Жаңалықтар

Құрылған: 22.05.2018, 16:22   |   Жаңартылған: 22.05.2018, 16:22
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» республикалық акциясын өткізу бойынша баспасөз хабарламасы
22.05.2018

2018 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» кең ауқымды республикалық акциясы ұйымдастырылатын болады.

Қазіргі таңда республикада 5 миллионға жуық туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін (0-ден 18 жасқа дейінгі) бала тұрады және олардың әрқайсысы мемлекеттік қорғаудың түрлі шараларын қажет етеді.

Акцияның мақсаты - балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару және еліміздегі балаларының тұрмыс сапасын қамтамасыз ету, бала құқықтары мен мүдделерін орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік саясаттың алдыңғы қатарына шығару, әрбір баланың құқықтарын насихаттау және қорғау, балалардың құқықтарын іске асыруды қолдау, балаларға құрметпен және қамқорлықпен қарау мәселелері бойынша отбасылардың және балалардың мүдделерінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес қауымдастықтың, БАҚ-тың және басқа да топтардың күшін біріктіру.

Биылғы жылы Халықаралық балаларды қорғау күнін ұйымдастыру және өткізу мерекелік іс-шаралармен республика балалардың  максималды қамтамасыз етіледі, барлық балаларға қатысты оң қоғамдық пікір қалыптастыру үшін балалық шақ саласындағы саясатты іске асыру бойынша кең ауқымды медиа-қолдауды қамтамасыз ету.

Республиканың барлық өңірлеріндегі орталық алаңдар, саябақтар мен сарайлар, ойын-сауық кешендері балалар үшін жұмыс жасайтын болады. Балалар шығармашылық фестивальдері, театрландырылған көркем қойылымдар, карнавалдар, концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар, асфальтқа суреттер салу конкурстар өткізіледі.

Алдын ала деректері бойынша республика бойынша 1 маусымда   3 млн-ға жуық баланы қамтитын Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 600-ден астам негізгі іс-шара ұйымдастырылып, өткізіледі.

Барлық санаттағы балалар үшін жыл сайын жергілікті атқарушы органдар тарапынан тегін іс-шаралар ұйымдастырылады: қоғамдық көлікте жол жүру, кинотеатрларға, театрларға, бассейндерге, спорт залдарға бару.

Аз қамтылған отбасы балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға,  ерекше қажеттіліктері бар балаларға тегін мультфильмдер, балаларға арналған кино көру, музейлер мен театрларға, ойын-сауық кешендеріне бару ұйымдастырылады, балалар сауықтыру орталықтарына тегін жолдама табыс етіледі, қала сыртындағы демалыс базаларына бару ұйымдастырылады.

Негізгі іс-шаралар

  1. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "НҰРЛЫ БОЛАШАҚ" акциясын жылжыту жөніндегі PR-кампания;
  2. 2018 жылғы 1 маусымда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдары, үкіметті емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясат»/«Государственная политика в интересах детей» брифингі;
  3. Ағымдағы жылғы 15 мамырға дейін республиканың барлық өңірлерінде «Отбасы сағаты» республикалық акциясы;
  4. Астана қаласында «Жұлдызай-2018» республикалық балалар шығармашылық фестивалінің жылсайынғы XIII гала-концерті;
  5. 2018 жылғы 1 маусымда «Бала еңбегін пайдалануға қарсы   12 күн күрес» ұлттық ақпараттық науқаны;
  6. Өңірлерде «Балалар бастауы» балалар әлеуметтік жобаларының республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау өткізіледі;
  7. Жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың Мәскеу қаласында халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекеге қатысу;
  8. ү.ж. 1 маусымда Ақтөбе қаласында III Республикалық әкелер форумы өтеді;
  9. 2018 жылғы 30-31 мамыр,1 маусымда Атырау қаласында  «Ақ көгершін» балалар қорымен бірлескен «Серпер» ІІ Республикалық балалар шығармашылығының фестиваль-конкурсы өтеді;
  10.  2018 жылғы 1 маусымда «Сәлем саған, Астана!» атты балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері және ансамбльдерінің шеруі;
  11.  «Қазақстан - мейірімділік мекені»  республикалық балалар бастамасы;
  12. Мектеп жанындағы және сауықтыру лаегрлерінің ашылуы. 

Аталған іс-шаралар барлық оқиғалар мен мереке бағыттары  қисынды байланысып, оның идеологиялық ұстанымы ретінде ұласады.

 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика