Жаңалықтар

Құрылған: 17.04.2018, 18:49   |   Жаңартылған: 17.04.2018, 18:49
Жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңесінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
16.04.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылғы  13 сәуірде «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығының базасында    2018 жылға арналған жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңесін өткізді.

Семинар-кеңестің жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының басшылары қатысты (200 адам).

Орталық мемлекеттік органдардың өкілдері кеңеске қатысушыларды балалардың сапалы және қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету саласындағы инновациялармен және заңнаманың талаптарымен таныстырды. 

Семинар қатысушыларына өртпен және судағы жағдайлармен байланысты жазатайым оқиғалардың себептерін толық талдау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық талаптарын сақтаудың өзектілігі, «Балаларды сауықтыру және санаториялық объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалардың жаңартылған талаптары ұсынылды. 

Сонымен, семинар қатысушылары балалардың туристік-сауықтыру демалысын ұйымдастырудың үздік тәжірибесімен, «Бөбек» орталығының сауықтыру қызметімен, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы педагогының біліктілігін арттыру талаптарымен танысты.

Алғаш рет, жазғы демалысты ұйымдастыру жөніндегі отырыстарда девиантты мінез-құлықты балалардың, заңмен қайшылықтағы балалардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамту мәселелері қаралды.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді

  

 

  

 

   

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика