Жаңалықтар

Құрылған: 10.04.2018, 16:19   |   Жаңартылған: 10.04.2018, 16:19
Жазғы кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңесінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
10.04.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылғы  13 сәуірде «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығының базасында  2018 жылға арналған жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өткізеді.

Семинар-кеңестің жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының басшылары қатысады (200 адам).

Балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға жауаптылардың алдындағы басты мақсат – олардың толыққанды және белсенді демалысы үшін қауіпсіз жағдайларды жасау.

Балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға жауапты барлық қызметтерді үйлестіру мәселелері семинардың пленарлық бөлімінде қарастырылатын болады.

Семинар-кеңес мастер-класстарды, балаларды сауықтыру лагерьлердің қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасудың және үйренудің ең тиімді әдістерді қарастыратын тақырыптық секциялардың жұмыстарымен жалғасады.

Семинардың шеңберінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаттығу іс-шаралар өткізіледі.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.

 

 
© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика