Жаңалықтар

Құрылған: 10.10.2017, 15:30   |   Жаңартылған: 10.10.2017, 15:30
Баспасөз хабарламасы
10.10.2017

Бүкіл әлемде 11 қазанда қыздар құқықтарын мойындау белгісі ретінде 2011 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған Халықаралық қыздар күні атап өтіледі.
Бұл күн бүкіл әлемдегі қыздардың тап болатын мәселелерін шешу қажеттілігіне және қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді ынталандыруға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға назар аударуға шақырады.
Ағымдағы жылғы 4-13 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен Халықаралық қыздар күніне арналған онкүндік өткізіліп отыр.
Онкүндіктің мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорға құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру.
Акция шеңберінде облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілдендірілген және біздің мемлекетпен ратификацияланған халықаралық құқықтық нормалармен қыздардың құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізілуде.
Онкүндік іс-шаралар барасында өмірлік қиын жағдайдағы (жетім-балалар және ААҚҚБ, мүмкіндігі шектеулі және т.б.) қыздардың ерекше қажеттіліктерін анықтау, білім алудағы қыздардың құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, қыздарға репродуктивті білім беру мәселелерін белсендіру жоспарлануда.

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика