Жаңалықтар

Құрылған: 26.02.2018, 17:18   |   Жаңартылған: 26.02.2018, 17:18
1 наурыз – Алғыс айту күні!
26.02.2018

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен 1 наурызда біздің елімізде Алғыс айту күні мерекелеуде.

Мереке бұқаралық депортациялау кезеңінде тағдырдың қалауына қарай осы жерді Отаны ретінде қабылдаған әр ұлт өкілдерінің қазақ жеріне және Қазақстан халқына Ризашылық білдіру күні болып табылады.

Мемлекет басшысы атап өткендей: «Бұл күнді маңызды ерекше қайырымдылық акциялармен және қолдаумен мерекелеу болып табылады».

Республиканың барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан халқына, ата-аналарға, мұғалімдерге және т.б. шынайы алғыс айту идеясын насихаттауға және таратуға бағытталған, балаларды айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық істерді және табиғатқа қамқорлық жасауға ынталандыратын іс-шаралар өткізілетін болады.

Бұл мерекені 6 мыңнан астам балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушісі ерекше жылулықпен қарсы алады, олар үшін алғыс күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Ханымы, «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының бастамашылық етуімен дәстүрлі мерекенің жалғасы болып табылады.

Бұл күні балаларға қонаққа соғыс және еңбек ардагерлері, қызықты мамандықтар иелері, Қазақстан халқының Ассамблеясынының, қамқорлық жасайтын ұйымдардың өкілдері келеді. Осы күнге орай балалар алдын ала дайындалып – қол өнермен және шығармашылықпен айналысады, мерекелік концерттер және қонақтарға арналған өздерінің сыйлықтарын дайындайды, бейне құттықтаулар түсіреді, қабырға газетін шығарады. Алғыс айту күні қарсаңында біз барлық балалар үйлеріндегі балалардың тағдырына бей-жай қарамайтындарды осы мерекеге қосылуға, өзіндегі керемет ішкі серпілісін: өзінің жүрегінде алғысын арттыруға, сенімділліке ие болуға және жай ғана адамгершілікті және қайырымды болуға шақырамыз

 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика