Жаңалықтар

Құрылған: 21.05.2018, 18:50   |   Жаңартылған: 21.05.2018, 18:50
Әріптестік шарттар жасасу арқылы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
21.05.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - ҚР БҒМ) «Нұр Отан» партиясының ұсыныстарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарттар жасасу арқылы тамақтандыруды ұйымдастыруды қарастыратын норманы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге енгізу бойынша іс-шаралар атқарылуда (ҚР БҒМ 31.12.2018 ж. №717 бұйрығы).

Бұл мектептерге асханаларда жоқ жабдықтарды сатып алуға немесе тозған жабдықтарды жаңа жабдықтарға ауыстыруға мүмкіндік береді.

Аталған норма кәмелетке толмағандардың, эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары объектілер мен кәсіпкерліктің мүдделеріне байланысты болғандықтан, бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктер, білім басқармалары, білім беру бөлімдері және т.б.), МЖӘ орталығы және олардың кәсіпкерлік саласындағы аумақтық бөлімшелерінің және т. б. мүделлі органдар мен ұйымдардың өкілдерімен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының базасында бейнеконференцбайланыс режимінде өткен республикалық кеңесте талқыланды.

Қазіргі уақытта бұйрықтың жобасы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен келісу рәсімінен өтуде.

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика