Жаңалықтар

Құрылған: 24.11.2017, 12:53   |   Жаңартылған: 24.11.2017, 12:53
«Бала және отбасы» диалогтық алаңы бойынша ақпарат
21.11.2017

2017 жылғы 21 қарашада Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Балаға мейірімді Қазақстан!» халықаралық конференциясы аясында «Бала және отбасы» тақырыбы бойынша диалогтық алаң өткізілді.

Кеңейтілген отырысқа министірліктердің, жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен балалар үйлерінің директорлары, Республикалық директорлар кеңесінің мүшелері қатысты. Диалогтық алаңға  60 адам жиналды, ал алаңның ерекшелігінің бірі Қазақстанның барлық аймақтарының балалары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын талқылау және БҰҰ-ның Бала құқықтары бойынша комитетінің ұсынымдарына сәйкес балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды әзірлеу.

Жұмыс барысында Ұлыбритания мен Армения елдерінің отбасын қолдау қызметін дамыту халықаралық тәжірибиесімен таныстырылып, балаларды орналастырудың отбасылық нысандарынның дамуының басым бағыттары балалар үйлері түлектерінің сәтті әлеуметтенуі үшін жағдай жасаудың басты жолдары, интернаттық мекемелерді реформалаудың келешегі мен проблемалары талқыланды. Аталған іс-шара барысында SOS Алматы балалар қалашығының Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҚР Дін істері мен азаматтық қоғам министірлігіннен бөлінген гранты аясында  отбасы және балаларды қолдау қызметін дамыту жобасының нәтижелері жарияланды.

Диалогтық алаңның отырысы барысында қолданыстағы заңнаманы жақсартуға байланысты ұсыныстар қабылданды.

 

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика