Жаңалықтар

Құрылған: 04.10.2017, 15:21   |   Жаңартылған: 05.10.2017, 15:22
Азия-Тынық мұхит аймағында балаларға көмек көрсету өңірлік консультация
04.10.2017

2017 жылғы 4 қазанда Астана қаласында Орталық Азиядағы бірінші Азия-Тынық мұхит аймағында балаларға көмек көрсету өңірлік консультациясы  өтеді.
Іс-шараны Білім және ғылым министрлігінің Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесі, Child Нelpline International, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін дағдарыс орталығы» КММ, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ, ЮНИСЕФ Балалар Қорының, The Sigrid Rausing Trust – Ф. Эберт  атындағы Ұлыбританияның  ҚР-дағы Қорының қолдауымен өткізеді.
Өңірлік Консультация 30 елдің өкілдері әлемдік іс-тәжірибемен алмасу үшін және балаларға арналған сенім телефондарының ең сәтті жұмыстарын талқылау үшін  кездесетін алаңға айналды. Сонымен қатар балаларды қатыгездік пен зиянды ақпараттан қорғау саясаты бойынша пікірталастар өткізіледі. Кездесуге үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың, телекоммуникациялық компаниялардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері өзекті мәселелерді талқылау үшін қатысады.  
Осы іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ балалар мен жастарға арналған №150 Ұлттық телефон желісінің жұмысы туралы баяндайды.  Ол 2005 жылғы 20 қарашадан бастап жұмыс істейді.
Сенім телефоны қызметінің уақытында 1,5 млн-нан астам қоңырау келіп түскен (оның ішінде 43 мыңнан астамы балалар мен жастар құқықтарының бұзылуы жөнінде).
Бұл қызмет Қазақстан Республикасының балаларына тегін, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн қоңырау шалу үшін қолжетімді. Трафик «Қазақтелеком»АҚ-мен қамтамасыз етіледі. Консультациялар екі тілде беріледі.  
2009 жылдан бастап «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ 181 ұйымды біріктіріп,  әлемнің 147 елінде жұмыс істейтін Child Helpline International (бұдан әрі -CHI) халықаралық сенім телефондары желісінің мүшесі болып табылады.   
Желінің қызметі балалар сенім телефондарын дамытуға және қолдауға бағытталған.  2015 жылы ғана CHI-ға кіретін сенім телефондарына балалар мен жастардан 20 млн. астам қоңырау келіп түсті.
Кездесу аясында балаларды интернетте қорғау; босқындар мен көшіп-қонушылардың балаларының мәселелері, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесінің жұмысын, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктен қорғау саясатын жақсарту мәселелері талқыланады.
Кездесуге мемлекеттік құрылымдардың, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстанның ҮЕҰ-ның өкілдері, «Дағдарыс орталықтарының одағы»ЗТБ, БАҚ, Халықаралық ұйымдардың мүшелері қатысады.
Іс-шара 4-6 қазан аралығында 10-00 ден 12-00-ге дейін, Астана қаласында, Сарыарқа даңғылы 8, ParkInnRadisson қонақ үйі мекен-жайы бойнша өтеді.

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика