Жаңалықтар

Құрылған: 02.03.2018, 10:45   |   Жаңартылған: 02.03.2018, 10:46
Атырау облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйіндегі мереке
02.03.2018

Атырау облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінде 1 наурыз ерекше көңіл күймен, жадыраған балғын жүзді сәбилер күлкісімен басталды.

Әр кім өз айналасындағыларға "Алғыс"айтып мәре -сәре болып мерекелік шараны бастауға дайынықтарын көрсетіп жатыр
...Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.

Әр ұлттың әні айтылып,биі биленген мерекелік шара осы күнге арнайы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Ханымы,"Бөбек"қорының президенті. Аса мейірімді, абзал жан, балалардың қамқоршысы, үлкен анамыз Сара Алпысқызының "Алғыс хатын"оқумен басталды.

Бұл мереке балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан барлық балалар үшін ерекше мереке . қысқа метражды «Аманат» кино фильмінің тұсаукесері Атырау облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша арнайы түсірілген "Аманат " атты қысқаметражды кинофильмге түскен тәрбиеленушілерімізді марапаттау рәсімі өткізілді. Джаббаров Руслан, Серікқали Бекзат пен Шудабай Нұрдаулет. Шақырылған қонақтар Атырау облысының ювеналдық сотының және Атырау қалалық әкімшілік сотының судьялары Алғыс айту күніне арналған тілектерін білдіріп балалар ауылында қызмет етіп жатқан ана-тәрбиешілерді "Алғыс хатпен" марапаттап балаларға өз сыйлықтарын табыс етті.Қазақстан Халықтары Ассамблеясынан "Барбанг"- курд этно-мәдени бірлестігінің төрағасы А.К.Сеидов, "Едәл-Жайық"қарақалпақстан этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Қ.Пішенбай мырзалар келеліп балаларға өз тілектерін айтып,, тәтті сыйлйқтарын табыс етті.

Келген қонақтарға тәрбиеленушілер өз алғыс-тілектерін білдіріп өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етті.Түс ауа балалар ауылына "Нұр Отан "партиясының өкілі, Облыстық Мәслихат депутаты А.М.Қалиева балаларға арналған сый - сияпатын киім-кешек түрінде табыстап әр баланың жылы лебіздерін тыңдап риза болды.Жастар Ресурстық орталығы қызметкерлері де шараға қатысып өздерінің жылы тілектерін жолдады. "Алғыс айту күні қарсаңында тірбиеленушілер Сара Алпысқызына арнап өз тілектерін - қолөнер бұйымдарын жасап, Алғыс түріндегі жеделхаттарын жолдады. Бұл күн әрбәр қызметкер үшін де балалар үшін де ең жарқын күн болды.

  

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика