Жаңалықтар

Құрылған: 25.10.2017, 18:39   |   Жаңартылған: 26.10.2017, 12:55
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшыларының білім саласындағы үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесуі туралы ақпарат
25.10.2017

2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшыларының білім саласындағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті.
Аталған кездесудің мақсаты - үкіметтік емес ұйымдарды білім саласындағы өзекті мәселелерді шешуге және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуге тарту.
Кездесуге білім саласындағы үкіметтік емес ұйымдар, сонымен қатар халықаралық ұйым өкілдері қатысты.
Азаматтық қоғам мен мемлекетті шоғырландыру және өзара іс-қимыл үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік-кеңесші кеңесі жұмыс істейді.
ҮЕҰ Кеңесінің өкілдері балалық шақты құқықтық қорғаудағы ең маңызды аспектілерін шешуге: балалардың өмірде орналасуы, балалар үйі тәрбиеленушілерін әлеуметтік интеграциялау және бейімдеу, отбасылық жайсыздықты және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру құқығын қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар және т.б. арасында зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас пен құқық бұзушылықты алдын алуға белсенді қатысады.
Кездесу барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әлеуметтік жетімдікті алдын-алу және инклюзивті білім беруді қамтамасыз етудегі ынтымақтастық мәселелерін талқыланды.

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика