Жаңалықтар

Құрылған: 24.04.2018, 20:10   |   Жаңартылған: 24.04.2018, 20:10
Балалар мүддесіндегі Тұжырымдама әзірлеу мәселесін талқылау бойынша өткізілген бейнеконференция өткізу туралы
24.04.2018

2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З. Балиеваның қатысуымен Балалардың мүддесіндегі Тұжырымдама әзірлеу мәселесін талқылау бойынша бейнеконференция өткізді.

Кеңеске мемлекеттік органдардың вице-министрлері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының білім басқармаларының басшылары қатысты.

Кездесуге қатысушыларға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.Оршубеков алғы сөз сөйледі.

Н.Оршубеков Министрліктің 2015 жылдан бастап балалардың мүддесі бойынша құжат әзірлеуді талқылағанын атап өтті. Аталған тақырып өзекті және бүгінгі күні кешенді шараларды қабылдауды, балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласында көрсетілген проблемалық мәселелерді шешуді талап етеді.

Жиналыстың модераторы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З.Балиева балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Осыған орай, видеоконференцияға өңірлердегі білім саласының қызметкерлері қатысты, олар балалардың мүддесіндегі Тұжырымдама жобасын әзірлеу мәселелері бойынша өз ұстанымдарын айтты.

Іс-шараның нәтижесінде қатысушылар балалардың мүддесіндегі құжаттың өзекті екенін, өмірдің әртүрлі саласында ауқымды спектрды қамтитынын атап өтті.  

Видеоконференцияға қатысушылардың көпшілігі балалардың мүддесіндегі тұжырымдама жобасын әзірлеудің қажеттігін қолдады.

  

  

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика