Жаңалықтар

Құрылған: 22.11.2017, 16:01   |   Жаңартылған: 22.11.2017, 16:02
«Балаға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференциясының «Бала және кәсіпкерлік» диалогтық алаңы туралы ақпарат
21.11.2017

Ағымдағы жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Балаға мейірімді Қазақстан!» халықаралық конференциясы шеңберінде «Бала және кәсіпкерлік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жоғарыда аталған Конферецияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстандағы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдік, Қазақстандағы Еуропалық Одақтың өкілдік. «Бала және кәсіпкерлік» тақырыбындағы диалогтық алаңның жауапты тәлімгері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті болып тағайындалды

                

Дөңгелек үстелге қатысушылар бизнестің әлеуметтік бөлігінде балалардың құқықтарын қорғау, балалар еңбегін қорғау кепілдіктері мен қауіпсіздігі проблемалары бойынша өзекті мәселелері талқыланып, «Балаға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференциясына арналған ұсынымдамалар әзірленді. Дөңгелек үстелде атап өткендей, кәсіпкерлік қызметті дамыту және осыдан туындаған салдар азаматтардың, әсіресе балалардың кепілдендірілген құқықтарын бұзбауы және шектемеуі қажет. Дөңгелек үстелде қарастырылған мәселелер «Бала құқықтары және кәсіпкерлік құқықтары» балалардың құқықтарын құрметтеуді қамтамасыз ету жөнінде құжатқа енгізілетін болады. Жыл сайын 20 қарашада бүкіл әлем бойынша Бала құқықтары күні атап өту қабылданған. 1989 жылы дәл осы күні БҰҰ Бас ассамблея Бала құқықтары туралы Конвенциясын қабылданды.

  

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика