Жаңалықтар

Құрылған: 31.03.2018, 15:44   |   Жаңартылған: 31.03.2018, 15:47
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалық шақ мәселелерін жетілдіру бойынша ҮЕҰ-на қолдау көрсетеді
31.03.2018

Қазақстанда балалар үйлерінде  тәрбиеленушілерінің саны азаюда, тиісінше балалар үйлерінің саны да қысқаруда. Бұрын болмаған сандар: соңғы 5 жылда балалар үйлеріндегі балалар саны 57%-ға (11 мыңнан 6 мыңға дейін) азайған, бұған қоса 2051 бала туыс отбасыларына қайтарылған.

Осының арқасында елімізде 58 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйі жабылды.

Бұл үдерісті туынды деректер базасының ашылуы, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуы айтарлықтай тездетті.

Дамыған елдердің үздік практикасы және ондаған халықаралық ұйымдардың, оның ішінде БҰҰ-ның әлемдік тәжірибесі балалардың жанұяда тәрбиеленуі үй жағдайында өсуі керек екендігін  көрсетеді.

Білім және ғылым министрлігі аталған бағытта жұмыс жасайтын ҮЕҰ-мен ынтымақтасуға дайын екендігін білдіреді. Әр үкіметтік емес ұйым балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен меморандум немесе келісім шарттар жасауына құқылы.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ЮНИСЕФ, РRI, «ДОМ», «Дом мамы», «Союз кризисных центров», «Семейная Академия», «Жанұя», «Право» сияқты 8 халықаралық және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарымен меморандумға қол қойып, белсенді жұмыс атқаруда.

2014 жылғы 19 қыркүйектегі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі

«Жетім балаларды асырап алатын және тәрбиелейтін азаматтар үшін қолайлы құқықтық ортаны күшейту қажет. 
Мұндай отбасылар мемлекеттен, қоғамдық бірлестіктерден жан-жақты көмек алу объектісі болуы тиіс. 
Жылдан жылға балалар үйінен бала асырап алатын адамдар арта түсуде. Барлық жерде осылай жасайды. 
Патронаттық тәрбиені, отбасындағы қамқорлықты, қорғаншылықты кеңейту үшін заңнамалық негізді күшейту қажет. 
Көптеген елдерде қонақ отбасылар сияқты тәжірибе бар, оларда қорғаншылықсыз қалған балалар уақытша орналастырылады.
Біз бұл тәжірибені ескеруіміз керек».

 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика