Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Балаға мейірімді қала
Жаз - 2010
Гаага Конвенциясын талқылау
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық коми
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Жұмыс тәжірибесін жан-жақтылау және тарату
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық туралы
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 





«Балаға мейірімді қала» жобасымен өзара әрекеттесу және оны енгізу қадамдары" атты интерактивті семинары
«Балаға мейірімді қала» жобасын іске асыру мәселелері бойынша тәжірибелермен алмасу, аталған бастаманы тарату мақсатында 2010 жылдың 20 мамырында «Балаға мейірімді қала» жобасымен өзара әрекеттесу және оны енгізу қадамдары" атты интерактивті семинар өтті.
Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті.
ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, Өскемен қаласының Отбасын және балалықты қолдау орталығының өкілдері және білім беру ұйымдарының оқушылары аталған шараға белсене қатысты.
Шығыс Қазақстан облысынан «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру бойынша тәжірибемен алмасу мақсатында Отбасын және балалықты қолдау орталығының директоры Свелана Юрьевна Иваненко сөйледі. Олар Өскемен қаласында аталған жобаның үйлестірушісі болып табылады.
«Балаға мейірімді қала» атты жобаны жүзеге асыру барысының талдауы балалар мен жасөспірімдерге қатысты проблемалық сұрақтарының саны баршылық екендігін көрсетеді. Дегенмен басталған жұмыс пайда болған мәселелердің кезең-кезеңімен шешуінің жаңа мүмкіншіліктері мен болашағын ашады.

 


Балаға мейірімді қала
«Балаға мейірімді қала» - Халықаралық бастамасы – балалар мен барлық азаматтардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік жасайтын стратегия. Балаға мейірімді қала, балалар құқығы туралы Конвенцияны толық жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
«Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибелермен алмасуға жағдай жасау, жобаның идеясын тарату мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жоспары бойынша Қарағанды облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Балаға мейірімді қала» жобасын енгізу жолдары мен өзара қарым-қатынас ету қадамдары» интерактивті ақпараттық-пікірталас семинары өткізілді. 2010 жылдың 20 мамырында Қарағанды қаласының №38 гимназия базасында он-лайн режимінде өткен семинарда келесі тақырыптар талқыланды:
1.Жобаны жүзеге асыру механизмдері (жобаны енгізуге және жүзеге асыруға байланысты проблемаларды талқылау).
2.Жобаны енгізу қызметінің аспектілері
- Жобаны жүзеге асыруға барлық халықты тарту
- Жобаны жүзеге асыруға әсер ететін қалалар мен аудандардың ерекшеліктері
3.Балалардың қоғам өміріне қатысуы
4.Жобаны жүзеге асыру проблемалары мен олардың шешу жолдары.
Семинар жұмысына ЮНИСЕФ-тің және осы жобаны жүзеге асыру бойынша республикалық сынақ алаңдары болып табылатын қалалардың әкім аппаратының өкілдері қатысты (Қарағанды облысынан Саран және Сәтбаев қалалары, Павлодар, Өскемен, Семей, Алматы, Павлодар облысының Ақсу қалалары).
Қатысушыларға Қарағанды облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры И.Б. Киселеваның және адамды адамгершілік-рухани дамыту бөлімінің бас маманы Н.И. Королева біздің аймақтағы балалардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру қызметі туралы баяндамаларын ұсынды. Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мадиеваның, Саран қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Л.А. Насырованың, Өскемен қаласының отбасын қолдау орталығының директоры С. Ю. Иваненконың баяндамаларында өз қалаларында «Балаға мейірімді қала» жобасын енгізудің кезеңдері қалай жүріп жатқандығы туралы, үйлестірушілердің алдында қандай проблемалар болды, олар оны қандай жолмен шешті, осы бастаманы жүзеге асыру уақытында қандай жетістіктерге қол жеткізгендері туралы айтылды.
Әлемнің 1000-ға тарта мемлекеті балалар мүддесіне бағытталған саясатты «Балаға мейірімді қала» жобасы арқылы жүзеге асыруда, және жобаға қатысты мақұлдау әдістері, белгілі технологиялар мен ережелер шығарылды, анық стандарттар әзірленді. Осы қалаларда жобаны енгізу қалай жүзеге асырылды, жергілікті атқарушы органдар бірінші кезекте қандай мәселелерді шешті, бірінші жоспар қандай болды және жобаны жүзеге асыру механизмдері қандай екендігі туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының «Әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқарма» (ЮНИСЕФ) бағдарламаларының үйлестірушісі Фания Мусаева айтып берді.
Жобаны жүзеге асырудың тиімді бір шарты балалардың қоғам өміріне қатысуы, балалардың мүдделерін қорғау мәселелерімен айналысатын балалардың бірлестіктерімен және ұйымдарымен өзара қызмет ету болып табылады. Осы туралы Павлодар қаласы білім бөлімінің басшысы З.К. Мукашева мен Саран қаласының Балалар маслихатының төрағасы Тағаев Ермектің баяндамасынан естіді.
Балаларға қолайлы әлем құру қаланың жергілікті атқарушы органдарының күшімен, нормативті құжаттардың қабылдануымен, әр-түрлі бағдарламаларды әзірлеумен ғана жүзеге аспайды, тиімді болу үшін балалардың тең құқықтығын әр тұрғын сезінуі тиіс.

Сәтбаев қаласының әкелер кеңесінің төрағасы С.В. Дудников және Павлодар облысы Ақсу қаласының ата-аналар кеңесінің төрағасы Г.М. Тусупова балалар проблемасын шешуге ата-аналар қоғамын тарту және өз аймақтарында «Балаға мейірімді қала» жобасының идеясын жүзеге асыруда барлық азаматтардың қатысуының белсенді түрін дамыту тәжірибелерімен бөлісті.
Жобаны жүзеге асыру процессі өмір сапасын арттыруға бағытталған бағдарламалармен қатар жүзеге асырылады. Осындай тәжірибемен Алматы қаласы Алмалы ауданы білім бөлімінің басшысы Р.Д. Оразалиева мен Қарағанды қаласы білім бөлімінің тәрбие және әлеуметтендіре секторының басшысы Б.С. Нұртаева бөлісті, сонымен қатар барлық қатысушыларға «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру үшін барлық тұрғылықты жерлерде қомақты қаражатты қажет ететін, кадрларды қайта даярлау мен оқыту мәселелері қызықты болды.
Қатысушылардың баяндамаларында жобаны жүзеге асыру процессінде қандай пролемалармен кездескендері туралы айтылды, және семинарды ұйымдастырушылармен оларды шешу жолдары ұсынылды. Семинар интерактивті дауыс берумен аяқталды, қатысушылар «Сіз өз ауданыңызда немесе қалаңызда «Балаға мейірімді қала» жобасын енгізу мүмкін деп санайсыз ба?» сұрағына жауап берді. Дауыс бергендердің көбісі «иә, әр тұрғынның қатысуымен» деген жауапқа дауыс берді.
Семинар қатысушыларына электронды түрде ұсыныстар мен www.bala-zan.kz сайтындағы 2010 жылдың сәуір айында Мәскеу қаласында өткен Халықаралық конференцияның әдістемелік материалдары ұсынылды.
Интерактивті семинар жұмысына Республиканың әр аймағынан мемлекеттік органдардың мамандары, ата-аналар қоғамының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, өткізу уақытында 525 қосылу тіркелді.


Баспасөз - релизі
Оқиға: «Балаға мейірімді қала» жобасын енгізу жолдары мен өзара қарым-қатынас ету қадамдары» семинары

Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасы бойынша он-лайын режимінде «Балаға мейірімді қала» жобасын енгізу жолдары мен өзара қарым-қатынас ету қадамдары» республикалық семинарын өткізеді. Республикалық семинар 2010 жылдың 20 мамырда сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін Он-лайын режимінде өтеді деп жоспарлануда.
Семинардың мақсаты: «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибелермен алмасуға жағдай жасау, жобаның идеясын тарату.
Семинардың форматы: интерактивті, ақпараттық-пікірталас.
Семинарда талқыланатын тақырыптар:
1. Жобаны жүзеге асыру механизмі (жобаны енгізуге байланысты проблемаларды талқылау, олардың шешу жолдарын табу).
2. Жобаны енгізу бойынша жұмыстың аспектілері.
- Жобаны жүзеге асыруға барлық халықты тарту
- Жобаны жүзеге асыруға әсер ететін қала/аудандардың ерекшеліктері
3. Балалардың қоғам өміріне қатысуы
4. Жобаны жүзеге асыру проблематикасы мен шешу жолдары.
Он-лайн тәртібінде өтетін семинарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Қарағанды облысы бойынша Қарағанды, Саран, Сәтбаев қалалары, Павлодар облысының Ақсу қаласы, Алматы қаласының Алмалы ауданы өз жұмыс тәжірибелерімен бөліседі.
Жұмыстың нәтижесі бойынша ұсыныстар қабылданады.
Семинарға қатысуға шақырамыз!


Балалар үшін қызмет ету
2010 жылдың 12 – 17 сәуір аралығында біздің елімізге «Балаға мейірімді қала» бастамасы өрісіндегі сарапшы, ЮНИСЕФ кеңесшісі Элиана Риджио ханым және ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Ф. Мұсаева арнайы келді. Келу мақсаты аталған бастаманы қолдау және жүзеге асыруға кеңестік - техникалық көмек көрсету.
2010 жылдың 16 сәуірінде балалардың құқықтарын қорғау департаментінде кездесу болды, кездесуге ЮНИСЕФ, Қарағанды облысы әкімдігінің, департамент, Қарағанды және Сәтбаев қалалары әкімдігінің, Қарағанды қаласы білім бөлімінің өкілдері қатысты. Біздің облысымзда балалардың құқықтарын қорғауға қатысты не жасалып жатыр, балаларға қатысты мәселелерді шешуде қандай нәтижелерге қол жеткізілді, «Балаға мейірімді қала» жобасын үйлестірушілері алдында қандай проблемалар тұр – кездесуге қатысушылармен осы тақырыптар талқыланды. Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры И.Киселева және «Қарағанды облысы әкімдігінің аппараты» ММ бас маманы Г.К. Амирова Халықаралық жобаны Қарағанды облысында бастамаға алу және енгізу туралы айтып берді. Қарағанды қаласы білім бөлімінің басшысы Ж.О. Жылбаев Орбита 1-2 шағын ауданында сабақтан тыс уақытта балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша пилотты жобаны енгізу туралы презентациясын ұсынды.
Қатысушылар Саран қаласында «Балаға мейірбан мектеп» жобасын жүзеге асырушы «Балғын» балабақшасы мен №4 мектебінде болды. Балабақшада «Біз балабақшаны болашақта қалай көреміз» семинарына қатысты, семинарда ата-аналар мен педагогтар өз пікірлерін айтып қана қоймай, оны жүзеге асырудың қадамдарын анықтады.
Содан кейін қала активтерімен кездесу болды. «Саран – балаға мейірімді қала» жобасының жетекшісі, әлеуметтік мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасары Л.Ким қалаға әлеуметтік-экономикалық сипат берді, халықаралық жобаға қатысу туралы шешімге қалай келгендері туралы, балалар проблемасын шешуде қол жеткізген жетістіктер туралы, жоспарлар мен болашағы туралы айтып берді.
БҰҰ Балалар қорының кеңесшісі Э.Риджио ханым Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау бойынша үлкен жұмыс атқарылып жатқандығын атап өтті. Жоба жүзеге асырылып жатқан, Еуропаның шағын қалаларында жұмыс осы құрылым бойынша жүзеге асуда, балалар мектеп және қала өміріне қатысуда. Балалармен жұмыс істегенде олардың үміті мен тілегін ескерген жөн. Э.Риджио жобаны ары қарай жүзеге асыру бойынша осы уақытқа дейін жиналған тәжірибені ескере отырып жоспар құру және проблемалық мәселелерді анықтау.
«Балаларға қолайлы әлем» құру – бұл балаларға мейірбан, әр баланың дамуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасайтын, балалардың өмір сапасын жақсартуға, сондай-ақ әр адамның өмір сапасын жақсартуға бағытталған қызмет түрлерін құру бойынша жергілікті деңгей және ұлттық бастамаларын жүзеге асыратын ұзақ процесс.


13 сәуір 2010 жыл «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Үміт» балалар үйінде БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдері – балалардың құқықтарын қорғау бағдарламасының жетекшісі басшысы Радослав Жехак пен «Балаға мейірімді қала» жобасы бастамасының сарапшысы Элиана Риджио (Италия) болып қайтты.
Кездесу барысында қонақтар тәрбиеленушілермен дөңгелек үстел басында сұхбаттасты. Қонақтар тәрбиеленушілердің өмірін, жағдайын қызықтап оларға балалар құқығы саласы бойынша, олардың болашақтағы, кәсіп таңдаулары туралы сұрақтар қойып өнімді әңгіме өткізді. Бұл кездесу қонақтардың да, балалардың да жүрегінде үлкен әсер қалдырды. Қонақтар «Жас заңгер» құқықтық үйірмесі, ШҚМУ заң факультетінің студенттері түсірген бала құқығы бойынша бейнероликті, тәрбиеленушілердің шағын концертін тамашалады.

 


ШҚО әкімдігі мен БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры арасындағы ытымақтастық туралы Келісімін жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы
Өскемен, Семей қалаларында «Балаға мейірімді қала» жобасының жүзеге асуы 2008 жылдан басталды. Өскемен, Семей қалалары әкімдіктерінің БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорымен қол қойылған келісім мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да балалыққа қатысты мәселелерге мүдделі ұйымдардың балалар мен жасөспірімдердің, балалы отбасылардың құқықтарын жүзеге асырудағы жұмысының тиімділігін арттырады. Жобаны жүзеге асыру облыс орталығындағы балаларға қатысты мәселелерді терең қарауға әсерін тигізді. Осы мәселелердің кейбіреуі Өскемен әкімдігінің «Отбасы және балалықты қолдау орталығы» ҚМКК арқылы шешіле бастады. 2009 жылы аталған ынтымақтастық жалғасын тапты: 7 қыркүйек күні облыс әкімдігі мен БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры жаңа Келісімге қол қойды. Келісімнің іс-жоспарын жүзеге асыруға Шығыс Қазақстан облысының білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық мемлекеттік органдары қатысады. Келісімнің үйлестірушісі ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті.
2010 жылдың 12-13 сәуір күні "Балаға мейірімді қала" жобасын жүзеге асыру аясында Өскемен қаласын БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдері мен "Балаға мейірімді қала" жобасы бастамасының сарапшысы Элиана Риджио (Италия) келіп қайтты. Келу аясында қонақтар ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А. Исаевпен және Өскемен қаласы әкімінің орынбасары А. Нұрғазиевпен кездесті. Облыстық медициналық-психологиялық комиссияға, дағдарыс жағдайларды шешу жөнінде әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөліміне, балалықты және отбасын қолдау орталығына, Өскемен қаласының ішкі саясат бөліміне, "Үміт" балалар үйіне барып қайтты.
Шығыс Қазақстан облысы мен ЮНИСЕФ-тің 2009-2010 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын орындауда ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009-2010 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 2010 жылы 13 сәуірде қалалық әкімдіктің ғимаратында ведомствоаралық жұмыс тобының, ЮНИСЕФ кеңесшісі Элиана Риджионың (Италия) қатысуымен, балалардың құқықтарын қорғау департаментімен ұйымдастырылған кезекті отырысы өткізілді.
Мақсаты: Шығыс Қазақстан облысында «Балаға мейірімді қала» Халықаралық жобасын жүзеге асыруға байланысты мәселелерді талқылау және техникалық қолдау.
Отырысқа ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Шығыс Қазақстан облысының білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, ішкі саясат, экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары, Өскемен қаласы әкімдігі, Өскемен қаласының мемлекеттік органдары және үкіметтік емес ұйымдары қатысты.
Отырыс жұмысында «Балаға мейірімді қала» Халықаралық жобасының Өскемен қаласында іске асырылу барысы, мониторинг құралдары кіретін перинаталдық көмек көрсету жөніндегі қазіргі нормативтік базаны қайта қарау туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Элиана Риджио Қазақстанда ұсынылып отырған «Балаға мейірімді қала» бастамасының концепциясы мен стратегияларының тұсау кесуін өткізді.
Өскемен мен Семей қалаларында «Балаға мейірімді қала» жобасы жүзеге асырылып жатқан осындай ЮНИСЕФ жобасы қалада тұрып жатқан балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және жағдайын жақсарту бойынша қалалық орта мен аумақ құрылысына азаматтар мен жергілікті атқарушы органдарды тиімді тарту үшін қажет.

 


Қарағанды қаласында 2009 жылы «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру туралы
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау өрісінде көптеген жетістіктерге қол жеткізгенге қарамастан, нақты көңіл аударуды қажет ететін бірқатар проблемалар бар. Осындай проблемаларды шешуге бағытталған жобаның бірі «Балаға мейірімді қала» жобасы, жобаның мақсаты – баланың өмірі мен дамуына жағдай жасау.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бұйрығымен Саран және Сәтбаев қалаларына «Балаға мейірімді қала» жобасын енгізу бойынша сынақ алаңы» деген мәртебесі берілген.
Қарағанды облысында «Балаға мейірімді қала» жобасын бірінші болып Саран қаласының әкімдігі қолдады. Осы жобаны бейімдеп, енгізу үшін 2008 жылдың сәуір айында балалардың құқықтарын қорғау департаментімен балалардың мүддесіне өзара қызмет ету туралы Меморандумға қол қойылды.
2008 жылдың сәуір айынан бастап не істелді, бірінші кезекте қандай проблемаларды шешу қажет, балалардың өмірі мен дамуына жағдай жасау үшін Саран қаласының маслихатымен қанша қаржы бөлінуде – осы сұрақтар 2009 жылдың 24 сәуірінде өткен «Саран қаласы балаға мейірімді қала жолында» қоғамдық Форумында қозғалды, Форумға балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, өнеркәсіп секторының, қаланың жастар мен балалар-жеткіншектер бірлестіктері мен ұйымының өкілдері қатысты. Қала әкімінің орынбасары «Саран қаласы балаға мейірімді қала жолында» Тұжырымдамасының негізгі жағдайымен және қызмет ету бағдарламасымен таныстырды.
2009 жылы қала әкімдігі мен Балалар маслихатымен ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен «Балаға мейірімді қала» жобасын нәтижелі жүзеге асыру және өзара қызмет ету мақсатында Меморандумға қол қойылды.
Жылдың бірінші жартысында жобаны жариялау және халықты жобаны жүзеге асыруға тарту бойынша қомақты жұмыс жүргізілді. Осы мақсатпен балалар-жастар сайты қызмет ете бастады, «саран қаласы балаға мейірімді қала жолында» жобасының белгісін жасау үшін тұрғындар арасында конкурс өткізілді (енді қалада өз белгісі бар), жергілікті газет беттерінде жобаның барысы туралы тұрақты материалдар жрияланып тұрады, буклеттер мен парақшалар шығарылды, жылдың басында және аяғында әлеуметтік сұрақтар өткізілді.
«Балаға мейірбан мектеп» халықаралық жобасын жүзеге асыруға қаланың 4 мектебі мен балабақшасы қатысады («Балаға мейірбан мектеп» жобасын жүзеге асыру үшін қалалық маслихаттың сессиясында бюджет есебінен 5 штаттық бірлік енгізілді: жобаның кеңесші-үйлестірушісі және № 1, 4, 6, 7 мектептерінде жобаның кеңесшісі).
Қаланың барлық балаларын қолайлы және сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін жылдың аяғында инклюзивті білім беру бағдарламасы әзірленді, 2009 жыл бойы дамуында ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға арнап қосымша білім беру қызметін алу проблемасы шешілді: бұл жерден балаларға өз құрбыларымен араласуға, ойнауға, қарым-қатынас ете отырып сабақ оқи алатын арнайы мамандандырылған бөлмелер ашылды. Балаларды сабаққа апару үшін автобус бөлінді.
Балалардың құқықтарын қорғау және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін Балалар қоғмдық қабылдауы ашылды және Сенім телефоны жұмыс істейді, тоқсан сайын «Зеленая веточка» акциясын өткізу бастамаға алынды. Аз қамтылған және көп балалы отбасының, қорғаншылықтағы жетім балаларды қолдау бойынша қайырымлықы акцияларды жүзеге асыру шеңберінде жинақтау пунктінде жиналған (КСК, білім ұйымдары, қала мекемелері мен кәсіпорындар) заттарды қажетті мекен-жайларға жеткізу үшін «Пирамида» таксиімен меморандумға қол қойылды. Осы жоба шеңберінде өмірдің қиын жағдайына душар болған балалар үшін қала дәріханалары қажетті көмекті жасайды, балалардың ата-аналарын немесе өкілдерін шақырады.
Балалардың туылуы мен олардың өмір бастауына жағдай жасау үшін қалада демографиялық саясат пен балаға мейірімділік және қаладағы медициналық мекемелердің қызметін жақсарту керек. Амбулаториялық гинекология орталығында жас аналар мектебі жұмыс істейді, бұл орталықта отбасын жоспарлау, контрацепция мәселелері бойынша акушер-гинекологтар кеңес береді.
Бұл жерде уақытынан ерте тууды ескеру, іштегі баланың туылғаннан болатын аурулардың болуына әйелдерді алдын-ала тексеру бойынша алдын алу іс-шаралары өткізіледі. «Қауіпсіз ана» бағдарламасының принципін орындайды. Көмекті қажет ететін аналар мен отбасыларын уақытында табу мен қолдау және болашақта балаларын тексеріп отыру мақсатында «Дені сау бала» бөлмесі жұмыс істейді.
«Балаға мейірімді қала» жобасы принциптерінің бірі балалардың қоғам өміріне қатысуы мен кәмелетке толмағандарға бағдарлама дайындауға ұсыныс жасау болып табылады. Осы бағытта жұмысты жүйелендіру үшін қалалық маслихат сессиясының шешімімен 2008 жылдың желтоқсанында Балалар маслихатының құрамы бекітілді. Балалар маслихаты – бұл жастардың азаматтық дамуы мен қолдауы, болашағы бар жұмыс түрлерін енгізу механизмі.
2009 жылдың ақпан айында Балалар маслихатының бастамасы бойынша «Саран қаласы балаға мейірімді қала жолында» жобасына үздік белгі ойлап табу конкурсы өткізілді. Балалардың бастамасы бойынша 1 маусым балаларды қорғау Күнінде қалада мерекелік карнавал мен қалалық шеру ұйымдастырылды. Жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және олардың қаладағы қоғам өміріне қатысуы Саран қаласының әкімі қолдаған «Қаланың 55 жылдығында 5 маңызды іс» бастамасы деп айтуға болады. Желтоқсан айында қала маслихаты мен балалар маслихатының бірігіп өткізген отырсында балалардың жұмысы туралы есеп тыңдалды, ұсыныстар қабылданды, жастар өз пікірлерін білдірді, жалпы жоспарға жастар бастамасымен қаланы дамыту іс-шаралары енгізілді.

«Балаға мейірімді қала» жобасын бейімдеп және енгізу туралы шешімді Сәтбаев қаласының әкімшілігі 2008 жылдың аяғында қабылдады.
Сәтбаев қаласының барлық мемлекеттік құрылымдарын ақпараттандыруды арттыру үшін (әкімдік, ішкі саясат, білім беру, ішкі істер, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт бөлімдері) және қоғам назарын аудару мақсатында Сәтбаев қаласының әкімдігінде 2009 жылдың сәуір айында балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарымен кездесу болды.
Кездесуге келгендер балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметімен танысты және «балалардың өміріне қолайлы әлем туғызуға» бағытталған жобалар туралы қосымша ақпарат алды. Қала әкімінің орынбасары аймақтарына осы халықаралық жобаны енгізу бойынша қандай қадамдардар жасағандары туралы айтып берді: аймақ балалары жағдайының статистикалық талдауы; «Білім бөлімінде» ММ қорғаншылық және қамқорлыққа алу органына 2 бірлік әдіскерлер енгізілді; Балалар қоғамдық қабылдауы ашылды; 320 орынға арналған жаңа балалар бақшасын салу; жоғарғы сынып оқушыларының қалалық кеңесі құрылды.
8 аула клубын құрайтын «Мәдени-сауықтандыру және спорт оталығы» КМҚК ашылды, бұл клубтар көптеген оқушылардың қосымша білім алуына қолайлы жағдай туғызады, жасөспірімдер арасында дене шынықтыруды дамыту мақсатында 8 аулаға жасанды газон төселді.
«Менің қалам – Сәтбаев» қалалық аула клубтарына қарауды өткізу ересектер мен балаларды аула аймағын көркейтуге тартты, шағын аудандардың тұрғындары аула клубтарының қызметімен танысуға, олардың қызмтін жақсарту бойнша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік алды, «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру туралы әкімдіктің бастамсы туралы білді.
Осы жобаны жүзеге асыруға бағытталған отбасы, отбасы дәстүрін дамыту, отбасы құндылықтарын жандандыру мәселелері бойынша қалада отбасын нығайту, жағдайы төмен отбасыларды ерте анықтау және оларға уақытында көмек көрсету бойынша іс-шаралар өткізуге үлкен көңіл бөлінуде, сондықтан жергілікті атқарушы органдармен Әкелер Кеңесі – қоғамдық ұйымын құру бастамасы қолданды.

Сәтбаев қаласының өкіметі жастар мен кәмелетке толмағандардың қоғам өміріне қатысу талпынысын қолдайды және балалар құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Барлық халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қадағалауға жағдай жасау, балалық шақ проблемасына көңіл аудару мақсатында қазан – қараша айында жоғарғы сынып оқушылар Кеңесінің бастамасы бойынша «Балалар құқығы» ауызша журналы ұйымдастырылып, өткізілді. Әкелер кеңесінің, мектеп психологтарының, мемлекеттік құрылым өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді. «Балалар құқығы» баспа-сөз-мәжілісі «Болашақ» қалалық балалар-жеткіншектер ұйымының көшбасшыларымен және үйлестірушілерімен ойластырылып, өткізілді. Баланың өз отбасында өсіп, тәрбиелену құқығы туралы ақпараттандыруды арттыру үшін, қатал қарым-қатынастан қорғау үшін, жоғарғы сынып Кеңесі мен «болашақ» ұйымының балаларымен «Баланы қорға, жақсы көр!» акциясы ұйымдастырылды. Жасөспірімдердің өздері «Баланы қорға, жақсы көр!» парақшаларын әзірлеп, дайындады және оларды қаланың қабырға беттеріне орналастырды.
Қала әкімдігінің, ішкі саясат, білім және спорт бөлімінің мамандары қатысқан қалалық жоғарғы сыныптар Кеңесінің «Қаланың дамуына жастардың қосар үлесі» отырысында балалар «Сәтбаев, балаға мейірімді қала жолында» жобасына қатысуды және Балалар маслихатын құру бойынша ұсыныстар айтты.
2009 жылдың қазан – желтоқсан айларында «Қаладағы балалардың өмір спасын бағалай инструменті» зерттеуі жүргізілді, қатысушылары мемлекеттік қызметкерлер, өнеркәсіп жұмысшылары, балалар және қала қоғамы болған, қаладағы балалардың өмір сапасы мәселесі бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнамадан алынған мәліметтер қалалық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысына ұсынылады, проблемаларды, «Сәтбаев, балаға мейірімді қала жолында» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған басымдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақтағы «балалардың өміріне қолайлы жағдай жасау», балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында 30 қазанда Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Сәтбаев қаласының әкімдігі арасында Меморандумға қол қойылды, ал 2009 жылдың аяғында «Балаға мейірімді қала» жобасын нәтижелі жүзеге асыру және өзара қарым-қатынас ету мақсатында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен Меморандумға қол қойды.
2009 жыл Саран және Сәтбаев қалалары үшін – барлық мемлекеттік құрылым, азаматтық сектор қызметтеріне басымдылықтарын анықтауға мүмкіндік берді, жаңа бағдарламалар мен жоспарларға, балалар мүддесіне бағытталған саясаттың бастауы болды.

 


Департаменттің Саран қаласының халқы алдында есебі
2008 жылғы Саран қаласы әкімдігінің, Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің және Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің арасында қол қойылған меморандумға сәйкес  қалада «Саран балаға мейірбан қала жолында» жобасы бастау алды.
2010 жылғы 16 наурызда Саран қаласында балалар мен жастар орталығының мәжіліс залында Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері  әкімдіктің, прокуратура, ішкі істер, білім беру, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, халықты қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің өкілдерімен, емдеу, оқу, мәдениет, спорт, мектептен тыс ұйымдардың басшыларымен, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығы және балалардың өкілдерімен (Балалар мәслихаты, мектептердің өзін-өзі басқару кеңестері) кездесу өткізді.
Кездесу барысында Департамент қызметін бастаған уақыттан бері жұмысының  есебін жасады. Кездесуге қатысушылар балалардың құқықтарын қорғау саласында шетел тәжірибелерін біздің аймағымызға енгізу, кәмелетке толмағандардың құқықтары бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасындағы жаңа өзгерістер туралы талқылауға белсенді араласты.
Кездесудің тосын сәті - балалар мәслихатының төрағасы Е. Тағаев департаменттің атына алғысын арнады және «Саран балаға мейірбан қала»  жобасын іске асыруда белсенді қатынасқаны үшін департаменттің басшысына алғыс хатын табыстады. 
Есеп берудің соңы халыққа кеңестік көмек көрсету мақсатында Балалардың құқытарын қорғау департаментінің «Сенің шешімің» Балалар қоғамдық қабылдауының жұмысымен жалғасты. Барлық сұрақтар шешімін тапты, бір сұрақ Саран қаласы әкімдігінің бақылауында.
Осы іс-шара Саран қаласының «Ваша газета» газетінде жарияланады.


2010 жылдың 10 наурызда Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Р.П. Шер ЮНИСЕФ-тің халықаралық консультанты, Элиана Риджио ханыммен кездесті.
Аталған кездесуде «Балаға мейірімді қала» бастамашылықтың іске асырылуымен байланысты мәселелер, сонымен қатар одан әрі біздің елімізде аталған жобаның іске асыру бастамашылықтары қарастырылған. Талқылау барысында Қазақстанда «Балаға мейірімді қала» жобасын дамыту бойынша негізгі шаралар анықталды, БҰҰ-ның (ЮНИСЕФ) Балалар қорының қолдауымен Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жобаны әрі қарай енгізу және нәтижелі іске асыру бойынша ұсыныстары жасалды.
Кездесудің қортындысы бойынша халықаралық конференциясын өткізу, «Балаға мейірімді қала» қазақстандық жобасының үлгісін жасау жөніндегі шешімдер қабылданды.


«Балаға мейірімді қала» жобасы шеңберінде    өткізілген іс-шаралардың 2009 жылғы қортындылары бойынша  ақпарат


Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 37-О бұйрығына сәйкес «Балаға мейірімді қала» жобасын іске асыру шеңберінде  республикада 6 эксперименттік қала алаңдары құрылды (Алматы қаласының Алмалы ауданы, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Семей қалалары, Қарағанды облысының Саран, Сатпаев қалалары, Павлодар облысының Ақсу қаласы).
Қазіргі таңда Өскемен, Семей, Саран, Алматы, Ақсу қалаларының жергілікті атқарушы органдар мен Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері арасында қазіргі заманға сай қала жағдайларында балалардың сапалы өмір суруін, сонымен қатар олардың адамгершілік-рухани дамуына жағдай жасауын қамтамасыз ету бойынша жасасқан ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылды.
«Балаға мейірімді қала» жобасын іске асыру шеңберінде қазіргі уақытта Павлодар қаласының әкімі мен Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің арасында ынтымақтастық жөнінде Келісім жасасу жобасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Балаға мейірімді қала» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі өткізілетін іс-шаралар