Жаңалықтар

Құрылған: 21.08.2017, 16:35   |   Жаңартылған: 21.08.2017, 16:35
СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ТУРАЛЫ
21.08.2017

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы - білім беру ұйымының оқу-тәрбие процесі тұтастығының қажетті шарты бағдарламасы» «Қазақстанның жаңғыруы 3.0. – білімнің үлесі» Қазақстан Республикасының педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы

                                   СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ТУРАЛЫ

       2017 жылғы 21 тамызда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Астана қ., Сатпаев көшесі, 2) «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы - білім беру ұйымының оқу-тәрбие процесі тұтастығының қажетті шарты» секция отырысы өтті.

Секция отырысы Қазақстан Республикасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өтті.

Секция отырысының мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнындағы аспектісінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылау.

Секция отырысына «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтар мен тренерлер, білім басқармаларындағы адамгершілік-рухани құндылықтарды нығайту бөлімдерінің өкілдері, «Бөбек» ҰҒПББСО, БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған ортырыста жаңартылған білім беру мазмұнындағы аспектісінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудағы мұғалімдердің рөлі, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы біртұтас оқу-тәрбие процесіне «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын біріктіру бойынша пилоттық ұйымдарға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетудің өзекті мәселелері талқыланды.

Секция отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп,  қабылданды.

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика