Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
Жауапты хатшысының
2011 жылғы «27» қазандағы
№ 289-к бұйрығымен
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде балалардың құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ осы бағыттағы арнаулы атқарушылық және бақылау функцияларын іске асыратын ведомство болып табылады. Комитет туралы осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеге және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 984 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Министрдің және Министрдің жауапты хатшысының, Комитет төрағасының бұйрықтарын, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитеттің штат санының лимиті мен құрылымы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Министрліктің штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің келісімінен кейін (бұдан әрі – Министр) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысымен бекітіледі.
4. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 6 басқармадан тұрады:
1) балалардың құқықтарын қорғау басқармасы;
2) мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі басқармасы;
3) қамқоршылық, қорғаншылық және халықаралық бала асырап алу басқармасы;
4) адамның адамгершілік-рухани дамуы басқармасы;
5) қаржы басқармасы;
6) әкімшілік басқармасы.
Комитеттің облыстық орталықтарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар.
5. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоттары болады.
6. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген болса, онда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқылы.
7. Комитет құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде шығарады.
8. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, “Министрліктер үйі” әкімшілік ғимараты, 11 кіреберіс.
9. Заңды тұлғаның толық атауы:
- мемлекеттік тілде «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті» мемлекеттік мекемесі;
- орыс тілінде: Государственное учреждение «Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан».
10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциясы, қызметі мен құқықтары
12. Міндеті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы», «Білім туралы» Заңдарын және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуын қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) баланың жеке тұлғасын адамгершілік-рухани дамытуға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламаларды және жобаларды іске асыру;
2) бала құқықтары туралы Конвенцияның, 2010 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы ратификациялаған 1993 жылы Гаагада қол қойылған шетелдік бала асырап алуға қатысты балаларды қорғау және ынтымақтастық туралы міндеттемелерді орындау;
3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
4) Комитет әзірлеген Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберу;
5) Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің басылымдарда ресми жариялануын қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жылсайынғы мемлекеттік баяндаманы дайындауды және Бала құқықтары туралы конвенция ережелерінің орындалуы туралы мерзімдік есепті жүзеге асыру;
7) бюджет қаражаты және заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен балалар мүдделеріне байланысты мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу;
8) балалар өмірі көрсеткіштерінің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз ету.
13. Міндеті:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың барлық санаттарының құқықтарын іске асырумен байланысты үйлестіру және іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды бақылау.
Функциялары:
1) бала құқықтарын қорғау саласында мүдделі мемлекеттік органдармен, балалардың қадағалаусыздығы мен қараусыздығына қарсы әрекет жасау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және ескерту мәселелері бойынша өзара іс-әрекетті жүзеге асыру;
2) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру және бақылау;
3) бала асырап алу қорғаншылық, қамқоршылық, патронат мәселелері жөнінде облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру;
4) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
5) балалардың орта білім алуға құқықтарын қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру, балаларды мектепке жеткізу, қараусыздық және құқық бұзұшылықтың алдына алу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
6) жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
7) бала құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
14. Міндеті:
Бала құқықтары туралы Конвенцияның Ережелерін іске асырудың, адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламаларының мониторингі, балалардың әлеуметтік әл-ауқатын талдау және болжау, аймақтағы балалардың тұрмыс жағдайын жақсарту туралы ұсыныстарды әзірлеу.
Функциялары:
1) тұрақты негізінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердін мониторингін жүргізу;
2) мектеп жасындағы балаларды оқытумен қамтудың, білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың, балаларды мектепке жеткізудің және әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек және қолдау көрсетуге бөлінетін қаражаттардың жұмсалуының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;
3) Балалар құқықтарын қорғау және балалардың заңды мүдделері мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;
15. Міндеті:
Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандардың әлеуметтік бейімдеу жүйесін жетілдіру.
Функциялары:
1) балалардың өмір сүру сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдемелерін қамтамасыз ету;
2) аумақтық органдарға отбасылардың және балалардың адамгершілік-рухани ағартушылық мәселелеріне консультативтік, құқықтық, психологиялық көмек көрсету жөнінде әдістемелік көмек беру;
3) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында кәмелетке толмағандарды ұстау қызметін үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын ұйымдастыру және өткізу.
16. Міндеті:
Балалық шақ мәселелері жөнінде халықаралық қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік серіктестікті дамыту.
Функциялары:
1) халықаралық ынтымақтастық ісінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қызметті үйлестіру;
2) адамгершілік-рухани дамытуға бағытталған балалардың әлеуметтік бастамалар және үкіметтік емес ұйымдар қызметін үйлестіру және қолдау.
17. Құқығы және міндеттері:
1) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) отбасындағы балалардың орнын анықтау, оның ішінде халықаралық бала асырап алу мәселелері жөнінде әдістемелік көмек көрсетуге;
3) балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау саласындағы ғылыми-практикалық әзірлемелер мен әлеуметтік зерттеулерге арналған тапсырысты қалыптастыруға, белгіленген тәртіппен Комитет қызметінің саласына жатқызылған мәселелерді пысықтау үшін ғылыми және өзге де ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды тартуға;
4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және азаматтардан ақпаратты және материалдарды, сондай-ақ балалардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да мәліметтерді сұратуға және алуға;
5) балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық шарттар жасасу және оларға қосылу туралы ұсыныстар енгізуге;
6) балалар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, балалық шақ және адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелерін түсіндіру жөнінде баспа қызметін жүзеге асыру;
7) балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау, балалар ортасындағы әлеуметтік жетімдіктің, қараусыздықтың, құқық бұзушылықтың және басқа да келеңсіз құбылыстардың алдын алу және ескерту жөніндегі оң тәжірибені қорыту және тарату;
8) балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша азаматтарды және кәмелетке толмағандарды қабылдауды жүзеге асыру.
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
18. Комитет балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, заңнамалық актілер, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттікке ие.
19. Комитетті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Президент Әкімшілігінің келісімінен кейін Министрмен қызметке тағайындалатын және босатылатын төрайым басқарады.
20. Комитет төрайымының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Президент Әкімшілігінің келісімінен кейін Министрмен қызметке тағайындалатын және босатылатын орынбасары бар.
21. Комитет төрайымы Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Комиет және оның аумақтық органдарына жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
22. Комитет төрайымы Комитет және аумақтық органдардың штаттық кестесі және құрылымы жөнінде ұсыныс береді.
23. Комитет төрайымы Министрдің, Жауапты хатшының, жетекші Вице-министрдің келісімінен кейін Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен орынбасарларын қызметке тағайындайды және босатады.
24. Комитет төрайымы осы мақсатта:
1) өзінің орынбасарының міндеті мен өкілеттігін айқындайды;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен аумақтық органдар басшылары мен орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен заңдарға сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
5) Комитеттің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, еңбек және орындаушылық тәртіпке, кадр қызметінің жұмысына және құжатайналымының ұйымдастыруына бақылау жасайды.
6) Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, біліктілігін арттыру, даярлау (қайта даярлау), көтермелеу, үстемеақы және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
7) Комитеттің аумақтық органдары басшылары мен орынбасарларының іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, біліктілігін арттыру, даярлау (қайта даярлау), көтермелеу, үстемақы және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
8) Аумақтық органдар басшыларының және орынбасарларына материалдық көмек, мадақтау, үстемақы төлеу, сыйақы төлеу мәселелерін жауапты хатшының келісімі бойынша шешеді;
9) Аумақтық органдар басшыларына және орынбасарларына Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады.
10) Комитет қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады;
11) Құқықтық бұйрықтарды шығарады және құзыретіне жататын, барлық Комитет қызметкерлері үшін міндетті түрде орындалуға тиісті мәселелер бойынша тапсырмалар береді;
12) Облыс орталықтарындағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдар туралы ережені бекітеді;
13) Комитеттің Регламентін бекітеді;
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді.
15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді, жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады.
25. Комитет төрайымының орынбасары:
1) Комитет қызметін өз өкілеттігі шегінде үйлестіреді;
2) Комитет төрайымы болмаған кезеде Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
3) Комитет төрайымы жүктеген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
26. Комитет атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жіберілетін құжаттарға Комитет төрайымы, ал болмаған жағдайда – оны ауыстыратын тұлға қол қояды.
4. Комитеттің мүлкі
27. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
28. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ басқа да мүліктерден тұрады, оның құны Комитет балансында көрсетіледі.
29. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
30. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе оған өзге де әдіспен билік етуге құқығы жоқ. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалары шегінде және белгіленген жағдайларда мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
31. Комитетті және оның аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


