Жаңалықтар

Құрылған: 12.12.2017, 13:07   |   Жаңартылған: 12.12.2017, 13:07
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ХХІ-ші отырысының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
11.12.2017

2017жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ХХІ-ші отырысының кезекті отырысы өтеді (бұдан әрі - ВАК).

ВАК отырысында Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру жөнінде мәселелер талқыланады. ВАК отырысы республикамыздағы өңірлермен бейнеконференцбайланысқа қосу режимінде өтеді.

Отырыс жұмысына мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының басшылары, балалар үйлерінің жетекшілері, балалар үйлерінің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысады.

ВАК жұмысының қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы Қорғаншылық кеңес қызметінің тиімділігі және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша әсерлі тетіктерді құру жөнінде нақты ұсыныстар әзірленетін болады.

_____________________________

 

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (ВАК) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. ВАК 2017 жылы кәмелетке толмағандар арасындағы қараусыз және қадағалаусыз қалудың, құқықбұзушылықтың алдын алу және оларды әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика