Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Балаға мейірімді қала
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
Гаага Конвенциясын талқылау
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 




2007-2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы


«Қызылорда облысының балалары» өңірлік бағдарламасы
2009 жылдың 8 маусымы күні Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс XIX сессиясы болып өтті.
Аталмыш сессияда 2009-2010 жылдарға арналған “Қызылорда облысының балалары” өңірлік бағдарламасының жобасы қаралды.
Бюджеттік комиссияға енгізілуі жайында мүдделі мекемелердің мақұлдауынан кейін Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті әзірлеген бағдарлама жобасын облыс әкімі бекітті.
“Қызылорда облысының балалары” өңірлік бағдарламасын жүзеге асыруда күтілетін нәтиже әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету арқылы балалардың өмір сапасын жақсарту.
Сессия соңында «Қызылорда облысының балалары» бағдарламасын 2008-2010 жылдарға арналған «Әлеумет» өңірлік кешенді бағдарламасына бөлім ретінде енгізу жөнінде шешім қабылданды.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы


2007-2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын бекіту туралы


Ағымдағы жылда 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі аяқталады. Бірінші кезеңде қолданыстағы құқықтық нормативтік актілерге сәйкес  өзгерістер мен толықтырулар  әзірленді және енгізілді, балалар құқықтарын қорғау бойынша 16 өңірлік органдар ашылды, балалар құқықтарын қорғаудың  көкейкесті проблемалары бойынша 20-дан астам әлеуметтік зерттеулер өткізілді,  балалар мен  олардың ата-анасын  құқықтық ағарту бойынша әдістемелік әдебиет әзірленді және басып шығарылды.
Бұдан басқа, Ақтөбе облысының Алға ауданында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Павлодар облысында 2009 жылы үш білім нысаны ашылуы жоспарланған: Павлодар қаласының  ауылдық аймағындағы Кенжекөль ауылында балалар ауылы, Лебяжі ауданында отбасы үлгісіндегі  балалар үйі және  даму мүмкіндіктері шектеулі жетім-балаларға арналған жасөспірімдер үйі.