Орталық туралы >> Нормативтік құқықтық актілер >> Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2008 жылғы есебі. 2.12 бөлімі «Балалардың құқықтары»

2.12 Балалардың құқықтары

1994 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялады. Қазіргі күнге дейін осы құжаттың шеңберінде қабылданған міндеттемелердің орындалуы туралы 3 мерзімді баяндаманы БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетке беріп отырды.
Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Балалардың құқықтарын қорғау комитеті) ақпаратына сәйкес 2007 жылы мамырда тыңдалған жиынтық екінші және үшінші баяндамалардың нәтижесі бойынша БҰҰ Комитеті балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласында республиканың қабылдаған шараларына жоғары баға берді, атап айтқанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баламалы күтіп-бағу саласындағы тәжірибесі атап көрсетілді, отбасында тәрбиелеудің жаңа нысандарын дамыту бастамасын қолдады. Конвенциядан туындайтын міндететемелерді орындау үшін қабылданған мемлекеттің заңнамалық, институционалдық, қаржылық және өзге де шаралар кешені оң деп танылды.
Бала құқықтары туралы конвенцияға балалардың қарулы қақтығыстарыға қатысуына қатысты Факультативтік хаттаманың нормаларын бала құқықтары туралы ұлттық заңға имплементациялануы да атап өтілді.
Қазіргі кезде Қазақстанда балалардың құқықтарын реттеу мен қорғаудың нормативтік-құқықтық базасын мынадай арнайы заңнамалық актілер: «Қазақстан Республикасында бала құқықтары туралы», «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдар және одан туындайтын басқа да заңға тәуелді нормативтік актілер құрайды.
Балалармен құқық қатынастары саласында мемлекеттің міндеттемелерін, сондай-ақ балалардың құқықтарын реттейтін нормалар Еңбек кодексінде, «Білім туралы», «Неке және отбасы туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңдарда және басқаларында қамтылған.
Конвенциялық міндеттемелерді қамтамасыз ету мақсатында Үкімет ең осал санаттағы балаларды қорғауға ерекше көңіл бөлінген  2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекітті.
Республикада есептік жылы БҰҰ комитетінің соңғы ұсынымдарын орындау үшін Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін дамытудың 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының оқу бағдарламаларына балалардың құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды оқып үйрену енгізілді.
Отандық техникалық және кәсіптік білім беружүйесінің құрылымы Халықаралық білім берудің стандарттық классификациясына сәйкес келтірілді.
Халықаралық тәжірибе ескеріліп, елде кәсіби даярлығы мен біліктілік беру сапасын тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілуде.
«Білім туралы» заңға сәйкес Үкімет жыл сайын жоғары оқу орындарына түсу кезінде осы санаттағы балалар үшін мүгедектерге, ауыл балалары мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жыл сайын квота белгілейді.
Үкімет былтырғы жылы ЮНИСЕФ-пен жасалған 2005-2009 жылдарға арналған негізгі келісімді іске асыру шеңберінде отбасы мен қоғамның әлеуетін нығайту және әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша белгілі бір шаралар қабылдады.
Бас прокуратура Халықаралық еңбек ұйымымен, Жұмыс берушілер конфедерациясымен және Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп, Балалар еңбегінің ең жаман түрлерін жою жөніндегі жоспарға қол қойып, іске асырды.
2008 жылы елде 125 мыңға жуық балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді.
2006 жылдан бастап диспансерлік есепте тұрған балалар дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етілуде.
2008-2009 оқу жылының басындағы жай-күй бойынша республикада 2515563 оқушы оқыған 7620 жалпы білім беретін мектеп бар.
Қазақстанда отбасы мен балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғау жүйесінің жай-күйін және проблемаларын егжей-тегжейлі талдау БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Республика Үкіметі жүргізген Балалардың құқықтарын қорға жөніндегі бірінші форумның Есебінде көрсетілді.
Дегенмен, мемлекеттің елдегі балалардың құқықтарын қорғау және қолдау үшін жағдайлармен қамтамасыз ету бойынша елеулі шаралар қабылдағанына қарамастан, балалардың өздері қоғамның басқа мүшелерінің құқықтарын және қоғамдық тәртіпті бұзушыларға айналған үрейлі беталыс байқалады.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің келесі  статистикасы айғақтайды.
Мәселен, 2008 жылдың 9 айында жасөспірімдердің қылмысы 29,2 % құрайжы. Осы кезеңде кәмелетке толмағандар 1334 ауыр қылмыс түрін жасаған, 612555231 бала жеткізілді, КТУООБ-қа 7193 кәмелетке толмағандар орналастырылды. бала қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ішкі істер органдарына әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Балалардың қадағалаусыз қалуы, сондай-ақ балаларға арналған көптеген ойын-сауық орындарының аздығы мен қымбат болуына байланысты олардың демалысын ұйымдастыру проблемалары  өзекті болып отыр.
Осыған байланысты, сондай-ақ балалардың заңды өкілдері мен кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға қарсы әрекеттер жасауға итермелеген адамдардың жауапкершілігін күшейту мақсатында 2008 жылы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мәселелері бойынша заңнама түзетілді.
Мәселен, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңда кәмелетке толмағандар үшін (он бірден он сегіз жасқа дейін), әкімшілік ықпал ету шараларына әкеп соқтыратын  жиі құқық бұзатын, бастауыш және орта білім алудан қасақана  жалтаратын, отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан өз бетімен жиі кететін, өзге де қоғамға қарсы әрекеттер жасайтын кәмелетке толмағандар үшін  арнайы білім беру ұйымдарын құру көзделеді.
Жоғарыда аталған заңға сәйкес осы мекемелерге балаларды жіберу кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, не жергілікті ішкі істер органының ұсынысы бойынша  сот шешімінің негізінде ғана жүзеге асырылады. Осы білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі мен шарттары Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 27.01.2005 жылғы № 42 бұйрығымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары туралы ережемен реттеледі.
Алдыңғы жылдары арнайы мекемеге орналастырылатын балалар контингентіндегі құқық проблемалары Уәкілдің назарынан тыс қалғандығы ескеріліп, «Қазақстан балалары» бағдарламасының 19-тармағын орындау үшін есептік жылы Уәкіл мекемесінің өкілдері мынадай арнайы білім беру ұйымдарын мониторингілік аралауды ұйымдастырды:
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында, Павлодар қаласында девианттық мінез-құлықты жас балаларға арналған арнайы кәсіби мектептер, сондай-ақ Шығыс қазақстан облысы Белоусовка кентіндегі қылмыстық жазаланатын әрекет жасаған кәмелетке толмағандарға (қылмыстық жауапкершілік белгіленетін жасқа толғанға дейін) арналған облыстық мектеп-интернаттың ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдары.
Бұдан басқа, Уәкіл балаларды тәрбиелеу колониясын (Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Әділетмині ҚАЖКБ ЛА-155/8 мекемесі) және Астана қаласы психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік балалар мекемесін аралады.
Осы мекемелерге орналасқан балалардың құқықтарын сақтаудың жай-күйін, сондай-ақ оларды ұтсау жағдайларының қолданыстағы заңнама мен талаптарға сәйкестігін  зерделеу нәтижесінде   мыналар анықталды:
1. Арнайы білім беру ұйымдары туралы ереженің 47-тармағына сәйкес кәсіби оқыту процесінде осы мекемелердің тәрбиеленушілері оларға ақы төленетін оқу бағдарламаларының талаптарына жауап беретін өндірістік тапсырыстарды орындай алады.
Практикада көрсетілген арнайы мекемелердің әкімшілігі осындай тапсырыстарды қабылдаумен айналысқысы келмейді. Өйткені қызметтің осы түрі, оның пікірі бойынша, бақылаушы органдар тарапынан тексерулердің көбеюіне әкеледі.
2.Үкіметтің 17.05.2000 жылғы № 738 қаулысымен бекітілген Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес арнайы мекеме тәрбиеленушілері үшін олардың киім-кешекпен, аяқ-киіммен және жұмсақ заттармен қамтамасыз ету нормалары белгіленеді.
Сонымен бірге мекетептің лауазымды адамдары «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңның шығыны аз тауарларды сатып алу қажеттігі туралы 16-17-баптарына сүйене отырып, балаларға тез тозатын және жараспайтын ең арзан киім-кешек пен аяқ киім сатып алады.
3. Көрсетілген арнайы мекемелердің түлектерін тезіреу бейімдеуді қамтамасыз ететін кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, қорғаншылық пен қамқоршылық, ішкі істер органдарының Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің жұмысы барыншы жеткіліксіз болып отыр.
Балаларды тәрбиелеу колониясы бойынша (ЛА – 155/8) тексеру күні колонияға 350 ажам жиналатын лимитте 87 кәмелетке толмағандар бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтегендігі анықталды.
Колонияда арнайы білімі бар психолог жұмыс істейтін психологиялық релаксацияға арналған үй-жай бар. Оның пікірінше, тәрбиеленушілер үшін негізгі проблема колониялардағы жағдайға беймідеу және өзара қарым-қатынас проблемалары болып табылады.
Колонияларды аралау кезінде медициналық қызмет көрсету талаптары зерттелді. Медициналық қызметкерлердің контингенті тұрақты. Науқастарды қабылдауға арналған бөлме жабдықталған. Негізгі қажетті дәрі-дәрмектердің саны жеткілікті қамтамасыз етілгендігі байқалады. Колонияда стоматология және флюорография кабинеттері жұмыс істейді. Мекемеде жеке ғимаратта орналасқан монша-жуу кешені бар.
Тамақтану рационы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 25.02.2008 жылғы № 76 бұйрығымен бекітілген. Науқас тәрбиеленушілер күшейтілген тағаммен қамтамасыз етіледі.
Колонияның барлық тәрбиеленушілері мекеме аумағындағы кешкі орта мектепте оқиды. Мектепте белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталған 13  кабинет бар. Жаңа ұрпақтың 10 компьютерімен жинақталған компьютер сыныбы бар. Осы колонияда ұзақ уақыттан бері жұмыс істейтін директормен бірге 18 адаммнан тұратын педагогтар штаты жұмыс істейді. Сабақ күн сайын 5 сабақтан екі ауысымда қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Колонияда тағы № 2 кәсіби мектеп 1973 жылдан бері жұмыс істейді және тәрбиешілерді өзекті мамандықтарға үйретеді (ЭЕМ операторы, механика жинақтау жұмыстарының слесарі, ағаш шебері). Оқу мерзімі – 10 ай.
Колонияларда  спортпен айналысу үшін  және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу үшін қанағаттанарлық жағдай жасалған, кітапхана жұмыс істейді.
Балалар тәрбиелеу колониясын аралау нәтижесі бойынша Әділетмині ҚАЖК басшылығының назары колониядағы штат қызметкерлерінің саны (157 адам, нақтығында 141 адам жұмыс істейді) колониядағы тәрбиеленушілердің санынан екі есеге жуық асатындығына аударылды.
Сонымен бірге колония қызметкерлерін пенитенциарлық мекемелерде жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмағандармен қарым-қатынас жасау жүйесіндегі халықаралық стандарттар негізіне оқытатын семинарлар өткізу ұсынылды.
Арнайы білім беру мекемелеріне мониторингілік тексерулер нәтижесі бойынша Уәкіл:
1. Білім және ғылым министрлігіне:
- Мектептің атауынан Қазақстанның үшіші ұлттық баяндамасына БҰҰ Бала құқықтары комитетінің ұсынымдарында айтылған «девианттық мінез-құлықтағы балаларға арналған» деген анықтаманы алып тастаудың мақсатқа сәйкестігін қарауды;
- Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы нұсқаулықтың 5-тармағын өзгерту туралы Үкіметке ұсыныс енгізудің мақсатқа сәйкестігін қарауды;
- Нәрестелер үйінде 3-тен 4 жасқа дейінгі балаларды ұстау мерзімдерін ұзартуға бағытталған «ҚР бала құқықтары туралы» заңға толықтыру енгізудің мақсатқа сәйкестігін қарауды;
2. Білім және ғылым министрлігіне Ішкі істер министрлігімен бірлесіп:
- мектеп полицейлерінің және бала бөлмесі инспекторларының құқықтық және педагогикалық білім деңгейін арттыру курстарының арнайы бағдарламаларын әзірлеудің мақсатқа сәйкестігін қарауды;
3. Денсаулық сақтау министрлігіне:
- Қолданыстағы заңнамаға балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерге орналастырылатын 18-ден 23жасқа дейінгі балалардың жасын ұзарту туралы жаңа норма енгізудің мақсатқа сәйкестігін қарауды ұсынады.
Есептік жылдың екінші жартыжылдығында Уәкіл республиканың баспа және электрондық БАҚ-та жария етілген балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың тұрғын үй құқықтарын бұзу фактілеріне мониторинг нәтижелері бойынша Бала құқықтары жөніндегі комитетке және Бас прокуратураға ақпарат алғаны туралы тиісті сауалдар жолдады.
Комитеттің мәліметтеріне сәйкес қазіргі кезде Қазақстанда 48 456 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, олардың 14 мыңға жуығы балалар үйлерінде тәрбиеленеді.
Соңғыларының ішінде тек әрбір оныншы балада меншік иелерінің атында  кәмелет жасына толғанға дейін қорғаншылық және қамқоршылық органдары қорғайтын тұрғын үйлері бар.
Бас прокуратурадан алынған ақпаратқа сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамайды және балалар үйінде тәрбиеленетін балалардың тұрғын үй құықтарын қорғау шаралары қабылданбайды. Прокуратура органдары балалар үйінің тәрбиеленушілерін әкімдіктерде уақытында есепке қоймау, балалар үйі директорларының лауазымдық міндеттеріне кіретін мұрагерлік құқығы бойынша тұрғын үй алуға тәрбиеленушілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етпеу фактілерін анықтады. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімінсіз балалар үйінде тәрбиеленушілердің пәтерлерін иеліктен айыру оқиғалары да анықталды.
Соңғы үш жылдың өзінде қорғаншылық және қаморшылық органдарының келісімінсіз жетім балаларға тиесілі Қарағанды облысында 27  пәтер, Оңтүстік Қазақстан облысында 8 пәтер иеліктен айырылған.
Прокурордың тексеру барысында  аудандық әділет органдарында балалар үйі тәрбиеленушілерінің немесе қорғаншылық және қамқоршылықпен отбасында, немесе патронаттық отбасыларында тұратын жетім балалардың жылжымайтын мүлкін табу туралы хабарламалар жоқтығы анықталды.
Бас прокуратураның мәліметі бойынша балалар үйінің директорлары тәрбиеленушілердің тұрғын үй құқықтарын қорғау, немесе жеңілдікпен тұрғын үй алу үшін әкімдіктерге өз түлектерін есепке қою шараларын әрқашан қабылдай бермейді.

 

Мысалы, Уәкілдің атына жетім балалар И. мен оның інілерінің мүддесі үшін Парламент Мәжілісінің депутаты Т.И.Яковлева жүгінді. Балаларды балар үйіне орналастырғаннан кейін олардың ата-аналарына 2 бөлмелі үй жергілікті атқарушы органның шешімімен бір бөлмеге пәтерге айырбасталды. 2006 жылы балалар үйінің түлегі И. осы шешімді заңсыз деп тану туралы талап арызбен Астана қаласы алматы аудандық сотына жүгінді. Талапкердің талаптары қағанаттандырылып, Астана қаласының әкімдігіне жетім балаларға екі бөлмелі тұрғын үй бөлуді міндеттейтін шешім шығарылды. Алайда әкімдік екі жыл бойы сот шешімін орындаған жоқ.
Уәілдің Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне сауалы бойынша борышкердің заңды күшіне енген сот шешімін орындаудан жалтаруына байланысты сот орындаушысы Ішкі істер департаментіне  әкімдіктің лауазымды тұлғаларын ҚР ҚК-нің 362-бабындағы тәртіппен (сот шешімін қасақана орындамау) қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыным жібереді.  Сонымен бірге Уәкіл Астана қаласының прокуратурасына заңнаманы бұзушылықты жою туралы ұсынымды Астана әкімдігіне енгізуі туралы сауалмен жүгінді.

Жалпы жетім балалардың тұрғын үй құқықтарын бұзу олардың қолындағы мүліктерін қорғауды қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен бірге заңда көзделген тұрғын үй алуға құқықтарын іске асыруда да анықталды.
Мәселен, Бас прокуратураның мәліметтеріне сәйкес, 2007 және 2008 жылдары республикадағы балалар үйлері мен интернаттардан 3741 бала шықты, бұл ретте олардың ішінде тұрғын үйге 2109-ы мұқтаж болды. Көрсетілген балалардың ішінен «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 68-бабына сәйкес жоғарыда аталған кезеңде тек 58 адам тұрғын үй алды.
Бұл ретте аталған заңға сәйкес балалар үйінің түлектері жиырма жасқа толған соң жеңілдікпен тұрғын үй алуға өз құқығын мүлдем жоғалтады.
Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің тұрғын үй құқықтарын қорғау мақсатында Уәкіл Білім және ғылым министрлігіне:
- Министрліктің арнайы алқа отырысында жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, балалар үйінде, Қазақстан азаматтарында, патронаттың тәрбиедегі отбасыларында  тәрбиеленіп жатқан балалардың тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін қарау, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді;
- Осы санаттағы балалардың тұрғын үй құқықтарының есебін және өзгеруін көрсететін бірыңғай республикалық электрондық базаны жасаужы ұсынды.
Орталық Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы форум есебінің қорытындыларында мемлекеттің назар аударуын талап ететін проблемалардың қатарына ерекше талапты балаларды жұмысқа орналастыруды қамту, оларды әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кәсіби талап ету тетіктерін әзірлеу проблемалары жатқызылғандығын атап өту қажет.
Аталған қорытындыларда Үкіметтің назары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру қажеттігіне де аударылды.
Есептік жылы түрлі салаларда балалардың құқықтарын бұзу туралы Уәкілдің атына нақты адамдардан келіп түскен шағымдарды жалпы шолу мынадай түрде:
Жыл басынан бері осы проблема жөнінде 71 өтініш келіп түскен, оның 7-еуі
ұжымдық түрде жазылған.
Атап айтқанда, Оітүстік Қазақстан облысынан келген үш ұжымдық шағымда балалардың ата-аналары мектеп директорларының ақшалай қаражат жинауда көрінген сыбайлас жемқорлықпен бұзушылыққа шағымданады. Ұжымдық шағымдар оқу туралы шарттардан туындайтын өз міндеттемелерін басшылықтың орындамауына ҚазМЗУ студенттерінен де келіп түсті.
Білім беру мәселелері жөніндегі әрбір үшінші шағым мектептерде балалардың алатын білім сапасына әсер ететін оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудағы олқылықтарды көрсетеді. бұл ретте жекелеген ата-аналар – шағым авторлары Уәкілдің назарын «Білім туралы» заңға сәйкес білім сапасы осы салада мемлекеттік кепілдіктердің қатарына жататындығын аударды.
Азаматтардың жекелеген өтініштері өтініш иелерінің мемлекеттік жәрдемақы тағайындауымен немесе балаларына алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшерімен келіспейтіндігін қамтиды. Олардың бір бөлігін балаларына санаторияда емделуге жолдама алуына немесе балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыруға жәрдемдесу туралы өтінген өтініштерге топтастыруға болады.
Үкіметтік емес ұйымдардан балалардың мүддесі үшін алған 3 шағым бірыңғай ұлттық тестілеуді тиісінше үйымдастырылмауынан және өткізілмеуінен, 2-еуі  - құқық қорғау органдарындағы лауазымды адамдардың әрекетінен, 3-еуі – балаларды асырауға алименттер бойынша сот шешімдерінің орындалмауынан туындаған.
Балалардың өздерінен қандай да бір өтініштер келіп түскен жоқ.
Барлық шағымдар бойынша Уәкіл білім беру, денсаулық сақтау және ішкі істер органдарымен бірлесіп, тиісті шаралар қабылданды.