Жаңалықтар

Құрылған: 16.02.2018, 10:37   |   Жаңартылған: 16.02.2018, 10:37
«Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» республикалық балалар бастамасын өткізу туралы ақпарат
16.02.2018

2018 жылғы қаңтарда республикада «Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» республикалық балалар бастамасы басталды.

Іс-шараны ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті болып табылады.

Бастама мақсаты – қоғамға риясыз қызмет етуді насихаттауға және идеяны таратуға қоғамның назарын аудару, айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық істер және табиғатқа қамқорлық жасауға балаларды уәждейтін іс-шараларды ұйымдастыру.

Бастамаға оқушылар, педагогтар, ата-аналар, қоғам қайраткерлер қатысады. Бастамаға қатысушы балалардың жас ерекшелігі шектелмеген.

Кіші мектеп жасындағы оқушылар (1-4 сыныптар) әлеуметтік белсенділікті анықтау тәжірибесін жинақтауға, жеке және бірлескен істердің жасаудың негіздерін меңгеруге, өзіне және айналасындағыларға пайда әкелуді үйренуге, өзінің жеке әлсіз және мықты жақтары туралы алғашқы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әртүрлі қызмет түрлерінде ересектермен және біршама үлкен оқушылармен бірге тартылады. Балақайлар егде және жалғыз басты адамдар туралы ойлаудан, ата-аналарына көмектесуден, автобуста үлкендерге орын беруден, үй жануарларына қамқор болудан және құсқа жем салатын астау жасаудан бастауларына болады.

Жоғары (9-11 сыныптар) және орта (5-8 сыныптар) буын оқушылары аналарына, әкелеріне, әжелеріне, аталарына арнап акциялар мен фестивальдерді, концерттерді өткізудің, өз замандастарына деген риясыз достығы мен жылы сөздермен көмектесудің бастамашысы бола алады. Іс-шараларда кішкентай оқушыларды қолдау және тарту. Әлеуметтік желілерде, мектеп газеттері мен журналдарда игі істерді насихаттау.

Бұқаралық ақпарат құралдарын балалар бастамасына ақпараттық қолдау көрсетіп, балалар жасаған игі істер туралы кеңінен жариялауға шақырамыз.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика