Жаңалықтар

Құрылған: 28.09.2017, 13:16   |   Жаңартылған: 28.09.2017, 13:16
Әмбебап кезеңді шолу кезеңдік БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің ұсынымдарының Қазақстан Республикасымен орындалуы бойынша ҮЕҰ аралық есебін ұсыну туралы Дөңгелек үстелге қатысуы туралы
28.09.2017

2017 жылғы 27 қыркүйекте  Әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің ұсынымдарының Қазақстан Республикасымен орындалуы бойынша ҮЕҰ аралық есебін ұсыну туралы дөңгелек үстел өтті.
Аталған аралық есептің ұйымдастырушысы ретінде Адам құқықтары  мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы - Абишев Т.Д., Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары - Азимова Э.А. сондай-ақ Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюро директорының орынбасары - Ақылбекова Р.М. алғы сөздерімен сөз сөйледі.  
Тұсаукесер барысында ҮЕҰ өкілдері Әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі ұсынымдарын көрсететін түрлі тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілін кұру, кәмелетке толмаған балалардың ерте некеге тұруы, балалар еңбегін анықтау және басқа да балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша талқылауға Балалардың құқықтарын қорғау  комитетінің қызметкерлері Сәрсенова Р.С. және Абилов М.М. қатысты.
Дөңгелек үстел аталған аралық баяндаманы сындарлы талқылаумен аяқталды.

 

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика