Жаңалықтар

Құрылған: 07.02.2018, 17:09   |   Жаңартылған: 07.02.2018, 17:09
2017 жылғы Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы Баяндама
07.02.2018

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен және мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен «Сандж Зерттеу орталығы» қоғамдық қорымен 2017 жылғы Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама әзірленді.

Баяндамада балалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік, денсаулық жағдайын қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, бос уақытын ұйымдастыру, білім, тәрбие, даму саласында балалардың өмірлік іс-әрекетінің негізгі аспектілірін сипаттайтын, сондай-ақ балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар туралы негізгі индикаторлар бойынша Қазақстандағы балалардың құқықтарының қорғалуы мен олардыңжағдайы туралы ақпарат ұсынылған. 

Сонымен қатар 2017 жылы балалардың құқығын қорғау саласында ұлттық заңнаманың даму мәселелері, Бала құқығы туралы Конвенция мен басқа да халықаралық шарттар ережесі туралы құқықтық ақпараттандыру, балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық тәжірибеге қатысты мәселелер көрсетілген.

Баяндаманы әзірлеу барысында және балалардың басты құқықтарының жүзеге асырылуы туралы бастапқы деректер жинау үшін тереңдетілген сұхбат және сауалнамалық сұраулар әдістерімен, соның ішінде балалар құқықтарын қорғау комитетінің сайтындағы он-лайн сауалнамалық сұрау арқылы әлеуметтік зерттеу жүргізілді. 

Баяндаманы балалардың жағдайы мен құқықтарын қорғау саласын жақсарту үшін балалармен жұмыс жасайтын мамандар, Қазақстанның әр түрлі министрліктері мен ведомстволары, үкіметтік емес ұйымдары, халықаралық сарапшылар, БАҚ, ата-аналар қауымдастығы,  өзге де мүдделі тұлғалар қолдана алады. 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАМА - 2017

 

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика