Жаңалықтар

Құрылған: 09.02.2018, 11:00   |   Жаңартылған: 09.02.2018, 11:00
Қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасы біріктірілетін болады
09.02.2018

 

«Физика жүрек тілімен», «Адамгершілік грамматикасы» - жалпы адамзаттық құндылықтарды тереңдетіп оқытатын мектептерде физика және математика пәндері бойынша сабақтардың тақырыптары.

Қазіргі уақыттың талабына негізделген жоғары адамгершілік пен адамшылыққа тәрбиелеу алдыңғы орынға қойылуы қажет.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы және рух беруші Сара Алпысқызының бастамасы бойынша республиканың барлық өңірлердегі 71 білім беру ұйымда жалпы оқу-тәрбие процесінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру жөніндегі жоба жүзеге асырылуда.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асырудың осы кезеңінің ерекшілігі «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртуға және қазақстандық қоғамды рухани қайта өркендетуге бағытталуымен айқындалады.

Бағдарлама оқушылардың кең ауқымды әлеуметтік рольдерді, өмірлік және білім беру стратегияларды, ерекше моральдық-құндылық бағдарларға басшылық жасауды меңгеруге бағытталған және отбасы институтын нығайту, қоғамымыздағы зорлық-зомбылықты, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою сияқты көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

12 ақпан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының туған күнінде республиканың барлық білім беру ұйымдарында оқу күнінің бірінші және екінші ауысымдары «Өзін-өзі тану» сабағымен басталады. 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика