Жаңалықтар

Құрылған: 25.08.2017, 17:48   |   Жаңартылған: 25.08.2017, 17:48
«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының ашылуы туралы ақпарат
25.08.2017

Ертіс маңындағы әдемі бұрыштарының бірінде Мичурино ауылы маңында 2017 жылдың 18 тамызында Павлодар қаласының әкімі Н. К. Әшімбетовтың қатысуымен «Балдәурен» қалалық оқу-сауықтыру орталығының ашылу салтанаты болды.
«Балдәурен» - бұл оқу-тәрбие және сауықтыру шараларын ұйымдастыру бойынша облыстың бірінші қалалық қосымша білім беру орталығы, сондай-ақ балалардың облыстық және қалалық мәдени-көпшілік, ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізілетін орны.
Ұйымның басты мақсаты балалар мен жасөспірімдердің демоқытуды және тәрбиелеуді, демалыс пен сауықтыруды ұйымдастыру, сонымен қатар шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.
Орталықтың қызметі оқу озаттарына, зияткерлік, шығармашылық және спорттық іс-шаралардыңжеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жыл бойы жоспарланған. Барлығы жыл ішінде бір ауысымда 150 бала болатын жалпы 3,0 мың бала шамасы есебімен 18 тақырыптық ауысым анықталған. Ауысым ұзақтығы 15 күн құрайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 1000 адамды қамтитын 7 маусым жоспарланған.
Балалардың оқуы мен тұруына қолайлы жағдайлар қарастырылған. Интернетке қосылған шахмат, робот техникасы кабинеттерімен, компьютерлік сыныптармен, изо-студиямен, шаштараз және тігін шеберханасымен, музыкалық қонақжайымен, кітап қоры - 5,0 мың дана кітаптары барқазіргі заманғы кітапханамен басқа да оқу кабинеттерімен жабдықталған. Жатын корпустары, сондай-ақ бөлмелерінде қажетті жиһазбен, ОТАУ ТВ спутниктік арнасына қосылған теледидар орнатылған демалыс аймақтары қамтылған.
Тәрбиеленушілерге бес уақыт құнарлы тамақтану, профилактикалық және сауықтыру іс-шаралары: массаж, оттегі коктейльдері, ингаляция жүргiзу үшін жабдық қолданылады, биотрондар және т. б. ұсынылады.
Спортпен айналысу үшін футбол алаңы, волейбол және стритбол алаңдары, тренажер және хореографиялық зал, қаңқалы бассейн, батуттары бар, 20 тамызға дейін көшедегі спорттық тренажерлар орнату жоспарланып отыр.
Балалар мен жасөспірімдерді қазақтың салт-дәстүріне тарту мақсатында ұлттық киіз үй және алтыбақанорнатылды.
Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін көлік бар.
5 екі қабатты жатын корпустары (коттедждер), медициналық кешені мен әкімшілік ғимараты, сондай-ақ бар типтік 150 орындық асхана мен акт залы орналасқан аумақтың жалпы алаңы 12 га құрайды.
«Балдәурен» қалалық оқу-сауықтыру орталығының ашылу салтанатына педагогикалық еңбектің ардагерлері шақырылды. Алғашқы маусымның балаларына мереке мәжіліс залында, ойын алаңдарында қызықты бағдарламалар мен спорттық ойындар, футбол, волейболдан турнирлер ұйымдастырылды.  

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика