Орталық туралы >> Баспасөзге шолу

 

«Мөлдір бұлақтан....» бастау алар тың шабыт

Халықаралық отбасы күніне орай (15 мамыр) өткізілетін «Мөлдір бұлақтан..» атты өңірлік отбасылық шығармашылық фестивалі осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
Отбасы-қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Елбасымыздың «Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған- туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзі бар. Осы орайда Мемлекет басшысы отбасындағы тәрбиеге аса зор мән беріп отыр.
Елімізде отбасының қоғамдағы ролін арттыру мақсатында көптеген  игі істер атқарылуда. Отбасының соның ішінде, қоғамдағы әкенің ролі жан- жақты талқылануда. Биылғы жылы өткен тамыз конференциясы да Отбасы, мектеп, қоғамға байланысты болды. Осы бағытта Департаменттің үкіметтік емес ұйымдармен, атап айтқанда «Аналар үндестігі» үкіметтік емес ұйымымен атқарған шаралары да өте көп, -дейді Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Алпамыс Ғилымов. Сонымен бірге республика көлемінде, Халықаралық отбасы күніне орай (15 мамыр) өткізілетін «Мөлдір бұлақтан..» атты өңірлік отбасылық шығармашылық фестивалі .
Фестивальдің мақсаты қандай?
Фестивальдің ұйымдастырушысы туралы айтсаңыз?

Отбасылық шығармашылық фестивалі жалпы отбасы мәртебесін арттыруға ықпал ететін шығармашылық, білім беру, әлеуметтік қызмет арқылы әртүрлі қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылын отбасылық, мәдени, адамгершілік құңдылықтарға бірегей көзқарасты көрсетуге бағытталған.Өскелең ұрпаққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруде отбасы шығармашылығының ролін арттыру, отбасылық ұжымға қолдау көрсету, отбасылық шығармашылық саласындағы жетістіктерді көпшілікке дәріптеу, отбасындағы бос уақытты ұйымдастырудың жаңа түрлерін дамыту және тарату мақсатында өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасы бойынша  Атырау облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен өтпекші.
Жалпы аталған шара облыс көлемінде екінші жыл өтуде. Былтырға жылы өткен фестивальдің қорытындысы бойынша  Махамбет ауданында ерекше, жоғары деңгейде ұйымдастырылды, Биылғы жылы да ұйымшылдықпен, жақсы дәрежеде өтеді деген ойдамыз.
Фестивальға қандай отбасылар қатыса алады?
Онда  қойылатын талаптар қандай?

Фестивальға барлық ниет білдіруші отбасылар, өнерпаздық шығармашылықпен, кәсіби өнермен айналысатын отбасылар мен отбасылық құрылымдар қатыса алады.
Дәстүрлі халық өнері, оның ішінде, ұлттық(фольклорлық ұжымдар, әртүрлі құрамда халықтық ән- би ансамбльдері, этнографиялық театрлар,т.б) «Дәстүрлі халық өнері» бағыты бойынша отбасылық мерекенің бағдарламасы ұлттық дәстүрлерге негізделіп көпшілік ойын- сауық, ұлттық киім, салт- дәстүр, халықтық шығармашылық элементтерін көрсету тұрінде ұсынылады.
Хореография (би: ұлттық, классикалық, қазіргі заман, эстрадалық, бал кештері биі)  
Вокалды ұжым (академиялық, эстрадалық вокал)
Цирк, эстрада, өзіндік жанр  
Сәндік-қолданбалы шығармашылық. «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» номинациясы бойынша қатысушылар конкурс көрмесіне отбасы мүшесі дайындаған  сәндік-қолданбалы шығармашылық бұйымдары немесе «ежелгі отбасылық қолөнер» ұсынылады.
Көрме барысында шығармашылық жұмыс авторлары бұйымдарының жасау әдістер бойынша таныстырулар («мастер-класс») өткізілуі мүмкін.
Фестивальдің  өткізілу уақыты?
Фестивальдің  әділқазылар алқасы, жалпы  бағалау критерийлері қалай болмақ?
Одан қандай нәтиже күтеміз?
Фестиваль іс-шараларын іске асыруда  облыстық (қалалық) Ұйымдастыру комитеті, шығармашылық (сарапшы) комиссия құрылады.
Қатысушылардың орындауын және көрменің ұйымдастырылуын қазылар алқасы бағалайды. 
Қатысушылардың орындауының бағалау критерийлері отбасылық шығармашылық әрекеті барлық бағыт бойынша орындау шеберлігі жоғары дәрежеде, отбасылық дәстүр сабақтастығын бейнеленуі, орындау шеберлігі ерекшеліктері, сахналық орындау мәдениеті, орындау барысында жаңалықтар енгізуі болып табылады.
Бірінші кезең осы жылдың  30 сәуіріне дейін – аудандық ,қалалық фестивальдер, отбасылық шығармашылық  көрмелері
Қорытынды іс-шаралар 15 мамыр күні –облыстық  гала-концерт, отбасылық шығармашылық  көрмелері түрінде өтеді
Фестивальдің іске асыру мақсаты мыналарға ықпал етеді:
өңірлік және жергілікті деңгейлерде отбасы саясатын әзірлеудің және іске асырудың тиімділігін арттыру;
мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың отбасымен жүргізген өзекті жұмыстарының мәртебесі мен тиімділігін арттыру;
отбасына  бағытталған қызметтің және нақты іс жүзіндегі әртүрлі салаларындағы жетістіктерді насихаттау;
жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ ғылыми және оқу орталықтарымен отбасына бағытталған құрылымдық байланысты кеңейту
Фестивальға қатысты сұрақтар бойынша департаменттің 8(1722) 272417, 272878 телефондарына хабарласу  сұралады.

Құралай Қуатова, облыстық қоғамдық- саяси «Атырау» газеті,
 №44, 19 .04.2012 ж.
 

«Мөлдір бұлақтан....» бастау алар тың шабыт

Халықаралық отбасы күніне орай (15 мамыр) өткізілетін «Мөлдір бұлақтан..» атты өңірлік отбасылық шығармашылық фестивалі осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
Отбасы-қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Елбасымыздың «Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған- туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзі бар. Осы орайда Мемлекет басшысы отбасындағы тәрбиеге аса зор мән беріп отыр.
Елімізде отбасының қоғамдағы ролін арттыру мақсатында көптеген  игі істер атқарылуда. Отбасының соның ішінде, қоғамдағы әкенің ролі жан- жақты талқылануда. Биылғы жылы өткен тамыз конференциясы да Отбасы, мектеп, қоғамға байланысты болды. Осы бағытта Департаменттің үкіметтік емес ұйымдармен, атап айтқанда «Аналар үндестігі» үкіметтік емес ұйымымен атқарған шаралары да өте көп, Соның бірі республика көлемінде, Халықаралық отбасы күніне орай (15 мамыр) өткізілетін «Мөлдір бұлақтан..» атты өңірлік отбасылық шығармашылық фестивалі  -дейді Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Алпамыс Ғилымов. 

Облыстық қоғамдық- саяси «Атырау» газеті,
№44, 19 .04.2012 ж.

ӘРБIР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫН, ЕҢ АЛДЫМЕН, АТА-АНАСЫ ҚОРҒАУЫ ТИIС 

Рысты ЖҰМАБЕКОВА,  Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментiнiң директоры:

Сәрсенбiде қалалық Балалардың құқықтарын қорғау департаментiнiң директоры Рысты Жұмабекова бұқарамен тiкелей байланысқа шығып, елордалық балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қорғалуына қатысты сауалдарға жауап бердi. Қала тұрғындары тарапынан қойылған сауалдардың өзектiсiн өрiп, жариялап отырмыз.
– Сәлеметсiздер ме? Тiкелей тiлдесу ме?
– Иә, Рысты Мағауияқызы тыңдап тұр.– Аты-жөнiм – Сәуле. Жолдасым екеумiздiң отбасы құрғанымызға 12 жыл болды, бiрақ баламыз болмады. Балалар үйiнен бала асырап алғымыз келедi. Баланы асырап алғанымен дұрыс тәрбие бере аламыз ба? Осыған жүрексiнiп жүрмiз...
– Сәуле, айналайын, дұрыс айтасың, мұндай қадамға бару оңай емес. Бала тағдыры, бала тәрбиесi – ол жауапты iс. Дегенмен де, жолдасыңыз екеуiңiз дұрыс шешiм қабылдап отырсыздар. Еш жүрексiнбеңiздер. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексiнiң 85-бабының 1-тармағына сәйкес бала асырап алушылар баланы өздерi таңдап, 2 аптадай қарым-қатынасқа түсуге мiндеттi. Сонымен қатар, сiздердi Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментiнiң жанынан құрылған «Асырап алушы ата-аналар мектебiне» шақырамын. Бұл мектепте сiздер ақысыз түрде жан-жақты кеңес алып, өзiңiздi мазалап жүрген мәселелермен де бөлiсе аласыз.
– Аты-жөнiм – Ғалия Маратқызы. Жалғызбасты анамын. Балам 9-сыныпта оқиды. Оған жазғы демалыста жұмыс iстеуiне бола ма? Заңға қайшы келмей ме?
– Сұрағыңыз орынды. Бала еңбегi мәселелерiне тiкелей қатысты бiршама халықаралық конвенциялар мен маңызды құжаттарға сәйкес әрбiр баланы денсаулығына зиян келтiретiн немесе бiлiм алуына, әлеуметтiк дамуына кедергi болатын кез келген жұмысты атқарудан қорғауымыз керек. Балаларды ауыр және қауiптi еңбекке тартуға тыйым салынады. Еңбек ко-дексi бойынша жұмысқа қабылдау үшiн ең төменгi шек – 16 жас. 14 жасқа толған балалар шығармашылық салада ата-анасының келiсiмiмен, са-бақтан бос уақытында еңбек етуге болады. Мәселен, 16-18 жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн аптасына – 36 сағаттан, 14-16 жасқа дейiнгi қыз-меткерлер үшiн аптасына 24 сағаттан аспауы тиiс.
– Алло, қала тұрғыны Асхат Сәрсенбек боламын. Менiң сiзден сұрарым, Балалардың құқықтарын қорғау департаментi қызметiнiң Бiлiм басқармасының қызметiнен ерекшелiгi неде?
– Бiлiм басқармасы, негiзiнен, бiлiм беру сапасын, оның жүйелiлiгiн, стандартқа сай орындалуын басты назарда ұстайды. Ал, балалардың құқықтарын қорғау департаментi – 18 жасқа дейiнгi барлық балалар мен жасөспiрiмдердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн заң аясында қорғайды. Департаменттiң 39-04-93 сенiм телефоны немесе «Жүрек жылуы» қо-ғамдық қабылдауы арқылы құқығы бұзылған бала немесе баланың ата-анасы тiкелей хабарласып, заң аясында құқықтық, психологиялық көмектер ала алады.
– Менiң атым – Еркiн. 24 жыл бiрге тұрған әйелiм өткен жылы қайтыс болды. Кәмелетке тол-маған 4 балам бар. Некеде ресми тiркелмегенмiн. Сондықтан, әке-лiгiм анықталмады. Айтыңыз-шы, асыраушысынан айыры-лушы ретiнде жәрдемақыны қалай рәсiмдесем болады?
– Мұндай жағдайда тұратын мекен-жайыңыз бойынша АХАЖ органына хабарласыңыз. Сiзге қамқорлық және қорғаншылық органының келiсiмiмен әкелiгiңiздi анықтау керек. Осы жағдайдан соң, тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша жәрдемақы төлеу мемлекеттiк орталығының филиалынан балаларыңызға жәрдемақы рәсiмдей аласыз.
– Сәлеметсiз бе? Атым – Айгүл. Жасым 38-де. Некеде тұрмын, 2 кәмелетке толмаған балам бар. Жолдасым екеумiз ортақ келi-сiмге келе алмай ажырасқалы жүрмiз. Балаларым менiмен қалғылары келедi. Менiң балаларыма алимент тиiстi ме және қандай мөлшерде?
–Ерлi-зайыптылар ажырасқан кезде кәмелетке толмағандарға қатысты алимент төлеу туралы ортақ келiсiмге келедi. Ал олай болмаған жағдайда сот арқылы шешедi. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексiнiң 139-бабының 1-тармағына сәйкес алимент еңбек ақы-сының және басқа да табысының бiр балаға – төрттен бiр бөлiгi, екi бала болса – үштен бiр бөлiгi, үш немесе одан да көп балаға жарты бөлiгi тө-ленуi тиiс. Бұл мөлшерлер материалдық жағдайларын ескере отырып, азаюы немесе көбеюi де мүмкiн.
– Есiмiм – Гүлнар, 30 жастамын. Қызымның туылғанына 6 ай болды. Белгiлi себептермен туу туралы куәлiгiн ала алмай қалдым. Мерзiмi өткен тууы туралы куәлiктi қалай рәсiмдеуге болады?
– Сiзге тұрғылықты мекен-жайыңызға байланысты АХАЖ органына баланың тууы туралы медициналық куәлiгiн, неке туралы куәлiк арызда-нушының жеке куәлiгiнiң көшiрмесiн, түсiнiктеме мен бекiтiлген үлгiде арызды алып бару керек. Сонда балаңыздың куәлiгiн ала аласыз.
– Рысты Мағауияқызы, мен осы қаланың тұрғынымын. Аты-жөнiм – Нұрхан Ерман. Астана қаласындағы №6 Кәсiптiк лицейге баламды орналастырғым келедi. Мектеп маңында тұрамын. Бұл мүмкiн бе?
– Отбасыңыз толық па? Анығы, балаңыздың анасы бар ма?
– Бар.
– Астана қаласындағы №6 Кәсiптiк лицейiнде республика бойынша жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интер-наттық мекемелердiң тәрбиеленушiлерi және барлық жетiм балалар бiлiм ала алады.
– Сәлеметсiз бе? Мен – Жанар Нұғыман. Бала асырап алу үшiн құжаттарды рәсiмдеуге және соттың шешiмiн күткенше 2-3 ай өтедi. Осы уақытта баланы отбасына алуға болады ма?
– Әбден болады. Бұрындары бұлай болмайтын. Ендi қазiр жаңа өзгерiс-термен, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексiнiң 85-бабының 2-тармақтарына сәйкес 1 жасқа дейiнгi жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы құжаттарды рәсiмдегенге дейiн уақытша қамқорлыққа ала алады. Осыны бала асырап алуға ниеттi барлық адамдар бiлсе деймiн.
– Есiмiм – Данара. Жолдасыммен ажырастым. Бiр балам бар. 2-3 жыл болды жолдасымның тұратын мекен-жайынан хабарсызбын, қайда екенiн бiлмеймiн. Көп жағдайда әкесiнiң келiсiмi қажет болып жатады. Мұндай кезде мен не iстей аламын?
– Ол үшiн баланың тегiн өз тегiңiзге ауыстырып алуыңыз қажет. Бұрын баланың тегiн өзгерту үшiн мiндеттi түрде әкенiң келiсiмi қажет болатын. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексi бойынша баланың мүддесiне орай әкесiнiң тұрғылықты мекен-жайы анықталмаған жағдайда, оның келiсiмiнсiз тұратын жерiне қарасты АХАЖ-ға барып баланың тегiн өзгерте аласыз. Осылай жасасаңыз, өзiңiзге, құжаттарыңызды рәсiмдеуге де тиiмдi болар едi.
– Менiң атым – Елена. Жақында ұлыммен аяқ киiм дүкенiне барған болатынбыз. Аяқ-киiм өлшеу кезiнде ұлым салондағы жұмсақ орындыққа қолындағы балмұздағын байқамай тигiзiп алды. Мұны көрген сатушы ұлыма ауыр сөздер айтып, балағаттады. Баламның құқығын қалай қорғай аламын?
– Бiзге келiңiз. Көмек көрсетемiз
– Менiң баламды кешқұрым көшеде кетiп бара жатқан жерiнен құқық қорғау органдарының қызметкерлерi тоқтатқан. Бұл қаншалықты заңды?
– Балаңыздың жасы нешеде?
– 11-де.
– Сағат нешелер шамасында тоқтатқан?
– 22.30-да
– Онда заңды. Әкiмшiлiк Кодекстiң 336-бабының 4-тармағына сәйкес кәмелетке толмағандар кешкi 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейiн ересектердiң iлесуiнсiз көшеде жүруге болмайды. Бұл балалардың қауiпсiздiгi үшiн дұрыс деп ойлаймын.
– Аты-жөнiм – Рая Сақыпқызы. Қызым қаламыздағы жеке колледжде оқиды. Оларды орыс тiлi пәнiнiң мұғалiмi сабақ барысында жеке басына тиетiн, ауыр сөздер айтып топ алдында төмендетедi. Балалардың құқықтары бұзылып жатыр ғой. Оны кiм қорғайды?
– Қызыңыз қай колледжде оқиды?
– Мұны айтпасам бола ма?
– Мiне, сiз сияқты бiзге қаншама адам телефон шалды. Барлығы осылай нақты мекен-жайды көрсеткiлерi келмейдi. Айтыңызшы, мұндай жағдайда сiздiң мәселеңiз қалай шешiледi?
– Сенiм телефондарыңыз бар болар...
– Көбiне ата-аналар қазақы ұятты ойлап, хабарласса да толық айтпай жатады. Бұл дұрыс емес. Оқиға қалай болды? Оған кiм араласты? Баланың құқығын кiм бұзды? Мiне, осы сұрақтардың жауабы нақты болуы керек. Әрбiр баланың құқығын, алдымен, ата-анасы қорғауы керек. Сондықтан, Рая, бiзге осы бiлiм ошағының толық мекен-жайын айтып, мұғалiмнiң аты-жөнiн хабарлаңыз. Департаменттiң 39-04-93 сенiм телефонына немесе «Жүрек жылуы» қоғамдық қабылдауына хабарласып, нақты мекеменi көрсетiңiз. Бiз мiндеттi түрде шешiмiн табамыз.
– Менiң есiмiм – Еркiн. Астана қаласындағы №6 Кәсiптiк лицейде оқимын. Асханадағы тамақтың сапасы төмен, дәмсiз. Бұл балалардың құқықтары бұзылғанға жатпайды ма? Құнарлы, сапалы тамақ iшуге мүмкiндiгiмiз бола ма?
– Бiз өткен аптада ғана аталған бiлiм беру мекемесiне барып, iшкi жағдайларымен танысып қайттық. Сондықтан, сiздiң қойған сауалыңыз орынды және жақын арада тамақтың сапасы туралы мәселе шешiледi.
– Сәлеметсiз бе? Құралай Оңалбекова боламын. Балаларды 1-сыныпқа тест, қандай да бiр тексерулер арқылы қабылдайды. Бұл деген мектеп табалдырығын аттамаған бала-лардың құқығын бұзу емес пе?
– Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 Қаулысына сәйкес бiрiншi сыныпқа қабылдау кезiнде ешқандай емтихан, тест немесе басқа да сынақтар өткiзiлмейдi. Ал егер сiз барған мектеп талап қойып жатса, Департаментке хабарласыңыз.
– Есiмiм – Қаламқас. Ортақ баламыз болмағандықтан, күйеуiм екеумiз екi бөлек тұрамыз. Ендi мен балалар үйiнен бала асырап алайын деп едiм. Ол үшiн күйеуiмнiң келiсiмi қажет пе?
– Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексiнiң 96-бабында айтылғандай, ерлi-зайыптылар 1 жылдан артық бiрге тұрмаса, жолдасының келiсiмi қажет емес.

«Астана ақшамы» қалалық газеті,
Гүлжан РАХМАН,
2012 жылғы 6 наурыз


Айқын міндеттер асуы

 

Елбасының биылғы Жолдауының әр тарауы қоғамдағы өзекті мәселелердің шешіміне бағытталған. 
Әсіресе, маған Президенттің білім саласы жөнінде көтерген мәселесі ой салды. Елбасы біздерге балаларды өз білімдерін нақты фунционалды қолдана білуге үйретуге, бағыт беруге тапсырма берді. Барлық білім беру мекемелеріндегі оқушылар жалпы білім алып қана қоймай, алған білімдерін өмірде тиімді пайдалана білуге, жүйелі жүзеге асыра алуға дағдыландыру қажет. Бұл мәселе жөнінде  Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов  білім беру мекемелерінің басшыларын жинап Жолдаудың аталған тармағын жүзеге асыру үшін нақты міндеттер жүктеді.
Жолдауда өскелең ұрпақтың тәрбиесі, яғни білім алуы,  қолынан келетін кәсіпті игеруі әр адамды, әр ата-ананы ойландыру қажет.Осы орайда Мемлекет  басшысы педагогтар құрамының сапасын арттыру, білім беру үлгі қалыптарын,  мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажеттігігін айтты.  Оқушылардың біліктілігін бекітудің  тәуелсіз жүйесін құру жөнінде ұсыныс жасады. Қазіргі таңда жастарда адамгершілік тәрбие жоқ дейміз, бірақ бұл жағдайды шешудің жолын айтпаймыз. Сондықтан педагогикалық ұжымның алдында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде маңызды әрі нақты міндеттер тұр. Осының бәрі айналып келгенде балалар мен жастарға  білім және тәрбие берудің сапасын көтеруге бағытталған міндеттер деп түсінеміз. Жалпы, қай елдің болмасын даму көрсеткіші халықтың денсаулығы, білімі, руханият арқылы  білінеді деп ойлаймын. Осы орайда Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайына ерекше мән беретінін айтуға тиіспіз. Біздің еліміздің денсаулық сақтау, сонымен қатар зейнеткерлер тұрмысын жақсартуға байланысты жағымды жағдайлар жасалып келеді. Республикада индустриялды-инновациялық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Демек, әлеуметтік сала мен экономикалық даму істері қатарлас жүргізіліп, келеді деуге негіз бар.Ал осындай кезеңде өскелең ұрпақты заман талабына қарай өсіру бүгінгі биліктің басты міндеті болса керек.Бұл ретте Жолдауда айқындалған міндеттерге қарап, бағытымыздың  дұрыс екенін сеніммен айта аламыз.
Екінші әлемдік дағдарыстың толқыны кезінде еліміздің экономикасын көтеруге жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асуын ерекше атап өтуге болады. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жетуі еліміздегі жас отбасыларының әлеуметтік жағдайын оңалтуға зор мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, қуантарлық жайт отандық құрылыс саласының дамуына және жаңа жұмыс орындарының туындауына жаңа мүмкіндіктер беріліп отыр. Бұл дегеніміз дағдарыс кезінде еліміздің экономикасының дамуына өз үлесін қосады.
Түптеп айтқанда, мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстан халқының ертеңіне сенім, рухани күш, жігер, үміт береді.    

Астана қаласы Балалардың құқықтарын  қорғау департаментінің      директоры  Жұмабекова Рысты Мағауияқызы
«№17 (2778) сенбі 11 ақпан  «Астана ақшамы» газеті    

 

Ризашылық – қайырымдылық мерекесі

"Бөбек" республикалық балалар қоры мен Қазақстан Республикасының Білім және еылым министрлігінің бастамасы негізінде елімізде жыл сайын қарашаның 26-шы жұлдызында ұйымдастырылатын "Ризашылық - Доброта во благо детям" атты жетім жене ата-анасының қамқорлыгынсыз қалған балаларға арналған қайырымдылық мерекесінің аясында облыстық балалар құқығын қорғау жөніндегі департаменттің мұрындық болуымен Петропавл қаласындағы "Балалар үйі" мемлекеттік мекемесінде де осы аттас шара өткізілді.
Осы мекеменің мәжіліс залында өткен шарапаты мол шараның барысында тартымды, қызықты бағдарлама бойынша жиналғандар таңертеңгілікті тамашалады. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, Солтүстік Қазақстан облысында жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған 1973 балғын тұрады. Соның ішінде 699-ы интернаттық оқу орындарында оқыса, 1148 жеткіншек қамқоршылық пен қорғаншылыққа алынған, 68-і - денсаулық сақтау мекемелерінде және 63 жас әлеуметтік қорғау ошақтарында тіркелген. "Бебек" балалар қоры мен еліміздің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның атынан беттері бал-бұл жанған балаларға сан алуан сыйлықтар берілді.
Аталмыш қайырымдылық мерекесінің басты мақсаты қоғам назарын тағдырдың ауыр тәлкегін тартқан осындай балаларға аударту, оларға барынша кеп көңіл бөлу әрі мұндай балғындардан саналы, дені сау ұрпақты қалыптастыру, тәрбиелеуге сүбелі үлес қосу болып табылады. Айта кетерлік жайт - медициналық мекемелердің тізіміне енетін балалар үйінде 1 және 4 жас аралығындағы бүлдіршіндер тұрады. Ашылғанына 90 жыл толайын деп отырған бұл ошақта 63 бөбек бар екен. Көбі ата-ананың аялы алақанын сезбегендіктең олардың басым бөлігінің орталық жүйке жүйесі нашар. Осы сәбилерді көрген сәтте жетім және ата-анасының ыстық ықыласына бөлене алмағаң олардың махаббатың сүйіспеншілігің мейірімділігің адамгершілігін көре алмаған балалар ертеңгі күні қандай адам болып өседі, олар балалық шақтағы мұндай ауыртпалықтың кесірінен тым қатал болып қалыптаспай ма деген ой келеді.

 

 

Дулат Қожахметов, «Солтүстік Қазақстан» 
№145 от 1.12.2011 г.


 Ризашылық күніне арналды

«Бөбек» қорының бастамасымен екінші жыл қатарынан өткізіліп жүрген ризашылық күні тағдыр талқысымен жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілердің жүрегі жомарт қайырымды жандарға өз ризашылығын білдіретін күн болып саналады. Ризашылық күні қарашаның 26 жұлдызында облыс көлеміндегі балалар үйлерінде атап өтілді.
Құрылысшы шағынауданында орналасқан «Облыстық балалар үйі» бұл мерекеге ерекше әзірленген. Мекеменің іші-сырты түрлі шарлар мен жалаушаларға, ойыншықтарға толы. Көңілді әуен ырғағы қонақтарды мерекеге шақырып тұрғандай. Тәрбиеленушілер ұлттық киім киіп, қонақтармен мұсылмандық дәстүрмен амандасуда.
Облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов, облыстық білім басқармасының бастығы Марат Тоғжанов, танымал спортшылар Диана Қасымова, Нариман Қайырманов, басқа да арнайы келген қонақтар балаларға тілектерін айтып, сый-тартулар жасады. Балалар да қонақтарға өз қолдарымен жасаған бұйымдарын естелікке ұсынды.
Ең басты сыйлық «Бөбек» қорынан жетті. Астанадан арнайы жеткізілген ноутбук, фотоаппараттар, түрлі-түсті принтер, көптеген коньки, шаңғы, велосипедтерді көрген балалардың қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бүгінде мекемеде 3-18 жас аралығындағы 90 бала тәрбиеленуде.
Мемлекеттік тілде ән салып, жыр оқыған сан ұлттың ұландары қонақтарды өнерлерімен тамсандырды. Бұл - тәрбиеленушілерге мейірімді ана болумен қатар, ана тіліміздің де қамқоры, осы мекемені он екі жылдан бері басқарып келе жатқан Раиса Наурызованың орасан зор еңбегінің нәтижесі. Бұл күні тәрбиеленушілер өздеріне арнап жайылған дастарқан басында Елбасына, «Бөбек» қорына, демеушілерге, балалар үйінің басшысынан бастап барлық қызметшілерге арнаған ақ тілектерін айтты. 
Мұндай шара «Мейірім» облыстық мамандандырылған бөбектер үйінде де өз деңгейінде өтті. Бүгінде «Мейірім» балалар үйінде төрт жасқа дейінгі 64 бала тәрбиеленуде.
Ұжымның береке-бірлігін жарастырып, тәрбиеленушілердің денсаулығын оңалтуда, аман-есен жетіліп кетулеріне көп еңбек сіңіріп жүрген білікті басшы А.Табылдиевтің еңбегін ерекше атап кеткен орынды. Он шақты жыл балалар ауруханасын басқарған Асқар Тобаниязұлын бүгінде «көп балалы әке» деп орынды атайды.
Шара басталғаннан кейін мекеме басшысы арнайы келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, алдымен «Бөбек» қорының төрайымы Сара Назарбаевадан келген ізгі тілекті құттықтау хатты оқыды. Ал балғындар осы қор атынан сурет студиясы үшін арнайы жіберілген құрал-жабдықтарды көріп, үлкен қуанышқа кенелді.  
Балалар үйіне он шақты жылдан бері тұрақты қамқоршы болып келе жатқан «Ұлттық банктің» БҚО филиалы мен БҚО бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментін атап өткен жөн.
Шараға банк филиалы директорының орынбасары Ғалия Сатыбалдина мен департамент бастығы Талғат Сәдуақасов арнайы қатысып, тілектерін арнады. Қос мекеме басшысы мен өкілдерінің балалар үйіне Наурыздан бастап, жыл ішіндегі бүкіл мерекені бірге атап өтуі - сол игі дәстүрдің жібі үзілмей келе жатқанының айқын айғағы.
Бұл шараға кішкентай бөбектер ерекше дайындалған. «Алтынай» (директоры А.Жұмағұлова) сұлулық салонының қызметкерлері бірнеше жылдан бері осы балалар үйіне келіп, оларды  қуыршақтай етіп киіндіріп, шаштарын сәндеп, көрермендер алдында өздерін қалай ұстауға дейін үйретеді. Ал «Атамекен» ҰЗҚ-ның БҚОФ (директоры Р.Валиева) бүлдіршіндерге неше түрлі әдемі көйлектер мен костюм сыйлауды дәстүрге айналдырыпты. Плазмалы үлкен теледидарды сыйға ала келген «АқсайГазСервис» АҚ-ның өкілдері (президенті Т.Шектібаев) бұл мекемеге тұңғыш рет келіп тұрғанымен, алдағы уақытта тығыз байланыста болып, демеушілік көмектерін аямайтынын жеткізді. «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалынан, облыстық денсаулық сақтау және білім басқармалары, балалар құқықтарын қорғау департаменті, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, басқа да мекемелерден өкілдер қатысып, сый-тартулар жасады.
Балалар былдырлаған тілдерімен  ән салып, дөңгелене би биледі. Арман-қиялдарын ақ қағаз бетіне сурет етіп салады. Қай суретке қарасаң да, анасының қолынан жетелей келе жатқан баланы, тұрғын үйді, достарымен ойнап жүрген балғындарды көресің.
Шара барысында жүректі шым еткізген бір сәт – балалардың ризашылық терегіне бақыт құсын қондыруы. Аппақ көгершін – балалардың сағынышын ата-аналары мен мейірімді жандарға жеткізуге асығып, қанаттарын қағып ұша жөнелетіндей әсер береді. Жиналғандар балалардың осы қиялы шындыққа айналсын деген тілектерін арнап, қол шапалақтап қошеметтеп отырды.
Ризашылық күні кешке дейін созылды. Тәрбиеленушілер бар мейірімін төгіп жүрген ұжымның барлық қызметкеріне өздері әзірлеген қолөнер бұйымдарын, алғысхаттарын сыйлады. Осылайша мейірім мен шуаққа толы бір күн артта қалды.
Мұндай шаралар №15 облыстық көмекші мектеп-интернатта, Зеленов ауданы «Январцев ауылындағы балалар үйі» ММ, «Көшім балалар психоневрологиялық дәрігерлік әлеуметтік мекеме» ММ, басқа да балалар үйінде өтті. 

 

Тәрбие Смағұлова /«Орал өңірі»,
облыстық қоғамдық - саяси газеті
№138 01.12.2011

 


Бейбітшілік белдеу

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қолға алынған «20 жұлдызды күн» акциясы аясындағы  шаралар облыс орталығында жалғасын табуда.
Осындай маңызды жиын жуырда  №12 қалалық кітапханада   «Қазақстан – ядролық қарусыз мемлекет» атты тақырыпта ұйымдастырылды. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйытқы болуымен өткен шараға қаламыздағы №5 кәсіптік лицейі мен №9 ЖББОМ-ның оқушылары қатысты. Жиында  ядролық қарудың зардаптары жайында баяндамалар тыңдалып, осы тақырыптағы фотосурет шежіресі оқушылар назарына ұсынылды. 

Нұртас Набиоллаұлы /«Орал өңірі»,
облыстық қоғамдық - саяси газеті
№138 01.12.2011
 


Балалар қуанған күн


Осыдан үш аптадай бұрын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің кеңесшілері, қызметкерлері қамқорлығындағы балалармен бірге Орал қаласына біркүндік саяхат жасап қайтты.
Қайырымдылық шарасын ұйымдастыруда, ең алдымен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім бастығы Б.Баяхатова мен Сырым аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімінің меңгерушісі Қ.Төлеповтің еңбегі ерекше болды. Балжан Яхотқызы балалар саяхат жасайтын мекемелермен алдын ала келісіп, олардың тегін қызмет көрсетулеріне себепкер болса, балалардың қауіпсіздігіне және көлікпен қамтылуға Қайрат Нұржанұлы ұйытқы болды.
Мұндай үлкен шараның демеушісіз өтпейтіні белгілі. Алмагүл Жанғожиева, Нұралы Үдреев, Гульфия Нығметова, Самиғолла Төлепов, Шәмел Шаяхметов, Орынбике Ғұмарова, Қуандық Жаужиев сынды жеке кәсіпкерлер балаларды қуанту үшін қаржылай демеушілік танытты. Ал «Балалар мен жасөспірімдер туризмі жәнетәрбие орталығының» директоры Айнұр Мұхамбетжанова балалардың қала ішінде емін-еркін саяхат жасауына мекеме көлігімен көмектесті.
Оралдағы саяхатымыз облыстық тарихи-өлкетану музейінен басталды. Музей директоры Ә.Жоламанов жәдігерлермен таныстырып, мол мағлұмат алдық. Балалардың саяхаты облыстық биологиялық-экологиялық орталықта жалғасын тапты. Осы орталықтағы аң-құстар мен жәндіктерді балалар қызыға тамашалады.
«Ас – адамның арқауы» дегендей, «Неолит» кафесінің иесі Вали Юсифов дәм толы дастарқан жайып, балаларға түскі ас берді. Нәрлі ас ішіп, ауқаттанып алғасын балалар «Галактика» ойын-сауық орталығына бет алды. Түрлі ойындар ойнап, қызыққа кенелген мүмкіндігі шектеулі балдырғандарға орталық қызметкерлері қонақжайлылық танытып, сусындарды тегін таратты.
Бөлімше меңгерушісі Д.Сатанғалиеваға, көлік жүргізушісі Армат Батыршинге, басқа да қолұшын созған қайырымды жандарға ата-аналар алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіруде. 
 

Г. Жанғожиева /«Орал өңірі»,
облыстық қоғамдық - саяси газеті
№138 01.12.2011

 


Балалар үшін...

ҚР Тәуелсіздігініһ 20 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» бағдарламасы аясында еліміздің Бірінші Ханымы Сара Назарбаеваның бастамасымен облыс көлемінде «Ризашылық» және «Балалардың игілігі үшін...» атты қайырымдылық мерекесі аталып өтті. Қайырымдылық мерекенің мақсаты - бейбітшілік пен жасампаздық, мемлекеттік пен Тәуелсіздік құндылықтарын балалар санасына орнықтыру, мейірімділік пен ізгілікті паш ету және балаларға көңілді жанұялық мереке сыилауға бағытталды.  
Аталған қайырымдылық іс-шарасының алғашқысы Тараз қаласындағы «Ұлан» балалар үйінде өтті. Мұнда Бірінші Ханымның кұттықгау хаты мен сыйлықтарын табыс ету ішін облыстық балалар құқықтарын қорғау департаментінің бастығы Думан Мәуленов арнайы қелді.
Мерекелік кеште алғы сөзді алған департамент басшысы жыл сайын дәстүрлі түрде аталып келе жатқан мерекемен балалар үйінің тәрбиешілері мен балаларды құттықгай келе, Сара Алпысқызы атынан бағалы фотоапарат, ноутбук және түрлі-түсті принтер сыйға тартты. Өз сөзінде Думан Болатұлы «Болашағымыз, еліміздің ертеңі баянды болсын десек, балалардың жылына бір рет келетін куанышты мерекелерін ескерусіз қалдырмауымыз қажет» деп ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Бірінші Ханымның балаларға арналған ізғі тілек, ақ ниет сәлемдемесін балалар үйінің директоры Күләш Болысбаеваға салтанатты түрде табыс етті.
Ал, өз кезегінде «Ұлан» балалар үйінің директоры Күләш Болысбаева үшінші жыл қатарынан аталып келе жатқан мерекемен көпшілікті құттықгай келе, балалар үйінің атынан игі бастамаға ұйытқы болып жүрген Сара Назарбаеваға алғасын білдірді. Сонымен қатар, қазіргі таңда «Ұлан» балалар үйіне «Халық банкі», «Қазпочта» сынды мекемелердің демеушілігімен 80 жаңа төсек, балаларға бір үлгіде тігілген костюмдер және дәлізге төсеуге арналған кілем сатып алынғанын қуанышпен жеткізді. Және Күләш Пернебекқызы сөз соңында, ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға мемлекет тарапынан ғана емес жеке мекемелер мен кәсіпкерлерде қол ұшын созып жатқандығына ерекше ризашьшығын білдірді.
«Ұлан» балалар үйінің бүлдіршіндері дәл осындай сый-құрмет, ақ тілектер төгіліп жатқан салтанатты кешті арнайы дайындалған мерекелік концертпен қыздыра түсті. Кеште ән айтылып, би биленіп, Сара Назарбаеваның атына арналған өлеңдер оқылып, тілектер жолданып жатты.
Дәл осы күні қайырымдылық мереке «Үміт» бөбектер үйінде, Қ.Сармолдаев атындағы №1, «Рахым», Ержановтар, Тимофеевтер үлгісіндегі балалар үйінде, облыстық Жасөспірімдер үйінде, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйінде және Мерке ауданындағы В.Савва атындағы мектеп- интернатта жалғасын тапты. Мұнда да Сара Алпысқызының атынан балаларға ноутбук, кәсіби фотоаппарат, түрлі-түсті принтер, музыкалық орталық, плазмалық теледидар және ЛЕГО-дамыту ойыншықтарымен қатар, сурет салуға арналған кеңселік заттар сыйға тартылды.

Саятхан ЖАПАРҰЛЫ,
«Жамбыл-Тараз» 
№48 30.11.2011 ж.

 


Айналайын

Бар жақсы – балаларға! Қуан­са бала қуансын! Бұл өмір қулық-сұмдықтан ада, періште көңіл балалармен әдемі, мәнді де сәнді. Кіш­кентай доста­ры­мыздың құр­метіне, Ж.Баймәдиеваның жетек­ші­лі­гіндегі «Ай­на­лайын» балалар үйінде Ри­за­­шылық күні аталып өтті. Мұн­дағы басты жаңалық рес­пуб­ликалық «БӨБЕК» қоры­ның атал­мыш балдырғандар ша­ңы­рағына бағалы сый-сия­патпен, мерекелік сәлемдемемен келуі болды. 118 жеткіншек тәр­бие­леніп жатқан үйге об­лыстық ба­лалар құқықтарын қорғау де­пар­таменті мен об­лыстық білім басқармасының өкілдері елі­міздің бірінші ха­нымы Сара Назарбаеваның сә­лемдемесін жеткізді. Құны аса қымбат тұ­ратын музыкалық орталық, екі ноутбук, қос фото­аппарат , тағы да басқа бағалы, балалар игілігіне ауадай қажетті заттар сыйға тартылды. Риза­шы­лық күні өнерлі балдырғандар кон­цертімен әрленді. 

                                                                                            Нұр Жамал, 
                        Алматы облыстық қоғамдық-саяси  «Жетісу» газеті,
                                                                               №137, 29.11.2011 ж.


 Қамқор

А. Байсымақованың қанатының астын­дағы, бүгінде 152 бала тәрбиеленіп жатқан «Қамқор» алғаш 1972 жылы ақыл-есі кем балалар үйі болып құрылған болатын. 4 және 18 жас аралығындағы сырқат жеткін­шектер де өздерін сау балалар­дай, ешкімнен кем емес екен­дік­терін сезінсін, оларды да елі­міздің белсенді бір мүшесі ретін­де қоғамға енгізейік деп шешкен тәр­бие­ші­лер ұсыныс тастап, бұ­рынғы облыс әкімінің қол­дауы­мен бұл мекеме «Қамқор» деп аталды. Мұнда мүгедек бала­ларға медициналық және маман­дандырылған маман иелері, пе­дагогтар қызмет көрсетеді, емдік уқалау, емдік жаттығу және жылқы терапиясын қолдану арқылы емделеді. Олар сондай-ақ өздеріндегі жылы­жай­да өсірі­летін гүлдерді күтіп-баптауға қатыс­тырылады, қолөнер шебер­ханасында өз-өз­деріне киім тігу­ге, тоқуға үйренеді. Әр баланың жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып табиғи қабілет­терін ашуға және ары қарай дамытуға күш жұмсалады. Бала­ны ауру-сау деп бөліп-жармай­тын, оларды риясыз сүйе білетін мұндағы тәрбиешілердің еңбегі еш кеткен жоқ, бір кездері буындарын ұстай алмайтын ұл-қыздарымыз сапалы ем нәтиже­сінде Сара Алпысқызы ұйым­дастырған Риза­шылық кү­нінде де «Қаражорғаны» нақышына келтіре би­леп берді.

Нұр Жамал, 
Алматы облыстық қоғамдық-саяси
 «Жетісу» газеті, №137, 29.11.2011 ж.

 


 Жан жылуы
 

Қашанда мейірімділік бар жерде адамзат бойындағы ең жақсы қасиет қайы­рым­ды­лық қалыс қалмайды. Еліміздің бірінші ха­нымы Сара Алпысқызының бастамасымен қалып­тасқан «Ризашылық күні» мерекесі рес­публи­ка­мызда дәстүрге еніп, жазиралы Жар­кент өңі­ріндегі жетім балалар үйінде екін­ші жыл қа­тарынан өткізіліп келеді.
Тәуелсіздік тойына тура 20 күн қалғанда, сенбіде таңертең Жаркент қаласындағы облыстық мәндегі мүмкіндігі шектеулі жетім және асыраушысы жоқ балалар мектеп-интернатына құшақ-құшақ гүл көтерген кәсіпкерлер мен мекеме басшылары көп жиналды. Олардың арасында мекемедегі жетім балалардың жүйеленген жанұяларына көп жылдан бері тұрақты қамқорлық көрсетіп жүрген өкіл әкелер мен аналар да аз емес. Бірден айта кетелік, бұл мекемеде тәрбиеленетін 90-нан астам жетім бала бірнеше  отбасына бөлінген.
Мереке мекеменің жиынжайында бастау алып, зал шараға байланысты түрлі-түсті шарлармен, әсем гүлдермен, әдемі жалаушалармен, «Мейірімділік тек балаларға», – деген, тағы басқа да жазуы бар қанатты сөздермен безендіріліпті. Салтанатты шара сахнасының шымылдығы  «Қазақ елі осындай» әніне қойылған композициямен ашылды. Жүргізушілер, осы шуақты шаңырақтың тәрбиешілері  кезекпен әсерлі сөз легін ағытып,  мерекенің мән-мазмұнын, мақсатын баяндап өтті. Сонан соң олар Сара Назарбаеваның барша Қазақстан балаларына арналған мерекелік құттықтау хатын оқыды. Әз ананың қолы қойылған хаттарды балаларға таратты.
Әнмен, бимен өрілген әсерлі басқосуда алға шығып сөз сөйлеген мекеме басшысы Балқия Ешенқұлқызы: «Қымбатты балалар, құрметті қонақтар! Сара Алпысқы­зының бастамасымен біздің үлкен  отбасымызда да Риза­шылық күні мерекесі өткізілуде. Тек ізгі ниетті, ризашылық сезімдерін шын жүректен бір-біріне айта алатын адамдар ғана Отанына, туған жеріне ықылас пен мейірімділік сыйлай алады», – деді толқи тұрып. Мекеме басшысының сөзін балалар «Ризашылық» әнімен жалғап әкетті.
Бұл басқосуда аудан әкімінің орынбасары Амантай Раев, Жаркент қаласының әкімі  Бақыт Нұрелов, балалар отбасына  ұзақ жылдан бері тұрақты қамқоршы болып жүрген Шәріпхан қажы Тұрғанов, осы мекеменің бұрынғы басшысы, зейнеткер Мәлік Мафухаев, қашанда жетімдерге сый-сияпатын ұсынуға әзір тұратын кәсіпкерлер Роза Хайбулина, Суриям Изимова, Гүлнар Ақсубаева тағы басқалар мейрімділік күні мерекесіне байланысты балаларға ақ тілектерін арнады. Балалар­дың өнерімен өрілген мерекеде Асыл Омарғазы, Раушан Мұсаходжаева, Әлібек Ахметов, тағы басқа да оқушылар мен олардың тәрбиешілері Гүлмира Әбдікәрімова, Сәбира Бақберова шырқаған әндер мен билер көрермендерін тәнті етті.
Жаркент қаласындағы «Саз» мейрам­ханасының қожайындары ерлі-зайыпты Гүлмира, Аквар Бешировтар мол мәзіретті дастарқан жайып, жетім балалар мен мекеме ұжымына және мерекеге келген қонақтарға кең пейіл білдірді. Жетімдер үйіне жан жылуын сыйлаған бұл мерекелік шара осындай көңілді дүрмекпен өтті.
 

М.Манапұлы,Жаркент қаласы,
Алматы облыстық қоғамдық-саяси  «Жетісу» газеті, №137,
 29.11.2011 ж.


 «Бөбек» қоры балғындарды риза етті

Ата-ана мейірімінсіз есіп келе жатқан жетімдер үйінің балаларын, денсаулықтарымда ақаулык бар бөбектерді қызық-қуанышқа белеп, жүздеріне нұр, көңілдеріне шаттық сыйлаған бұл акцияның дәстүрге айналғанына бірталай уақыт өтті. «Бобек» коры биында игі істің басы-касында болып, жандары жудеу бөбктерге  камқорлық қолын созды.          
Сөйтіп, біздің облыс бойынша 12 Балалар уйі мен дерігерлік-әлеуметтік мекемелиріне «Бөбек» қоры  б миллион тенгенің құрал-жабдықтары мен сыйлмқтарын тарту өтіп, зор қамқорлық жасады. Осындай игі шаранын бірі Сандықтау ауданындағы №З балалар үиінде де болып өтті. «Ризашылық» мерекесіне қатысқан облыстық балалар құқығын қоргау департаментінің директоры Наталья Замолоцких балғындарға оқуда озат, өмірлері бакытқа толы болуларына езінің тілектестігін білдірді. Сонымен бірге аудан әкімі аппаратының басшысы Қайрат Омаров және аудандық білім бөлімінің бастығы Гулнәр Қадыровалар ата-ана камқорынсыз калган балаларға қашанда қамқорлық жасалатындығын, буған мемлекет те баса көңіл белетіндігін атап өтті. Ал, Сандыктау ауданындағы №3 балалар үйінің директоры Ме­реке Молдахметов «Бөбек» қорының бұл қайырымдылық ісіне өзінің шексіз алғысын айта келіп, жабыркағанга - жұбаныш болған мундай мейірімділік істер көп болса екен деп өзінің ізгі тілегін білдірді.
Ризашылық күні балалар үйіиің тәрбиеленушілері келген қонактарға өздерінің концерттік бағдарламарын усынып, өнерлерін ортаға салды. Бұдан кейін осы шараға катысқан меймандар балалар үйінің мұражайында уйымдастырылған көрмедегі қоленер туындыларын көріп, тамашалады. Ба­лалар үйінің бурынғы тәрбиеленушісі Валерий Шульганың да «Ботай» ежелгі тұрағы мен Жабай көлінің маңында жүргізген археологиялық казба жұмыстары жайлы жасаған еңбектері де ұсынылды.

                                                                                        «Арқа ажары»
                                                                   №149 от 29 ноября 2011 ж.


 Балғын жүректерді мерейге бөледі

Өткен сенбіде балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған «Ризашылық» мемерекесі өткізілді. Бұл мереке «Бөбек» қоры мен оның президенті Сара Назарбаеваның бастамасымен 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл мейірім шуағын сепкен бұл мереке ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен және республикалық «20 жұлдызды күн» акциясымен тұспа-тұс келіп отыр.
«Ризашылықтың» басты Мақсаты - ата-ананың аялы алақанын сезінбей өсіп келе жатқан балаларға отбасылық жылулық сыйлау, мейірім шуағын ұялату. Бұл күні балалар үйінің тәрбиеленушілері сый-сияпаттың астында қалды.
«Ризашылықтың» шапағатын Шығыс Қазақстан облыстық арнайы жетім балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушілері де көрді. Мұндағы мерекеге облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Әбденов, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Д. Арғынғазин, облыстық балаларды қорғау департаментінің бастығы А.Исаев қатысып, балаларды құттықтап, сый-сияпаттарын ұсынды. Мен бүгін балалардың көзінен нұр көріп тұрмын. Балаларға қуаныш сыйлаудың өзі ұлы іс. Осы орайда мектеп-интернаттың директоры мен ұжымы аз жұмыс атқарып жатқан жоқ. Оларға шын жүректен алғысымды білдіремін. Биылғы мереке ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғандықтан, ол - ерекше. Тәуелсіздігіміздің қиын жылдарын артқа тастаған еліміз жаңа бағытта даму үстінде. Оған сіздер де үлес қостыңыздар, -дей келіп, Серік Әбденов «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаеваның құттықтау сөзін оқып берді. Мектеп-интернат директоры Э.Сиванбаева балаларды, ұжымды мерекемен құттықтап, келген қонақтарға алғысын білдірді.
Бұл күні мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері де аянып қалған жоқ. Ел ағалары мен мейірімді Сара Алпысқызының жылы лебіздерінің құрметтне өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, мың бұрала би биледі. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының бастауын сипаттайтын көрініс қойып, көрермен қошеметіне бөленді. Концерттік бағдарламадан кейін балалар мен қонақтар Сара Алпысқызы сыйға тартқан «Ертегілер елінде» атты фотостудиясында өткен шеберлік класына ша-қырылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары тәрбиеленушілермен фотостудияда естелік суретке түсті.
Мереке барысында балалардың шебер қолдарынан шыққан бұйымдардан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге мектеп-интернаттың өз бақшасында егілген өнімдері қойылды. Сондай-ақ, сол бақшаның табиғи материалдарынан жасалған қолөнер бұйымдары көрменің сәнін ашты. Мұнда тәрбиеленуші қыздар қолдары қалт еткенде гүл егіп, тігіншілікпен айналысады. Сол еңбектің жемісін қонақтар көрме барысында тамашалай алды.
Шебер қолдан шыққан ісмерлік бұйымдар көздің жауын алады. Серік Әбденов балалардың еңбегіне оң бағасын беріп, оларға үлкен сенім артты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары бастаған қонақтар да интернат тәрбиеленушілеріне құр қол келген жоқ. «Ризашылық» мерекесіне орай балаларға тәтті-дәмді сый-сияпаттар ұсынып, концерттерге арналған сахналық көйлектер мен аяқ-киімдерді сыйға тартты.
Ел көлемінде өткен «Ризашылық» мерекесі облысымыздың 21 балалар үйінде аталып өтті, оған 1769 жетім балалар қатысты. Мерекеде әрбір балалар үйіне «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының атынан фотостудия мен музыкалық аппаратуралар, спорттық құрал-жабдықтар мен көптеген басқа сыйлықтар табыс етілді.

Лаура Тілеубайқызы,
облыстық «Дидар» газеті, 
29 қараша 2011 жыл, №140

 


 

 

Республикалық «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Назарбаеваның бастауымен жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан білім беру ұйымдарында 2009 жылдың 26 қарашасынан бері Ризашылық күні өткізіліп келеді. Дәстүрлі мерекеде балғындар өздеріне жүрек жылуы мен мейірімін, қамқорлығын көрсетіп жүрген жандарға ризашылықтарын жеткізеді.
Осы күнді атап өту мақсатында және ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында сенбі күні облыстағы «Үміт» бөбектер үйінде, Меркі ауданындағы В. Савва атындағы мектеп-интернатында, Тараз қаласындағы «Рахым», Ержановтар, Тимофеевтер жанұя үлгісіндегі балалар үйлерінде, облыстық жасљспірімдер њйінде, ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйінде, сондай-ақ, Қ. Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде «Ризашылық - балалардың игілігі үшін» қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде «Мейірімділік балалар үшін» тақырыбымен өткен мерекеге облыстық мекемелерден және балалар үйіне тұрақты түрде қайырымдылық көрсетіп жүрген демеушілер шақырылды. Аталған үйдің директоры Гүлбаршын Төлегенова оларға қашандағы қамқорлықтары үшін шексіз алғысын білдірді. Сонымен қатар, Сара Алпысқызының балаларға арнаған құттықтауы оқылды.
Облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Думан Мәуленов мұндағы тәрбиеленушілерге «Бөбек» қорының тарту еткен ноутбук, фотоаппарат, түрлі-түсті принтер, музыкалық орталық, радиомикрофон сынды бірнеше сыйлығын табыстады. Ал, «Ширинкомшарг» ЖШС торт үлестірді.
Балалар оз кезегінде барша қамқоршыларына арнап концерттік бағдарламасын ұсынып, «Ризашылық» әнін шырқады.

                                                                              Альмира ОМАРОВА, 
                                                              «Ақ жол», №200, 29.11.2011 ж.


 Ризашылық

Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары, әкімдіктер, мәслихат өкілдері, білім басқармасы, меценаттар, балалар үйлері, бөбектер үйі, балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік сауықтыру орталығы, жасөспірімдер үйі,  психоневрологиялық, тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің ұстаздары мен 1000-нан аса балалар,  БАҚ өкілдері, демеушілер.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдыңына орай Республикамыздың Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен балаларға көңілді отбасылық мереке сыйлау мақсатында «Ризашылық» қайырымдылық мерекесі республиканың барлық аймақтарындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда осымен 3-ші жылы аталып өтуде.
Іс-шара барысында балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және шығармашылық шыңдалу құқықтарын жүзеге асыру мақсатында ҚР Бірінші Ханымының атынан «Ризашылық» күніне сыйға тартылған заттарды балалар іс жүзінде қолданады. Мәселен, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарай фотостудияда түрлі-түсті фотоаппаратпен мастер-класс өткізіліп, олар ноутбукта балалар үйі туралы фотоколлаж жасайды, изостудияда мальберттерде  ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Рахмет, саған сүйікті Отаным» атты сурет байқауын, денсаулық бұрышында жаңа үлгідегі тренажерларда спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, балалар үйінің әкімшілігі, тәрбиешілер, бала күтуші, аспазшы, күзетшілердің қатысуымен сүйкімді ханым, тәтті ханым, тазалық мырза, шеберқол ханым, білімді ханым, секюрити мырза, бастық мырза атты номинациялар бойынша «Мырзалар мен ханымдар» байқауы өткізіледі. Байқаудың әділ-қазылары балалардың өздері болады.
Аталмыш мереке балаларды мейірімділікке, қамқорлыққа, сүйіспеншілікке баулиды.  Олар Қазақстан балаларының үлкен анасы – Сара Алпысқызына, дархан пейілді ел ағаларына ризашылықтарын білдіріп, өздерінің ізгі тілектері жазылған ашық хаттарын үсынады.
Мерекелік іс-шара балалар әзірлеген «Әлем қандай тамаша!» атты мерекелік концертпен және мерекелік аспен ұласады. 

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы, «Отырар» телеарнасы, 
«Айғақ» телеарнасы, «Сайрам ТВ» телеарнасы,
«Арыс толқындары» телеарнасы, 26.11.2011 ж.

 

 


 «Ризашылық күні- балалар игілігі үшін»

Қазақстандағы әрбір бала қуануы үшін асыл анамыз әрі қамқоршымыз Сара Алпысқызының жоспарымен 26 қараша күні «Ризашылық күні» деп бекітілді. Бұл күні адамдар бір- біріне ризашылықтарын білдіріп, жүректерін қуанышқа толтырады және бір- біріне ықылас пен мейірімділік сыйлайды. Біз де асыл анамызға бізге деген игілігі мен жан- жақты дамуымыз үшін жасап жатқан істеріне ризашылығымызды білдіреміз. Осы мереке асыл анамыздың бастауымен алдыңғы жылдан бері өткізілуде. Ризашылық күнінде біздің ортамызға көптеген қонақтар келеді. Олар бізге әр- түрлі сыйлықтар әкеледі, ал біз той- думан концерттік бағдарламамызды ұсынамыз. Әрбір бала өз өнерін ортаға салады, кейін барлығымыз көптеген ойындарды ойнаймыз.Ал соңында бәріміз бірге тәтті дастарханға отырамыз. Мен ең алдымен, осы «Ризашылық күнін» бекіткен Сара Алпысқызына шексіз ризашылығымды білдіремін, содан кейін осы мерекені ұмытпай, атап өтіп отыратын аға- апаларымызға рахметімді айтамын. Әрине, әке орнын толтырып және жетістіктеріміз үшін қуанып, ой бөлісетін қамқоршы Қалыбек Сатымұлына да басты ризашылығымызды білдіреміз. Сонымен, осы қағаз бетін оқып отырған жас досым! Сені де «Ризашылық күнімен» құттықтаймын! Бұл мерекенің өмірімізге еніп, баршамызды махаббат пен қуаныштың жылы нұрына бөлеп отыратынына өте қуаныштымын.Сенің де жүрегіңде әрқашан махаббат сезімі ұялап, өмірің мейірімді істерге толы болсын! Жер шарындағы барша адамдардың достық, бейбітшілік пен махаббат айналасында бақытты ғұмыр кешулеріне шын жүректен тілектестік білдіремін.

Өтеғалиева Ғайнижамал, «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушісі, 
Атырау облысы бойынша  «Перемена!» жастар газеті,

№4, 25.11.2011