Жаңалықтар

Құрылған: 28.02.2018, 12:35   |   Жаңартылған: 28.02.2018, 12:35
Атырау облысында 2018 жылғы 26-27ақпанда БҚҚК төрағасы Н.А.Оршубековтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша
28.02.2018

        «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын халыққа ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу шеңберінде  Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.А.Оршубековтың Атырау облысының халқымен кездесуі ұйымдастырылды.  

Кездесу барысында Н.А.Оршубеков 2018 жылы 26-27 ақпанда Атырау облысындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылына, облыстық балаларды сауықтыру орталығына, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына,   ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназиясына барды. Н.А. Оршубеков өз баяндамасында білім саласының өзіне тән инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуетімен экономиканың жеке саласы екенін атап өтті.

Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік-жеке әріптестікті келешекте дамытудың қажеттілігі, 10-11 сыныптарда  кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылуы, «Баршаға арналған тегін КТБ» жобасының жүзеге асырылуы туралы баяндады. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы балалық шақты қорғау саласындағы қол жеткізілген негізгі басымдықтар мен балалық шақтың келешегіне де тоқталып өтті.

Н.А.Оршубеков білім беру ұйымдарына бару кезінде балалардың шығармашылығымен, өмір сүру жағдайларымен, сауықтыруды ұйымдастыру, тамақтану және балалардың демалысы мәселелерімен танысты. Ақпараттық-түсіндірме жұмысы барысында 4 білім беру ұйымында кездесулер өткізіліп, 350-ден астам адам қамтылды.

Кездесуге қатысушылар Елбасының негізгі басымдықтарын қолдап, реформаның негізгі қағидаларын толық баяндағаны және жетік түсіндіргені үшін өз лебіздерін, құрастырылған конструктивті диалогққа берілген сұрақтарға толыққанды жауап алғандарына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, Н.А. Оршубеков облыстық БАҚ құралдарымен кездесіп, Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары бойынша сұхбат берді.

     

 

 

 

 

 

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика