Жаңалықтар

Құрылған: 23.04.2018, 17:09   |   Жаңартылған: 23.04.2018, 17:09
«Қауіпсіз Интернет» атты ақпараттық науқанды өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
23.04.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастауымен 2018 жылдың 23 сәуір - 8 мамыр аралығында «Қауіпсіз Интернет» атты ақпараттық науқан өтеді.

Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

Науқан барысында семинарлар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, балаларға арналған шығармашылық байқаулар, қайырымдылық акциялар, ата-аналардың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.

Науқанның ақпараттық сүйемелдеу ақпараттарды білім беру ұйымдары мен органдарының ресми  сайттарына орналастыру арқылы іске асырылады, фильмдер мен бейне рөліктерді көрсету арқылы сүйемелденеді.

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика