Жаңалықтар

Құрылған: 02.03.2018, 10:35   |   Жаңартылған: 02.03.2018, 10:35
Алғыс айту күніне орай Астана қаласындағы балалар үйінде өткен іс-шара туралы ақпарат
01.03.2018

2018 жылғы 1 наурызда «Мейірімділік балалардың игілігі үшін!" атты ұранмен Астана қаласының Балалар үйінде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.А. Оршубековтің қатысуымен "Алғыс айту" мерекесі аталып өтті.

Кез келген адам үшін ең бағалы сыйлық не? Әрине, бұл – махаббат пен мейірімділік. Олар әрдайым қатар жүретін біртұтас ұғымдар. Махаббат пен мейірімділікті адал ниетпен және шынайы сезіммен сыйлауға болады. Махаббатты, әсіресе, балаларымыз қажет етеді. Баланың әр күнін қуанышты да бақытты ету – біздің қолымызда. Бұны қалай жасауға болады? Жеңіл және оңай. Балаларға ертегі сыйлау қажет. 

Атап айтқанда, «Алғыс айту күні», "Мейірімділік балалардың игілігі үшін" қайырымдылық мерекесі тап сол ертегі болып табылады. Бұл күні адамдар бір-біріне махаббат пен жылулық, қамқорлық пен түсінік үшін шексіз алғысын білдіреді. Бұл күні жайлы да жылы Астана қаласының балалар үйі жан-жақтан келетін достары мен қонақтарын құшағын жая қарсы алады. Бұл адамдар – біздің тәрбиеленушілерміздің тағдырына бей-жай қарамайтын жандар.

Балалар салтанатты безендірілген залда қонақтарды қарсы алды. Мереке сән-салтанатты, көңілді және мейірім шуағын шашқан атмосферада өтті. Қонақтар балалар үйінің шығармашылық ұжымдары әзірлеген музыкалық бағдарламаны тамашалады. Сонымен қатар, жаңа ғылыми және көркем әдебиеттермен толықтырылған, жаңартылған кітапхананың ашылу салтанатына қатысты. іс-шараның соңында мерекеге қатысушы қонақтармен бірге әуеге шар ұшыру флеш мобына қатысты.

    

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика