Жаңалықтар

Құрылған: 28.03.2018, 11:44   |   Жаңартылған: 28.03.2018, 11:44
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
28.03.2018

2018 жылғы 29 наурызда Ақтөбе қаласында «Балалардың мүдделеріндегі әрекеттер стратегиясы» атты тақырыпта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіледі.

Іс-шара барысында балалар үйлерін өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарына ауыстырудың және балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне интернаттан кейінгі қолдау көрсетудің өзекті мәселесін талқылану жоспарлануда.

Отырысқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, республикадағы балалар үйлерінің директорлары, орталық пен жергілікті атқарушы органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері шақырылды.

Республикада балалар үйлері желісі қысқаруда, олардағы тәрбиеленушілердің саны жылдан жылға азаюда. Бұл халықаралық тәжірибеге негізделген ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатпен тікелей байланысты.

Жалпы, 2017 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың отбасылық нысандарын дамытудың өзгерісті кезеңі болды. Жаңа нысандар қабылданды, 22 бала қабылдайтын отбасы құрылды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық банкі іске қосылды, балалар үйлерін өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарына ауыстырудың үрдісі басталды.

 

 

 

 

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика