Жаңалықтар

Құрылған: 05.10.2017, 17:12   |   Жаңартылған: 09.10.2017, 17:13
«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясын өткізу туралы ақпарат
05.10.2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 2017 жылғы 2 қазан – 10 қараша аралығында республикамызда «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» ұранымен өтуде.
Акцияның мақсаты – оқушыларды білім алу орнына тасымалдауды ұйымдастыруда қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету. Сондай-ақ балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды жүзеге асыру барысында жол-көлік оқиғасының алдын алу.
Акцияға қатысушылар мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссияларының, ата-аналар қоғамдастықтарының, мекемелердің, еңбек ұжымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ, жергілікті полиция қызметкерлері және т.б. өкілдері.
Республикалық акция балаларды тасымалдауда және жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері туралы балаларға, ата-аналар мен қоғамға ескерту болуы қажет.
Акция кезең-кезеңмен өтеді, олардың әрқайсында арнайы іс-шаралар қарастырылған.
Қауіпсіз жол мен қауіпсіз мектеп автобусын қалыптастыру бойынша тексерулер жүргізу.
техникалық жағдайына тексеру жүргізу, тахографтардың бар болуы және олардың жарамдылығы, балаларды білім беру мекемелеріне тасымалдауды үнемі жүзеге асыратын техниканың тексерістен өткендігі туралы анықтаманың болуы. Жүргізушілер құрамына жіті көңіл аудару – тиісті санаттың, жүргізушілік өтілінің бар болуы және рульдегі тәртібі;
автокөлікке қойылатын техникалық талаптарға сәйкес, сондай-ақ бағыт үлгісінің болуына, балаларды мектепке тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарға тексеру жүргізу;
мектепке тасымалдайтын жолдың қауіпсіздігі (аумақты жарықтандыру, «Балалар», жаяу жүргіншілер жүретін жол белгісінің бар болуы, жасанды жол кедергісін құру және т.б.)
балаларды тасымалдайтын көлікте (автобуста) арнайы жарық (жарқыл белгі) және дыбыс белгісінің бар болуы;
жаяу жүргіншілер жүретін жол мен мектепке кіре беріс жолда жұмыс жасап тұрған бейнебақылау камерасының болуы;
мектеп автобустарының жүргізушілеріне жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережесінің бұзылуына жол бермеу тақырыбында нұсқаулықтар өткізу;
мектеп автобустары жүргізушілерінің назарын балаларды «Балаларды тасымалдау» танымдық белгісі бар көлік құралына отырғызу және одан түсіру барысында міндетті түрде апаттық сигнал қолдануға назарларын аудару;
Сонымен қатар, балаларды мектепке тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдарға:
- балаларды мектепке тасымалдауды жүзеге асыратын транспорт құралдарына GPS – құрылғысын орналастыру мүмкіндігін қарастыруды;
- акция шеңберінде облыстық, қалалық, аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиялары жүргізушілер құрамының сапасына, балаларды мектепке тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік құралдарының (автобустар) жағдайын зерделеу бойынша жұмыс топтарын құру және олардың жұмысын қамтамасыз ету (2017 жылғы қазан-қараша);
- білім беру ұйымдарында жол қозғалысының ережесін түсіндіру және өзін қорғау шаралары бойынша қауіпсіздік сабақтарды, флеш-мобтар (5-11 сыныптар), сынып сағаттары, сурет байқауларын (1-4 сыныптар) өткізу ұсынылады.
-       

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика