Орталық туралы >> Республикалық акциялар >> "Сен және сенің құқықтарын" атты республикалық декада

 

 

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті  2012 жылғы 15-25 ақпан аралығында «Сен және сенің құқықтарың» атты республикалық онкүндік өткізді.
Онкүндік прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, ішкі істер, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар өкілдерімен, сондай-ақ педагогикалық және ата-аналар жұртшылығымен бірлесіп өткізілді.
Республиканың  білім беру ұйымдары мен мекемелерінде құқықтық білім бұрыштары, кітап көрмесі, қабырға газеттері безендірілген, сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау департаменттері  ақпараттық брошюралар, буклеттер әзірледі.
Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері ішкі істер органдарының, прокуратураның, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың, психологтардың қатысуымен білім беру саласындағы  балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды іске асыруда көмек беру,  әлеуметтік қорғау және  кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері  бойынша  консультациялар беру мақсатында ашық есік күнін өткізді.
Республикалық онкүндік шеңберінде білім беру ұйымдарымен бірге төмендегідей іс-шаралар өткізілді:
- 4 баспасөз конференциясы;
- 89 конференция;
- 12 849 ашық сабақтар мен сынып сағаттары;
- 276 семинар;
- 1 429 сайыс;
- 6 744 дөңгелек үстел;
- 3 178 әңгімелер, дискуссиялар;
- 2 503 салтанатты жиындар.
Республикалық онкүндік іс-шараларына 643 001 учащихся, 110 043 ата-ана, 33 715 педагогтар мен әлеуметтік психологтар,1267 мемлекеттік органдар өкілдері, 41 үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар өкілдері, 2 987 басқа да ұйымдар өкілдері қатыстырылды.
Мысалға, Алматы облысының департаменті облыс әкімінің  облыстық бейнелеу өнері галереясында «Сен және сенің құқықтарың» атты республикалық онкүндіктің салтанатты ашылуын өткізді.
Іс-шаралар аясында «Бақытты балалық шақ» облыстық сурет сайысы қатысушыларының сурет көрмесінің ашылуын өткізді.  Іс-шара  «Балдәурен» балалар шығармашылығы орталығының дайындаған  концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Қызылдорда облысының балалардың құқықтарын қорғау  департаменті мен қалалық білім беру бөлімі «Қазіргі заманғы адам құқықтары» тақырыбында конференция өткізді. Аталған конференцияға  мектеп оқушылары,  ата-аналар жұршылығы, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жамбыл облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Менің қоғамдағы құқықтарым» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында  жасөспірімдер тәрбиесіндегі қоғамның, отбасы мен мектептің бірлескен жұмысын жақсарту бойынша бірқатар нұсқаулар мен ұсынымдар қабылданды.
Павлодар облысының  балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Құқықтық ағартудан адам құқықтарын қамтамасыз ету»  тақырыбында облыстық семинар өткізді.Іс-шараға білім беру ұйымдары мен  органдарының, ата-аналар жұртшылығының өкілдері, облыстың жалпы білім беретін мектептердің омбудсмендері қатысты.
Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті  онкүндік аясында  ата-аналарға арналған «Балалар құқықтары туралы ата-аналар үшін», «Қазіргі заманғы адам құқықтары»  тақырыбында дөңгелек үстелдер, «Балалар  трафигі:  балалар қайда жоғалады?», «Қоғам балаларды қорғау ісінде», «Баланың бақытты өмірге құқығы» тақырыбында лекциялар  өткізді.
Атырау облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті  «Балалар құқықтар туралы» семинар ұйымдастырды, оған  оқушылар, мектеп психологтары, ата-аналар жұртшылығы, педагогтар, прокуратура, ішкі істер, сот өкілдері қатысты.
Астана қаласы  балалардың құқықтарын қорғау департаменті № 31 мектепте  9-10 сынып оқушыларына арналған «Балалар құқықтары туралы Конвенция» дискуссиялық алаңы -  өмір құжаты» ашық іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді.
Шығыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті ата-аналар мен балалардың құқықтық деңгейін көтеру,олардың білім саласындағы мәселелер бойынша құқықтарын қорғау және хабардар ету мақсатында on-lain түрінде «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы-балаларды қорғаудың кепілі» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Онкүндік  барысында  оны өткізу бойынша кеңейтілген ақпараттық-түсіндіру кампаниясы ұйымдастырылды.
Комитет сайтында 10 мақала, облыстар веб- сайттарында  16 мақала орналастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында  онкүндіктің  өткізілуі туралы 130-дан астам  мақала жарық көрді.
Сонымен қатар,  жергілікті радио мен жергілікті газеттерге онкүндіктің өткізілуі туралы жарнама берілді.Облыстық телеканалдарда онкүндік өткен күндері  құқықтық білім апталығының өткізілуі, өтетін орны және  департамент сенім телефоны туралы трансляцияланды. Департамент мамандары облыстық телеканалдар хабарларынам қатысты.

ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен  «Сен және сенің құқығың» декадасының аясында 
«Бала құқықтары жайлы Қазақстан заңнамалары» тақырыбында өткізілген семинар-кеңес 

 2012 жылы 22 ақпан күні  ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде «Сен және сенің құқығың» декадасының аясында «Бала құқықтары жайлы Қазақстан заңнамалары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңестің мақсаты – ата-аналар мен балалардың құқықтық мәдениетін көтеру, олардың құқықтарын қорғау және білім саласы мәселелерінен хабардар болуына әсер ету.
                                      
Семинарға қатысушылар: аудан, қала білім бөлімдерінің 15 тәрбие ісі жөніндегі әдіскерлері, сырттай шығарма байқауының 18 жеңімпазы мен  мұғалімдері,  Шымкент қаласы мектептерінің 30-ға жуық көшбасшы оқушылары, «Отырар», «Қазақстан-Шымкент» телеарналары  және «Ұстаз нұры-информ», «Оңтүстік Қазақстан», «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшілері қатысты.
                                       
Семинар-кеңестің барысында «Бүгінгі ұрпақ – еліміздің ертеңі» тақырыбында өткізілген  облыстық сырттай шығарма байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Байқауға 200-ге жуық жұмыстар қабылданды. Ең үздік шығармаларды таңдап алу үшін арнайы құрылған комиссияның құрамында  департаменттің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар  қауымдастығының өкілдері бар. 
                                       
Байқау комиссиясы шешімінің қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған 9 оқушы - І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен және мұғалімдері департаменттің алғыс хатымен, сонымен қатар 25 оқушы «Ізденімпаз» номинациясы бойынша дипломмен  марапатталды. Осындай іс-шараларды өткізу үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге,   балалардың бойында  өз отанының бір бөлігі екендігі жөніндегі сезімін қалыптастыруға,  балаларды  еліміз және қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға бейімдеуге,  олардың бойында адамгершілік, рухани, ұлтжандылықты тәрбиелеуге және облыс көлеміндегі шығармашылық жобаларға қатысу арқылы ұлттық мәдениетті сыйлауға   ықпал етеді.
                                        

«Жүрек жылуы» қоғамдық қабылдауының көшпелі отырысы туралы

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2012 жылдың 22 ақпаны күні «Сен және сенің құқығың» атты республикалық онкүндік аясында № 6  кәсіптік лицейінің оқушылары үшін «Жүрек жылуы» қоғамдық қабылдауының кезекті көшпелі отырысын өткізді.
                                          
Аталған іс-шара кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғайтын бірқатар мекемелердiң жедел және тиiмдi жүйеде өзара әрекеттесуiн дамыту; өмірде кездесетін мәселелерді шешу үшін оқушы жастарға білікті қайтарымсыз құқықтық және психологиялық кеңес беру мақсатында өткізілді.
№6 кәсіптік лицейінің 200 ден астам оқушылары балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаумен айналысатын мүдделі құрылымдар мамандарынан білікті құқықтық көмек алды.
                                           
Көшпелі отырыс жұмысына Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы тұрғын үй беру бойынша азаматтарды есепке алу бөлімінің бастығы, Әділет департаменті Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу жөніндегі бөлімінің бастығы, Астана қаласы әкімдігінің Жастарға кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру орталығының директоры, Ішкі істер департаменті ҚҚБ КТБ-нің аға инспекторы, Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бала гинекологы, Көші-қон полициясы басқармасының бас маманы қатысты.
                                         
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Р.Жұмабекова отырысты ашып, қатысушыларды таныстырып және балаларды ашық әнгімеге бағыттады.
                                          
Балалардың қойған сұрақтары: мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін кезекке тұру, мәртебесіне сәйкес жәрдемақы төлеу, сабақтан бос уақытында жұмысқа орналасу, құжаттандыру, білімдерін жалғастыру мәселелері, жоғарғы оқу орындарына түсу мүмкіндіктері тәрізді ауқымды және әр түрлі сипатта болды. Әр маман 20-25 баладан жеке қабылдап, қойған сауалдарына жауап берді.
Кездесу өз деңгейіне жетіп, қатысушылардың назарынан шықты.

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында республикалық «Сен және сенің құқығың» атты онкүндік декада аясында Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектебі негізінде «Халықаралық құқықтар мен заңамаларында балалардың құқықтары іске асырылуы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

                                           

Бұл шараға балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Ғ.Алиева,  Талдықорған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Р.Нүсіпова, Талдықорған қаласының орта мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директорлардың орынбасарлары, 10,11 класс оқушылары  қатысты.
                                           

Конференция балалар мен тәрбиешілердің Конвенцияның негізгі ережелері жөнінде хабардарлығын және олардың құқықтық мәдени деңгейлерін көтеру, Конвенцияның негізгі бала құқықтары туралы ережелерін, Конвенцияның екі факултативті хаттамаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

                                           

 Іс-шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімдері А.Мендиярова мен З.Хаджиева  «Баланың құқығы туралы», 10 сынып оқушысы А.Кашкарова «Конвенция о правах ребенка», 10 сынып оқушысы Т.Абдрахманова «Бала құқығын қорғау туралы Конвенция», 9 сынып оқушылары Д.Бондаренко мен Т.Локтионова «Реализация прав ребенка», 11 сынып оқушысы Р.Сағындықова «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»,  9 сынып оқушылары А.Ахмеджанова мен Т.Локтионова «Толерантость глазами детей» атты баяндамалар  жасады.

«Сен және сенің құқықтарын»

«Сен және сенің құқықтарын» Республикандық декадасы мен «Жасөспірім»  жедел – алдын алу іс-шарасын өткізу шеңберінде 2012 жылдың 24 ақпанында Облыстық ведомствоаралық  бала қоғамдық қабылдау бөлмесі  Красный яр а. №1 ОМ барды.
Шараның негізгі мақсаты: балалардың бала құқығы Конвенциясының негізгі ережелері туралы құқықтық мәдениеті мен хабардар болуының деңгейін жоғарлату, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмысты алдын алу, балалар мен жасөспірімдерде салауатты өмір салтына ұмтылысты қалыптастыру, дер кезінде медициналық кеңес пен құқықтық, пеагогикалық, психологиялық көмек көрсету.
Жұмыс барысында мәжіліс залында №1 ОМ 8-10 сынып оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қабылдау бөлмесінің жұмысы туралы айтылды, кейін топ бойынша жұмыс жасалды, «Өзін бол – жұлдыз бол»  - модератор Хабибуллина Г.Х., облыстық бала ауруханасының гинеколог-дәрігері, «Сен және сенің құқықтарын» - модератор Есмагамбетов Ж.Ж., Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің бас маманы, «Қиянатқа жоқ!» және «Мен және заң» - модератор Нуртазин Т.Б., Көкшетау қ. ІІБ кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторы, полиция капитаны. Балалар түрлі өмірлік жағдайларда не істеу керектігін; мемлекет пен заңның көмегін қашан сұрау керектігін, қиянат және терроризм туралы біле тұра өтірік айтқаны үшін қандай шара қолданатынын білді.
Іс – шара аяғында оқушылар мен педагогтар бала қоғамдық қабылдау бөлімінің мамандарына алғыс айтты.
Барлығы Красный яр а. №1 ОМ 100 оқушысы қамтылды.

«Сен және сенің құқығың» атты онкүндік аясында ұйымдастырылған «Құқықтық білім» сайысы

Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті ұйымдастыруымен балалар мен тәрбиешілердің Конвенцияның негізгі ережелері жөнінде хабардарлығын және олардың құқықтық мәдени деңгейлерін көтеру; Конвенцияның негізгі бала құқықтары туралы ережелерін, Конвенцияның екі факультативті хаттамаларын насихаттау мен тарату мақсатында республикалық «Сен және сенің құқығың» атты онкүндік аясында облыстық «Айналайын» және Үштөбе балалар үйлері тәрбиеленушілері арасында «Құқықтық білім» сайысын 2012 жылдың 17 ақпанында өткізілді.
                        
Шараны Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары С.Долаев құттықтау сөзбен ашты. Қатысушылар, әділ қазылар алқасы, қонақтармен таныстырғаннан кейін сайыс бағдарламасы жүргізілді. Сайыс танысу кезеңінен басталып, Балалардың Қазақстан Республикасындағы Заңдарды білуіне қатысты тест кезеңінде сұрақтарға жауап беру кезеңімен жалғасты. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бала құқықтары туралы Конвенцияны қай жылы қабылдады?, Қанша жасқа дейін бала деп саналады?, ҚР “Баланың құқықтары туралы” Заңының 20-бабында балалар міндеттері ұйғарылған, олар қандай? және т.б.  Сайыс барысында үй жұмысы бойынша командалар дайындаған құқық тақырыбына сахналық көрініс, «Ойлан, тап» кезеңінің тапсырмасы (тақпақ, өлең, частушкалар) орындалды. Сонымен қатар, департамент мамандары дайындаған ситуациялық жағдайлардың шешімін табу ұсынылды.
                       
Іс-шараға облыстық және аудандық «Нұр Отан» ХДП, облыстық ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлім, Қаратал аудандық әкімшілік, прокуратура, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлім, «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қорының Алматы облысы бойынша филиалы, БАҚ өкілдері қатысты.
                       
Сайыс қорытындылары бойынша балалар дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 Дені сау болашақ үшін


Қазіргі таңдағы құқықтық мемлекетте, азаматтық қоғамда тұрғындарды, соның ішінде балаларды, адам және бала құқықтарын сақтауды жете түсінуге тәрбиелеу, оларды жеке тұлғалық қадыр-қасиетіне иландыру, басқаларға сыйластықпен қарау, салауатты өмір салтын насихаттау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. 
Балалар мен ата-аналарды құқықтық ағарту және ақпараттандыру балалардың құқықтарын қорғау Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі. 
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі балалардың құқықтарын қорғау Комитеті жыл сайын «Сен және сенің құқықтарын» атты республикалық декада өткізеді. Декаданың негізгі мақсаты – балалар мен ата-аналардың Конвенцияның негізгі ережелері жөнінде хабарлығын және олардың құқықтық мәдениетін арттыру.
                         
Осы декада шеңберінде 2012 жылдың 16 ақпан күні экономика және ақпараттық технологиялар колледжінде «Салауатты өмір салты бала құқықтары мәтінінде» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шараның мақсаты – бала құқықтары туралы Конвенция мәтінінде дені сау балалық шақ құқығының мазмұндық аспектілеріне баса назар аудару, жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстану мотивациясын дамытуға жағдау жасау. Отырысқа колледждің оқушылары, педагогтары, сонымен қатар «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің облыстық орталығының», Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің,  БАҚ-ның өкілдері қатысты.  
                          
Қатысушылар бала құқықтары туралы Конвенцияның мазмұндық аспектілері, өскелең ұрпақ бойында салауатты өмір салтын ұстану мотивациясын қалыптастырудың тәжірибелері, салауатты өмір салты – балалық шақты құқықтық қамтамассыз етудің құрамы және тағы басқа сұрақтарды талқылады. 
Осындай іс-шаралар құқықтық мәдениет негізінде жасөспірімдердің тұрақты мотивациясын дамытуға, сонымен қатар  салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі.

Қызылорда облысындағы «Сен және сенің құқығың» республикалық онкүндігі


Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен өтіп жатқан «Сен және сенің құқығың» республикалық онкүндігі аясында Қызылорда облысында 16 ақпан күні «Бүгінгі әлемдегі адам құқығы» тақырыбындағы қалалық конференция өтті. Конференцияға қатысушылардың қатарында мектеп оқушылары және ата-аналар қоғамының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды. Жиналғандар алдында сөз алған Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  директоры А. Қаржаубаев Қазақстандағы алғашқы халықаралық құқық қорғау құжаты болып табылатын бала құқықтары туралы Конвенцияны жан-жақты талқылауға тоқталды. Конференцияға қатысушылармен құқықтық мәдениетті дамыту туралы ұсынымдар қабылданып, балалардың құқықтық мектебін ашу туралы ой атап өтілді. Соңында департамент жетекшісі «Мейірімді жүректер одағы» еріктілер бастамасын дамыту орталығының еріктілері қатарына қабылданғандарға жеке кітапшаларын тапсырды.  

Алматы облысындағы «Сен және сенің құқығың» республикалық онкүндігі

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында республикалық «Сен және сенің құқығың» атты онкүндік аясында Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектебі негізінде «Халықаралық құқықтар мен заңамаларында балалардың құқықтары іске асырылуы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Бұл шараға балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Ғ.Алиева,  Талдықорған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Р.Нүсіпова, Талдықорған қаласының орта мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директорлардың орынбасарлары, 10,11 класс оқушылары  қатысты.
Конференция балалар мен тәрбиешілердің Конвенцияның негізгі ережелері жөнінде хабардарлығын және олардың құқықтық мәдени деңгейлерін көтеру, Конвенцияның негізгі бала құқықтары туралы ережелерін, Конвенцияның екі факултативті хаттамаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. 
Іс-шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімдері А.Мендиярова мен З.Хаджиева  «Баланың құқығы туралы», 10 сынып оқушысы А.Кашкарова «Конвенция о правах ребенка», 10 сынып оқушысы Т.Абдрахманова «Бала құқығын қорғау туралы Конвенция», 9 сынып оқушылары Д.Бондаренко мен Т.Локтионова «Реализация прав ребенка», 11 сынып оқушысы Р.Сағындықова «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»,  9 сынып оқушылары А.Ахмеджанова мен Т.Локтионова «Толерантность глазами детей» атты баяндамалар  жасады.


Республикалық «Сен және сенің құқықтарың» онкүндігі басталды

Облыста 2012 жылғы 15 ақпаннан бастап республикалық «Сен және сенің құқықтарың» онкүндігі басталды.
Бұқаралық ақпарат құралдарына акцияны өткізу туралы анонстар («Версия», «Регион.kz» газеттері, ағымдағы жылғы 10 ақпаннан бастап  - облыстық радиода және телеарнаның жаңалықтарында) жарияланды.
                                
2012 жылғы 15 ақпанда облыстың барлық білім беру мекемелерінде  республикалық онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті.
Құқық мәселелері бойынша, Конвенцияның, Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтары туралы Заңының негізгі ережелері туралы тұрғындардың ақпараттануы және хабардар болуы бойынша құқықтық деңгейлерін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында «Қазіргі замандағы адам құқықтары», «Адамның құқығын және бостандығын қорғау тетіктері», «Заң жолымен», «Сен және сенің құқықтарың» мәселелері бойынша стендтер, кітап көрмелері рәсімделді.  «Мен және менің құқығым», «Балалық шаққа зор құрмет көрсету қажет», «Өзімізді құрметтеуді үйренейік», «Бала өз құқықтары туралы нені білуі қажет», «Қазіргі замандағы адам құқықтары» атты әңгімелер өткізілді, құқықтық тақырыбында суреттер байқауы, оқушылар мен ата-аналар қоғамы үшін құқық қорғау органдары, балалардың құқықтарын қорғау департаменті, әділет департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Жасөспірім және заң», «Жасөспірімнің құқықтық міндеті» атты дәріс өткізілді.
Республикалық «Сен және сенің құқықтарың» онкүндігі  шеңберінде Павлодар қаласының № 41 ЖОМ 2012 жылғы 15 ақпанда балалардың құқықтарың қорғау департаментінің мамандарымен, мемлекеттік органдардың, «Бес алыс» ҚҚ өкілдерімен бірлесіп «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы – балалардың құқықтарын қорғаудың кепілі» тақырыбында  ата-аналар қоғамдастығына, педагогтарға арналған облыстық семинар өткізілді. Бағдарлама шеңберінде – «Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтатамыз» бейнеролик, құқықтық тақырыпта дәрістер өткізілді:
-     «Бес асыл» ҚҚ директоры - Л.К. Асқарованың «Отбасылық тәрбие -  әлемнің ұлттық айнымас бейнесінің белгісі» атты баяндамасы;
-    Павлодар қаласының ІІБ зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы – А.Т. Қасымованың «Отбасы – үйлесімді қарым-қатынастың көзі»  атты баяндамасы;
-    «Отбасы» мектеп орталығының басшысы – Е.М. Гильцтің «Отбасы және мектеп  - балалардың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету жөніндегі тепе-тең серіктестік» атты баяндамасы;
-    Мектеп психологы И.В. Карпованың «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың психологиялық аспектілері» атты баяндамасы.
Семинар қатысушылары ата-аналар қоғамдастығының сұрақтарына жауап берді, семинар соңында барлық ата-аналарға мектептің психологиялық қызметтері мен педагогтарының ұсынымдарымен бірге жадынамалар таратылды. Ата-аналар семинар қатысушыларына алғыстарын, мектеппен байланыс жасауды қолдауға дайындықтарын білдірді.
                                     
Аталған онкүндіктің ашылуына мемлекеттік органдардың балалар қоғамдық бірлестіктерімен  балалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғау саласында өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанында құрылған балалардың қоғамдық Кеңесінің тұсаукесері орайластырылды. 2012 жылғы 15 ақпанда департамент директоры Г.Ә. Наурызбаеваның қатысуымен оның Бірінші отырысы өткізілді. Кеңестің мүшелері – пән олимпиадаларының жеңімпаздары, мектептің қоғамдық өмірінің белсенді қатысушылары, әлеуметтік және ойын-сауық жобалардың бастамашылары. Балалар бағдарламларды талқылады,  өз қызметтерінің негізгі бағыттарын анықтады.
2012 жылғы  16 ақпанда балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне арналған Ашық есік күні өткізілді. Балалар департаменттің қызметімен танысты, С.А. Назарбаеваның кітапханасында, бөлімдердің кабинетінде, департаменттің қоғамдық қабылдауында  болды, департамент директоры Г.Ә. Наруызбаевамен кездесті. Балалар үшін балалардың құқықтары туралы фильмдер, роликтер көрсету ұйымдастырылды, өз құқықтары мен міндеттері тақырыбында әңгіме жүргізілді.  Іс-шараның соңында Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына және арнайы мектеп-интернатына естелік сыйлықтар (кітаптар, құқық тақырыбында шағын бүктемелер, ҚР Президентінің Жолдауы) табыс етілді.
Ағымдағы жылғы 17 ақпанда облыстың балалардың құқықтарын қорғау департаментінде «Заң» азаматтық-құқықтық мектептің қатысушылары және Павлодар қаласының мектеп омбудсмандары арасында құқықтық турнир өтті. Құқықтық турнир төрт кезеңде өткізілді: «Балалар сендердің құқықтарың!» атты викторина, «»Құқығым бар  - құқыққа ие болу» атты мақал-мәтел байқауы, «Тауып көр» кроссворд, «Азаматстан әлемі» атты шығармашылық тур. Балалар өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін жақсы көрсете білді, онда азаматтың құқығы сақталатын, адамдар бақытты және бақ-дәулетті тұратын «Азаматстан» әлемі шығармашылық жобасын көрсетті.
«Балалар өмірі біздің қолымызда» жобасы шеңберінде жалпы білім беру мектептерінде ата-аналарға арналған құқықтық дәрістер өткізілді. 2012 жылғы 17 ақпанда Павлодар қаласының № 26 ЖОМ облыс балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қатысуымен 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ата-ана махаббатының даналығы» тақырыбында дәріс өткізілді. Ата-аналар алдында педагогтар, психологтар, Павлодар қаласының ІІД кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары сөз сөйледі. Өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен ата-аналарға көмек көрсету, олардың құқықтық және әлеуметтік құзыреттіліктерін арттыру  мәселелері қаралды.
                                    
КТБО тәрбиеленушілерінің облыстың жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесу өткізуі дәстүрге айналды. Ағымдағы жылғы 17 ақпанда «Сен және сенің құқықтарың» онкүндігі шеңберінде Павлодар педагогикалық институтының студенттерімен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне «Құқығым бар!» танымдық ойын түрінде байқау ұйымдастырылды. Байқау Балалардың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі баптарын білу бойынша сайыс түрінде өткізілді. Іс-шара балалар өздерінің жоспарларын іске асыруды талқылаумен, болашаққа тілек білдірумен аяқталды. Кездесу соңында ПМПИ студенттері КТБО тәрбиеленушілеріне Павлодар педагогикалық институты студенттерінің бастамасы бойынша сатып алынған балалар сыйлық ретінде алғысы келетін   жұмсақ ойыншықтар, доп, көркем әдебиет, кеңсе тауарлары тарту етілді.


Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық «Сен және сенің құқығың» онкүндігі

Шығыс Қазақстан облысында 15 ақпанда республикалық «Сен және сенің құқығың» онкүндігі бастау алды.
15 ақпанда облыстық «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы  О.В. Шведова «Перекрестки» ток-шоуына қатысты, онда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылары балаларының құқығы мен оларды мемлекеттік қолдау мәселелері  талқыланды. 
                             
Мониторинг және ақпараттық талдау қызметі бөлімінің бастығы Г.О. Асауп Өскемен қаласындағы КТБО қызметкерлерімен ҚР Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты Жолдауын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Сонымен қатар, ол балалардың құқықтары мен Бала құқығы туралы Конвенция және республикада  басталған «Сен және сенің құқығың» онкүндігі туралы әңгімеледі.
16 ақпанда «Сәуле» панажайында «Өз құқығыңды біл» шарасы өтті, онда балалар «Адам құқығының жалпы Декларациясы», Бала құқығы туралы Конвенция, Қазақстан Республикасының «ҚР бала құқығы туралы» Заңымен толығырақ танысты. 
                           
Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпей,  қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасаған кәмелеттік жасқа толмағандардың облыстық арнайы мектеп-интернатында «Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?» топтық сөз сайысы ұйымдастырылып, қонақтардың қатысуымен «Авторлық өлең» әдеби-әуенді кеш, «Барлығына бір Заң»  танымдық әңгіме өтті.
Облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Заманауи әлемдегі адам құқығы» тақырыптық саяси ақпараттық әңгіме өткізіліп, «Сен және сенің құқығың» атты газетті-кітап  көрмесі ұйымдастырылды.

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Сен және сенің құқығың» республикалық онкүндік


Облыста балалар мен олардың ата-аналарының «Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері жөнінде хабардарлығын және  құқықтық мәдени деңгейлерін көтеру мақсатында «Сен және сенің құқығын» атты республикалық  онкүндік ағымдағы жылғы 15 ақпанда басталды. 
Департаменттің «Сенің шешімің» балалар қоғамдық қабылдау бөлмесінің көшпелі жұмысы шеңберінде қалалық № 7 мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді. Балаларға «Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенцияның шығу тарихы мен негізгі ережелері туралы, «сенің шешімің» балалар қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі туралы және  сенім телефоны туралы ақпарат берілді.
                         
Кездесу барысында Конвенция туралы ғана айтылып қойған жоқ, сонымен қатар  балалардың құқықтары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру және қорғау жағдайлары мен жолдарын талдау туралы сұрақтар талқыланды. Кездесудің екінші бөлімінде қалалық  №2  мектептің психологі К.Т. Мұстафина психологиялық тренинг жүргізді. Кездесуге 30-дан астам адам қатысты.
                       
Сондай-ақ, облыстық Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында да «Бізді қоршаған құқық әлемі» атты таным сағаты өтті.
Бүлдіршіндерге заңды түсіндіру үшін «ақылды үкі» көмекке келді. Ертегі кейіпкері балаларға олардың өмір сүру, білім алу және дем алу құқығы бар екенін ұғындырды. Ал балалар өз кезегінде дайындап әкелген әндерін айтып, өлеңдерін оқыды. 
                       
Республикалық онкүндік аясында Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілмек.

Жамбыл облысының баспасөз орталығында «Сен және сенің құқығың» атты республикалық декаданың ашылуына арналған баспасөз-конференциясы болып өтті

Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2012 жылдың 15 ақпанында Жамбыл облысының баспасөз орталығында «Сен және сенің құқығың» атты республикалық декаданың ашылуына байланысты баспасөз-конференциясын өткізді. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен балалар мен олардың ата-аналарының Қазақстан Республикасы 1994 жылғы 8 маусымда ратификациялаған БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясының негізгі ережелері жөнінде хабардарлығын және олардың құқықтық мәдени деңгейлерін көтеру мақсатында 2012 жылдың 15-25 ақпаны аралығында «Сен және сенің құқығың» атты республикалық декада бастау алып отыр.
                             
Баспасөз конференциясына Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев, департаменттің бөлім бастығы Мұхтар Амангелдіұлы Керімбеков, мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдері қатысты.
Баспасөз конференциясында Департамент директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев қатысушыларға «Сен және сенің құқығың» атты республикалық декаданың мақсаты және республикалық декада шеңберінде облысымызда ұйымдастырылып өткізілетін іс-шаралар туралы айтып өтті.  
Баспасөз-конференциясында БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берілді.