Жаңалықтар

Құрылған: 06.12.2017, 16:35   |   Жаңартылған: 06.12.2017, 16:35
«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндіктің баспасөз хабарламасы
06.12.2017

2017 жылғы 20-30 қараша аралығында республиканың барлық білім беру ұйымдарында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік өтті.

Мақсаты – білім беру ұйымдары оқушыларының құқықтық мәдениетін, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру.

Онкүндіктің барысында барлық өңірлерде Құқықтық білім күні, жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы, қоғамдық қабылдаулар, балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктері көшбасыларының слеті, семинарлар, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық акциялар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшыларымен, мәслихат депутаттарымен кездесулер, ата-аналар, ҮЕҰ, балалар үйлерінің, кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталықтарының, интернаттық мекемелердің тәрбиенушілерінің, еріктілер топтары мүшелерінің қатысуымен кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылды.

Онкүндіктің шеңберінде «Өз үйім – өлең төсегім», «Балалардың денсаулығы мен өмірі үшін ата-аналардың жауапкершілігі», «Қазақстан – жетімсіз ел» тақырыптарында бейнесабақтар (мемлекеттік және орыс тілдерінде) қолданылды http://www.bala-kkk.kz

Қазақстандық балалардың сапалы білім, медициналық қызметті алуына, қоғамдық өмірге араласуына, қауіпсіз ортада жеке өміріне құқығын жүзеге асыруына және әртүрлі қызмет саласында өздерінің құқықтарын пайдалануына мүмкіндіктері бар.

Қазіргі таңда балалар – қоғамдық бірлестіктер мен балалар ұйымдарының белсенді көшбасышылары, олар балаларға арналған жобалар, форумдар және іс-шаралар арқылы өз пікірлерін сүйіспеншілікпен және олардың қатысуымен жүзеге асырады.

    

     

 

 

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика