Жаңалықтар

Құрылған: 28.05.2018, 16:22   |   Жаңартылған: 28.05.2018, 16:22
«Конвенциямен балалық шақ әлемі» атты сауалнама
28.05.2018

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан «Конвенциямен балалық шақ әлемі» атты жыл сайын оқушылар арасындағы сауалнама өткізіледі.

Аталған шараның мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің Бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі ережелері мен өз құқықтары туралы білім деңгейін жыл сайынғы мониторингілеу, сонымен қатар, балалардың құқықтық білімге деген қажеттілігін анықтау.

2018 жылғы сауалнамаға барлығы 1 868 734 оқушы қатысты (2017 ж.-1 431 939), оның ішінде 995 957 (53,3%) – қалалық мектептегі оқушылар (2017 г.-53%), 872 777 (46,7%) – ауылдық жердегі оқушылар (2017 г.-47%). Сауалнамаға қатысқан ұл балалардың саны 911 566 (48,8%) (2017 г.-48,5%), 957 168 (51,2%) – қыз балалар (2017 г.-51,5%).

Сауалнама балалрдың жастарына қарау 3 категория бойынша өткізілді: 3-4 сынып оқушылары (492 710 немесе 26,4%), 5-9 сынып оқушылары  (1 178 579 немесе 63%), 10-11 сынып оқушылары (197 445 немесе 10,6%).

Сауалнамаға ең көп оқушы Солтүстік Қазақстан (62%), Қостанай (56%) және Ақмола (55%) облыстарынан қатысқан екендігі байқалады.

Сегіз облыста (Алматы (42%), Атырау (35%), Қарағанды (35%), Батыс Қазақстан (34%), Қызылорда мен Маңғыстау (32%), Жамбыл (31%) облыстарында және Алматы қаласында (32%) 31%-дан 42%-ға дейін балалар қамтылған.

Сауалнамаға Ақтөбе (27%), Оңтүстік Қазақстан (27%), Шығыс-Қазақстан (22%), Павлодар (24%) облыстарынан және Астана қаласынан (20%) аз көлемде қатысқан.

Осы орайда, сауалнаманың талдауы бойынша мектеп оқушылардың білімдері мен олардың өз құқықтарын білу деңгейі жеткілікті екендігі анықталды.

2018 жылы балалардың білім деңгейі 86,2%-ды (2017 г.- 84,6%) құрды.

Білім басқармаларына оқушылардың өз құқықтары мен міндеттері туралы құқықтық насихаттауды одан әрі нығайту, сондай-ақ   білімді, дағдылар мен шеберлікті қалыптастыруға бағытталған  БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының негізгі ережелерін күнделікті өмірде және білім алу барысында қолданудың іс-шараларын өткізу ұсынылады.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика