Жаңалықтар

Құрылған: 29.03.2018, 19:34   |   Жаңартылған: 29.03.2018, 19:50
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындысы туралы ақпарат
29.03.2018

2018 жылғы 29 наурызда Ақтөбе қаласында «Балалардың мүдделеріндегі әрекеттер стратегиясы» атты тақырыпта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыстың жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З. Балиева, республикадағы балалар үйлерінің директорлары, орталық пен жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері шақырылды.

Отырыстың күн тәртібіне екі негізгі мәселе енгізілді:

1. Балалар үйлерін ауыстыру процесін белсендіру.

2. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне интернаттан кейінгі қолдау көрсетуді сүйемелдеу.

Республикалық директорлар кеңесін өткізу үшін өңірді таңдау кездейсоқтық емес. Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдармен жүргізілген жұмыс нәтижесінде тәрбиеленушілер саны ең көп Алға балалар үйінде (2013 жылы – 251 тәрбиеленуші) 5 есеге азайған. Өңірде 4 отбасы үлгісіндегі балалар үйі табысты жұмыс істейді, жекеменшік-мемлекеттік әріптестіктің нәтижесінде қазіргі заманғы жасөспірімдер үйі пайдалануға берілді.

Отырыс барысында балалар үйлерін өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарына ауыстыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының, сонымен қатар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне интернаттан кейінгі қолдау көрсету бойынша Шығыс Қазақстан облысының тәжірибелері талқыланды.

Отырыстың қорытындысы бойынша ұсынымдамалар қабылданды.

   

 

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика