Жаңалықтар

Құрылған: 11.08.2017, 10:36   |   Жаңартылған: 15.08.2017, 10:41
Тірек-қимыл аппаратының мүгедектігімен ауыратын балалар мен жасөспірімдерді сүйемелдеу бойынша арнайы қызметтер ұсыну жобасы туралы
11.08.2017

Қазақстандағы инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасының негізгі - бас постулатында– білім алушының білім беру қажеттіліктеріне және жеке ерекшеліктеріне білім беру ортасын бейімдеуді қамтамасыз ететін педагогикалық көзқарас негізінде барлық білім алушылардың тұратын жері бойынша тең білім беруді қамтамасыз етуге негізделген.

Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі – БҒДМБ) басты мақсаттарының бірі сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. БҒДМБ-ны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында ерекше білім беру қажеттіліктеріне ие балаларға жағдай жасау бойынша жергілікті атқарушы органдардың көрсеткіштері енгізілген.

Қазіргі таңда 3500-ден астам (44,7%) жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктеріне ие балаларға білім алу үшін жағдайлар жасалған. 2020 жылға дейін мектептердің 70%-ында инклюзивті білім беруге  жағдай жасау жоспарланған.

ҚР Үкіметінің қолдауымен БҒДМБ-да 2018 жылдан бастап білім беру ұйымдарының штаттық кестесіне мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеуші педагог-ассистенттің штаттық бірлігін енгізу қарастырылған. Алдын ала болжам бойынша шамамен 1219-ға жуық педагог-ассистенттер (тьютерлер) тартылатын болады.

Аталған іс-шаралар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сапалы әлеуметтендіруді қамтамасыз ете отырып, мектеп ортасында сүйемелдеуді іске асыруға мүмкіндік береді.

«Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігі тірек-қимыл аппаратының мүгедектігі бар (бұдан әрі - БТА) балалар мен жасөспірімдерге арнайы қызмет көрсету бойынша жоба әзірлеген.

Пилоттық жоба БТА балалары мен жасөспірімдерге инклюзивті білім беруге қолжетімділігін қамтамасыз етіп, олардың қоғамда әлеуметтендірілуіне мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жастарды оқу процесінде тьютерлермен қамтамасыз ету, олардың қоғамға бейімделуіне және барлық деңгейде білім алу мүмкіндіктерін қарастырады.

Аталған жобаны іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау қажет.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді қоғамда әлеуметтендіруді жүзеге асыру бағытындағы бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да Министрліктің ҮЕҰ-мен қарым-қатынасында өзінің жалғасын табады.

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика