Жаңалықтар

Құрылған: 21.08.2017, 18:17   |   Жаңартылған: 21.08.2017, 18:17
Республикалық тамыз педагогикалық конференциясының аясында өткізілетін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары мен арнаулы білім беру ұйымдарының басшыларына арналған секциялық отырыстың БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
21.08.2017

2017 жылғы 21 тамызда Республикалық тамыз педагогикалық конференциясының аясында «Қолданыстағы заңнаманы жетілдіру аясында арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары мен арнаулы білім беру ұйымдарының қызметін жақсарту туралы» тақырыбында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары мен арнаулы білім беру ұйымдары басшыларының секциялық отырысы өткізілетін болады.
Секциялық отырыстың жұмысына халықаралық және үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.
Отырыстың қорытындылары бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға арналған кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары мен арнаулы білім беру ұйымдарының қызметін жақсарту жөніндегі нақты ұсынымдар тұжырымдалады.

_____________________________

Қазақстан Республикасында 20 Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары (КБО), оның ішінде  13 -  облыс орталықтарында, 5 – Астана,  Алматы, Семей, Жезқазган, Теміртау қалаларында және 2 - Шығыс Қазақстан облысының аудандық орталықтарында, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған 7 білім беру ұйымы (Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында) және кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын бір білім беру ұйымы (Шығыс Қазақстан облысы, Белоусовка кентінде орналасқан) қызмет атқарады.

 

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика