Жаңалықтар

Құрылған: 20.02.2018, 12:16   |   Жаңартылған: 20.02.2018, 12:16
Оқу курсының тұсаукесері
20.02.2018

2018 жылғы 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында отбасы саласында профилактикалық қызмет көрсету жөнінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі ЮНИСЕФ-пен бірлескен жоба шеңберінде әзірленген оқу курсының тұсаукесері өтеді. Үкіметтік емес сектордағы тарапынан серіктес «Отбысылық Академия» ҚҚ (жетекшісі  Ш. Байболова) болып табылады.

Аталған оқу курсы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары арқылы отбасылар мен балаларға кең ауқымды қызметтер көрсету үшін халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын ескере отырып, мамандар тобы тарапынан әзірленеді. Тренингтің жұмысына Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жетім балалар мен ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың әлеуметтік педагогтары қатысады. Осындай тренинг ағымдағы жылғы 29-31 қаңтар аралығында Алматы қаласында өтті, оған республиканың 10 өңірінен әлеуметтік педагогтар қатысты.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика