Жаңалықтар

Құрылған: 23.04.2018, 12:14   |   Жаңартылған: 23.04.2018, 12:14
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ХХII-отырысының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
23.04.2018

2018 жылғы 26 сәуірде өңірлерді өңірлерді қосу арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) ХХII-ші отырысы өтеді. Отырыста балаларды мектепке қауіпсіз тасымалдау, белсенді демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың арасында зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдына алу мәселелері қаралады.

ВАК жұмысына Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З. Балиева, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия секретариатының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, сыртқы істер, инвестициялар және даму, ақпарат және коммуникация, ұлттық экономика, мәдениет және спорт министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

ВАК қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға арналған нақты ұсынымдар тұжырымдалады.

 

_____________________________

 

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

ВАК кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында 2007 жылы құрылды.

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика