Жаңалықтар

Құрылған: 30.03.2018, 19:21   |   Жаңартылған: 30.03.2018, 19:21
ҚР балалардың әл-ауқат индексін әзірлеу бойынша ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ (Астана қ., 2018 ж. 30 наурыз)
30.03.2018

2018 жылы 30 наурызда Астана қаласында балалардың әл-ауқат индексін әзірлеу бойынша ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.А. Оршубековтың төрағалығымен өткен отырысқа мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық балалар қоры ЮНИСЕФ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Комитет Төрағасы өз сөзінде Қазақстандағы балалардың әл-ауқат индексін әзрлеудің орындылығын, маңыздылығын  және мақсаттарын атап өтті.

Балалар қоры ЮНИСЕФ балалардың әл-ауқат индексін әзірлеудегі халықаралық тәжірибені ұсынды.

Кездесу барысында Индексті әзірлеу кезінде ескерілуі мүмкін ең қолайлы өлшемдері және көрсеткіштерді талқыланды.

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика