Жаңалықтар

Құрылған: 13.09.2017, 19:49   |   Жаңартылған: 14.09.2017, 09:50
Алматы облысында «Мектепке жол» акциясы аясында шамамен 27 мың оқушыға көмек көрсетілді
13.09.2017

Акция шеңберінде мектепке бармаған балаларды анықтау бойынша арнайы рейдтер жүргізілуде

Қазіргі таңда Алматы облысында 1 тамыздан бастап бастау алған «Мектепке жол» акциясы шеңберінде 27 мыңдай оқушыға 268,3 млн. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде 124 млн. теңге бюджет қаржысы және 144 млн-нан астамы демеушілер тарапынан жұмсалды.
Өткен жылы акция кезеңінде осы мақсатқа 427,7 млн. теңге жұмсалды. Жалпы акция барысында 51 мың оқушы қамтылды деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасы хабарлағандай, ағымдағы жылы аталған акция «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтуде. Сонымен қатар акцияға қатысып, балаларға қажетті көмек беріп, қолдау көрсеткісі келетін азаматтар қатары жылдан жылға артып келеді. Белсенді қатысушылар арасында өңірдің кәсіпкерлері, меценаттар, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, ҮЕҰ, мемлекеттік органдар ұжымы мен жергілікті тұрғындар да бар.
Акция шеңберінде мектепке бармайтын балаларды анықтау үшін арнайы рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, пәтерлерді аралау арқылы анықтау, балалардың мектепке баруға дайындығын қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғалмаған отбасыдан шыққан балаларға мектепке қажетті заттармен, спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетуге аса көңіл аударылатынын айта кету керек.
Сонымен қатар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 30 қыркүйекке дейін өз жалғасын табады және әрбір ниет білдірушілер аталған іс-шараға қатысып, балаларға көмек бере алады.
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика