйлауға өз үлестерін қосқан «Думан» Ойын-Сауық Орталығы» АҚ мен «ПрофиМакс» полиграфиясына Департамент атынан алғысын білдірді.





Әрбір бала бақытты да толыққанды балалық шаққа құқылы...
1 маусым-Балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті барлық категориядағы балалардың есінде қалатындай сыйлықтар мен күтпеген сыйға толы шаралар жоспарлады.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, анасыз, әкесі тәрбиелеп жатқан балалар, жазасын өтеп жатқан балалар, қараусыз және қадағалаусыз қалып уақытша бейімдеу, оңалту орталығына түскен балалар, т.б. барлық балаларды осы күні назардан тыс қалдырмауға тырыстық.
Мереке күні ертеңгісін балалардың құқықтарын қорғау, мониторинг және ақпарттық талдау бөлімінің бастығы Б.Урумбаева «Рика» телекомпаниясының «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасына қатысып, тікелей эфир арқылы облыс жеткіншектерін құттықтады. Департаменттің жұмысына тоқталып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.
Мереке күнінің алғашқы жартысында мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің мамандары қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің КА 168/3 мекемесінде болды. Колонияда республиканың түкпір-түкпірінен 83 жасөспірім жазасын өтеп жатыр. Департаментте «Бостандықты шектеу орнындағы балалық шақ»-«Детство в местах лишения свободы» атты бағдарлама құрылып, шағын зерттеу жүргізілген болатын. Зерттеудің талдауы көрсеткендей, колониядағы жасөспірімдер бостандықтағы замандастарымен кездескісі келеді. Сондықтан 1 маусымда «Нұр Отан» ХДП АОФ жастар қанаты «Жас Отанның» және облыстық олимпиада резерві мектебі өкілдерінен құрылған команда шақырылып, колония командасымен спорттық эстафета ойналды. Балалар канат тарту, қаппен жүгіру, скакалка, обруч, доппен жарысу, гир көтеру, күш сынасу сияқты спорт түрлерінен жарысты. Әрине, эстафеталық жарыста достық жеңді!
Колониядағы тәрбиеленушілер эстафета кезінде мықтылығымен, ептілігімен, шымырлығымен ерекшеленді. Мысалы, тәрбиеленуші Таңатов Ақан сері 16 килограмдық гирді 52 рет көтерсе, Ефимов Сергей жүгіруден алдына жан салмады. Жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер мен «Жас қанат» жастар қанатының мүшелері жеңімпаздарды қызу қолдап, көтермелеп отырды. Мерекелік эстафета барлық қатысушы балаларға жақсы әсер қалдырды деп ойлаймыз.
Кездесу соңында балалар қимай қоштасты.
Мереке күнінің екінші жартысы Ақтөбе облысы ішкі істер департаментіне қарасты кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, оңалту және түзеу орталығында жалғасты. Орталықта ата-анасының қарауынсыз қалып қаңғыбастыққа салынған, үйден, арнайы орындардан қашып кеткен, тастанды балалар, қылмыс жасаған 25 бала уақытша, тиісті шешім шыққанша орналастырылған. Балалардың жас шамасы 7-ден 18 жасқа дейін.
Департамент мамандары қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясымен бірге өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға мерекелік бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама аясында құттықтаулар, ойындар, психологиялық тренингтер өткізілді. «Әнуар» сауда орындары жүйесінің демеушілігімен әрбір балаға жұмсақ ойыншық сыйға тартылды. Қала әкімшілігі балаларға балмұздақ үлестірді.
Бала-мемлекеттің басты байлығы. Баланы қорғау, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау-мемлекеттің болашағын қорғау деген сөз. Бұл бағыттағы абыройлы іс бір күн ғана емес, үздіксіз, жүйелі жалғасып отырады.



Қандай жақсы, бәріміз бүгін біргеміз!
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын Қазақстанда тойланады. Осы күнмен байланысты жарқын, ізгі естеліктер миллиондаған балалардың есінде қалады. Біздің облысымызда балаларға арналған басқа да мерекелік іс-шараларда балалар өздеріне жаңа достар тауып, бір-бірлерімен өздерінің шығармашылық туындыларымен ой бөлісіп, естелік ретінде сыйлықтар алысып тұрады.
Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық Халық банкі филиалымен бірлесе, 1 - маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған банк алаңында «Қазақстан жазушылары – балаларға» атты мерекелік іс-шара өткізді. Бұл мерекелік іс-шараға есту қабілеті бұзылған мектеп-интернатының және облыстық «Ақбөбек» орталығында ем алып жатқан Ырғыз, Байғанин ауданындағы балалар және «Мұғалім» мектебінің оқушыларынан 100-ге жуық балалар қатысты.
Бұл мерекелік іс-шара жыл сайын облыстық «Қазақстан Халық Банкі» АҚ балалар құқығын қорғау департаментімен бірлесе тойлау дағдыға айналған.
Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара 2009 жылы 26 мамыр күні Халық банкінің залында Ақтөбе облыстық (түзетім) есту қабілеті бұзылған мектеп-интернат оқушыларының «Біз бейбітшілік үшін» атты көрмесімен басталды. Бұл көрмеде балалар өздерінің армандарын, ішкі жан дүниесін, сезімдерін, сурет салу немесе басқа да ағаш, жабыстырма (пласталин) бұйымдары арқылы бейнелеп көрсетті.
1. Орынбасарова Айзаттың «Қазақстан балалары» атты жұмысы І-орын;
2. Вилечко Сашаның «У моря» атты жұмысы ІІ-орын;
3. Дамбарбай Мирастың «Келі-келісап» атты жұмысы ІІІ-орынды иеленді.
2009 жылы 1- маусым күні балаларды қорғау мерекесінде Халық банкінің алаңында «Менің сүйікті ертегім» атты тақырыбы бойынша асфальтқа сурет салу сайысы өткізілді. Бұл сайысқа «Ақбөбек» орталығының және қаладағы мектеп оқушылары қызыға қатысты. Балалар өздерінің сүйікті ертегілеріндегі кейіпкерлерін сурет арқылы бейнелеп, өз ойларын еркін, ашық көрсетті. Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі, мәдениеттану кандидаты Жасқсығарина Мәрзия Жұмағалиқызы екі сайыстың да балалардың жұмыстарын талдап, әділ бағасын қойды.
І-орынды 8-жасар Қабибуллин Қадырхан иеленсе;
ІІ-орынды Орынқан Айдын иеленді;
ІІІ-орынды есту қабілеті бұзылған мектеп-интернатының бір топ оқушылары Тоқабаева Гүлсезім, Мұхамедиярова Айжан, Мұратова Айжан, Әлиева Шарайна жеңімпаздар атанды. Сайыстарда ынталандыру сыйлығына: Вадим Щербаков, Орынқанова Аружан, Едигина Жанар, Құсайынов Әлібек, Советов Нұрмағанбет, Абишева Фарида ие болды.
Концерттік бағадарламада «Мұғалім» мектебінің оқушылары мен есту қабілеті бұзылған балалар өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік кеште Ақтөбе облыстық «Қазақстан Халық Банкі» филиалы барлық жеңімпаз атанған балаларға бағалы сыйлықтарын: ұялы телефон, аспалы сөмке, ыдыс-аяқ жиынтығы, қолшатыр және саяхатқа шығатын аспалы жиынтығын берді. Мерекелік іс-шара банк әкімшілігінің барлық қатысушыларға балмұздақ үлестіруімен аяқталды.


Құрметті ата-аналар мен қымбатты балалар!
Сіздерді - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі - бұл жыл мезгілінің шуақты және жайдарлы, жаздың алғашқы күні, сондықтан бұл мерекелік күн бала күлкісіне, қуанышына, жақсылығы мен махаббатына толы болуы қажет.
Балаларды қорғау күні дегеніміз - бұл барлық ересектерге балалардың аман-саулығы жөніндегі қоғамдық жауапкершілікті ұмытпауды білдіреді.
Бала бақыты жанұядан басталады, өкінішке орай, қазіргі таңда проблемалы жанұялар мен қайғылы балалар тағдырлары аз емес: балалардың барлығы дерлік жақындары мен туыстарының ортасында, жеткілікті, қалыпты жағдайда өмір сүрмейді, сонымен бірге ата-аналардың барлығы бірдей өздерінің ата-аналық парыздарын орындамайды және балаларының ертеңгі күніне деген жауапкершліктерін толығымен сезінбейді.
Соңғы кездері отбасы және балалықты қорғау институтын нығайту мақсатында республика тарапынан және қоғаммен көптеген жұмыстар атқарылып жатқандығын айтпай кетуге болмайды. Алайда, балалардың өмірлеріне кері әсер ететін бірқатар әлеуметтік мәселелер сақталуда. Осы мәселелерді шешу жолында ересектер тарапынан жасалынып жатқан жұмыстар ең алдымен балалардың жалпы қоғамда алатын орны мен нақты баланың өмірін жақсартуға бағытталғаны жақсы деп тілек білдіремін.
Әр бір баланың бақытты болуға құқығы бар, ал біздің міндетіміз - ол үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасау. Бүгінгі, Балаларды қорғау күні әжелер мен аталарға, аналар мен әкелерге, балаларды махаббат пен қамқорлыққа бөлеп отырған және өздерінің негізгі құқықтары мен бостандықтарын, шығармашылықтары мен интеллектуалды мүмкіндіктерін іске асыруға жағдай жасап жүрген барша отбасылар мен ұжымдарға ерекше алғысымды білдіремін.
Біздер, ересектер балалардың қоғамға қажетті, нағыз патриот болып өсуі үшін барлық жағдайды жасауға міндеттіміз. Өсіп келе жатқан ұрпақ бақытты, ақылды, дені сау және дарында болуы тиіс. Оларды тек қана мейірімділік пен түсіністік баурасын.
Қымбатты балалар, сендерге зор денсаулық, жақсы демалыс, жаңа жарқын әсерлер мен арман-тілектеріңіздің орындауын тілеймін.
Бүгін күнтізбе бойынша жаз басталады - қызықты демалыс күндер, сендерді жаңа әсерлер мен жаңалықтар күтіп тұрады. Ойнаңдар, күліңдер, шаттаныңдар, демалыңдар! Мерекелеріңмен!
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы
Ж. Жүкенов
«ДЕПУТАТТАР БАЛАЛАРҒА АРНАЙДЫ!» АКЦИЯСЫ
Ақтөбе облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті қалалық әкімшілікпен және маслихатпен бірлесе отырып мамыр айында қалалық және облыстық маслихатқа сайланған 33 депутаттың сайлану орны бойынша балаларға арналған аула алаңдарын орнатуға байқау жариялады.
Департамент директоры К.Айдарханова, қала әкімінің орынбасары С.Қалдығұлова, қалалық маслихат хатшысы С.Шынтасова қалалық, облыстық маслихат депутаттарымен кездесті. Қала аулаларының суреттері бейнеленген видеослайдтар көрсетілді.Территорияларында құралдарды орнату мүмкіндігі бар КСК басшылары да кездесуге қатынасты.
Департамент жадынама, депутаттарға арналған үндеу, құралдарды дайындаушылардың мекендері, баға қағазы бар суреттер салынған папканы әр депутатқа дайындады.
Бүгінгі таңда 10 депутат ат салысуда. Мысалы, 11 шағынаудандағы балаларға арналған орынды қалалық маслихат депутаты Д.М.Еспаева қолына алды. Ойын алаңының ашылу салтанаты 1-маусым Халықаралық балларды қорғау күніне жоспарланып отыр.
Байқау қорытындысы 30-тамыз Конституция күнінде БАҚ-ын қатысуымен өткізіледі. Департамент акцияның тиімділігіне, бірнеше мақсаттар мен міндеттердің шешілуіне септігін тигізетіндігіне сенеді:1) балалардың демалысын ұйымдастыру; 2) жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу; 3) қала аулаларын көркейту.

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ
Ақтөбе облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық «Қазақстан Халық Банкі » АҚ филиалымен бірлесе отырып, 1-маусым балаларды қорғау күніне орай 2009 жылы 26 мамыр күні «Біз бейбітшілік үшін» атты тақырыпта Ақтөбе облыстық (түзетім) есту қабілеті бұзылған мектеп-интернат оқушыларының сурет және қолданбалы қолөнер бұйымдарынан көрмесі болды.
Көрмеге есту қабілеті бұзылған мектеп-интернат оқушыларының 40-қа жуық ( сурет, әшекей, жабыстырмалы және ағаштан ойып жасалған) еңбектері қойылды. Бұл көрмеде балалар өздерінің армандарын, ішкі жан дүниесін, сезімдерін сурет салу арқылы немесе басқа да бұйымдарға бейнелеп көрсеткен.
Көрменің ашылуына орай Ақтөбе облыстық «Қазақстан Халық Банкі» АҚ филиалы мен есту қабілеті бұзылған мектеп-интернаты мұғалімдерінің қатысуымен пресс-конференция болып өтті. Пресс-конференцияға қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Адамгершілік-рухани әлеуетті дамыту саласындағы тиімді саясаттың маңызды құрылымы мәдени және шығармашылық өмірге белсенді түрде қатысу және мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерлеріне жағдай жасау үшін болып табылады.
Мерекенің ажырамас бөлігі қайырымдылық акциялары болып табылады. Сондықтан да көрменің банк залында өткізілу себебі: банкке келген іскер адамдар, жеке кәсіпорындар, жеке азаматтар балалардың еңбектерін қарап қолдау көрсетеді деген үмітпен өткізілді. Оқушылардың еңбектерін бағалау үшін әділ қазылар мүшесі болып ҚР суретшілер Одағының мүшесі, халықаралық 100 сайыстың және көрмелердің экслибрисі, мәдениеттанудың кандидаты Марзия Жақсығарина болды.
Көрменің жеңімпазын анықтап, мадақтама сыйлықтарын тапсыру 2009 жылы 1 маусым күні, сағат 10.00-де балаларды қорғау мерекесіне орай Халық банкінің алаңында өткізіледі.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған “Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!” бүкілқазақстандық акциясының шеңберінде «Қазақстан жазушылары – балаларға» мерекелік іс-шараның баспасөз хабарламасы
2009 жылғы 1 маусым күні Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында “Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!” бүкілқазақстандық акциясының шеңберінде «Қазақстан жазушылары – балаларға» мерекесін өткізіледі.
Мерекенің мақсаттары - баланың мәдени дамуына құқығы, сонымен қатар бала оқуын өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиесі саласында алдыңғы қатарлы міндеттері ретінде қоғамның, мемлекеттік құрылымдардың көңілін аудару; балалар мен жастардың танымдық қызығушылығын қолдау және белсендігін арттыру; танымал қазақстандық балалар жазушылары мен ақындардың шығармашылығын жария ету, балалар әдебиетінің өндірісін ынталандыру болып табылады.
Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасы білім және ғылым, мәдениет және ақпарат министрліктері, балалар әдебиеті баспаларының өкілдері, танымал жазушылар мен ақындар қатысады. Бірақ, түрлі облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, мерекенің басты қатысушылары Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген балалар болады.
Мерекелік іс-шараның шеңберінде төрт номинация бойынша кітап көрмесі, шебер-сыныптар өткізу жоспарланады: «Таңғажайып әлем», «Шабыт», «Алтын қаурсын», «Сиқырлы әлем» және балаларға арналған «Сиқырлы әріптер» атты теледидарлық бағдарламаны түсіру.
Барлық балалар – мерекелік іс-шараның қатысушылары балалар баспаларының өкілдерінен сыйлықтар алады. Сонымен қатар, әдеби шығармашылықта жетістіктері бар балалар сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.
«Қазақстан жазушылары – балаларға» мерекелік іс-шарасына қатысу өз әдеби қабілетінде сенімділікті сезінуге мүмкіндік береді, олардың келешектегі белсенді шығармашылық қызметіне негіз болады.
«Таң Шолпан — 2009» республикалық балалар би конкурсының баспасөз хабарламасы
«Біз - сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты бүкілқазақстандық іс-шара аясында 2009 жылғы 1-3 маусым аралығында Павлодар қаласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері арасында IV республикалық балалар би конкурсы өткізіледі.
Аталған конкурстың ашылуы дәстүрлі түрде Халықаралық балаларды қорғау күні - 1 маусымда өткізіледі.
«Таң Шолпан» конкурсының негізгі мақсаты неғұрлым қабілетті, шығармашылық жағынан дамыған және кәсіби тұрғыда болашағынан мол үміт күттіретін балаларды анықтау, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуға деген талпынысын тәрбиелеу болып табылады.
Осы жылы конкурсқа республикадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының үздік би ұжымдары қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 200 баланы құрайды.
«Таң Шолпан» конкурсының қатысушылары өздерінің шеберліктерін таныстыру, Қазақстан халықтарының биі, би коктейлі сияқты үш композицияда көрсетеді.
Конкурсты өткізу аясында конкурсқа қатысушылардың Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қалалық балалар мерекесіне, хореографиялық мастер-класқа қатысуы, сондай-ақ Павлодар қаласының көрнекті орындарымен танысуы және т.б. жоспарлануда.
Конкурс жеңімпаздары плазмалық теледидарлар, компьютерлер, DVD
“Таң Шолпан” республикалық конкурсына қатысу балалардың өз қабілеттеріне сеніммен қарауына мүмкіндік беріп, орындаушылық шеберліктерін жетілдіруге бағыттайды, сондай-ақ конкурстың олардың одан әрі белсенді шығармашылық қызметіне негіз болары сөзсіз. ойнатқыштар және т.б. бағалы сыйлықтармен марапатталады.