Жаңалықтар

Құрылған: 26.02.2018, 19:15   |   Жаңартылған: 26.02.2018, 19:15
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.Оршубековтың Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) балалар жағдайы бойынша V конференциясына қатысу қорытындысы бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
26.02.2018

2018 жылғы 21-22 ақпанда Рабат қаласында (Марокко Корольдігі) Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы (бұдан әрі - Комитет) Нұрбек Әбубекұлы Оршубеков Білім, ғылым және мәдениет істері  жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) балалар жағдайы бойынша V конференциясына қатысты. 

Іс-шараға Марокко Үкіметінің мүшелері, ИСЕСКО-ға мүше мемлекеттердің өкілдері, халықаралық ұйымдардың делегациялары және аталған ислам ұйымның басшылығы мен сарапшылары қатысты.

Конференция аясында "Балалар Әлемді Бейнелейді" қазақстандық қоғамдық қоры Орта Азиядағы балалар суреттерінің көрмесін ұйымдастырды.

Конференция барысында балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірқатар құжаттар қаралып қабылданды, оның ішінде Ислам мемлекеттерінің статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер және білім беру орталығының ИСЕСКО мүше мемлекеттеріндегі балалар жағдайы туралы баяндамасы. Ұйымның Бас директоры Абдулазиз әл-Тавайри осы құжаттардың сапасына жоғары баға берді.

Сөз сөйлеу барысында Оршубеков Н.А. конференцияның барлық қатысушыларын жауынгерлік іс-қимылдар аймақтарындағы балаларды анықтауға көмек көрсетуді және құқықтық салада осы балаларды өз Отанына қайтару мүмкіндігін қарастыруға шақырды. Сондай-ақ ол осы бағытта барлық қатысушы мемлекеттердің үйлесімді жұмыс істеу қажеттілігін атап өтті.

Комитет Төрағасы сондай-ақ ИСЕСКО жанындағы Ислам әлемі Университеттерінің Федерациясы Бас хатшысының орынбасары доктор Абделла Бенаратпен кездесті. Кездесу барысында тараптар ИСЕСКО-ға мүше мемлекеттердің арасындағы студенттермен алмасу бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы Қазақстан мен ИСЕСКО арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 

 

 

 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика