Орталық туралы >> Нормативтік құқықтық актілер >> «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЖОБА

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы

 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 84-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды шетелдiктерге асырап алуға беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қарашадағы № 1197 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 40, 407-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі                                                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидалары жобасы