Жаңалықтар

Құрылған: 25.10.2017, 00:00   |   Жаңартылған: 26.10.2017, 18:21
Алматы қаласында адамгершілік-рухани білім беру мәселелері бойынша Халықаралық педагогикалық форумы өтеді.
25.10.2017

2017 жылдың 25-30 қазан аралығында «Бөбек» ҰҒПББСО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «Өзін-өзі тану – Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты Халықаралық педагогикалық форумын өткізуде.
Форумның мақсаты: «Өзін-өзі тану» – үнемі өзгеріп отыратын өмір жағдайындағы адамның өзін-өзі толыққанды жетілдіруі үшін жан-жақты мүмкіндіктерді игерген болашақтың білім беру моделінің негізі.
26 қазанда форумның салтанатты ашылуы аясында Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы, «Өзін-өзі тану» жобасының авторы Сары Алпысқызы Назарбаеваның, мемлекеттік басқару органдары өкілдерінің, педагогикалық жұртшылық өкілдерінің қатысуымен «Бөбек» ҰҒПББСО-ның             20 жылдық мерейтойы өткізіледі. Форумға ізгілікті педагогиканы дамытуға және өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиелеуіне айтарлықтай үлес қосқан спикерлер ретінде қазақстандық және шетелдік педагогтар мен ғалымдар қатысады.
Форумның ашылуы Қабылдау үйінде өтеді (Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 44, Фурманова көшесінің қиылысы мекен-жайы бойынша) Басталуы: 9.00.
27-28 қазан күндері форум жұмысы «Бөбек» орталығының алаңында жалғасын табады ( «Бобек -1» , Дарын м.а., 47 үй; «Бөбек - 2», Алматы қаласы, Байкенов көшесі, 44).
.

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика