Жаңалықтар

Құрылған: 28.05.2018, 17:52   |   Жаңартылған: 28.05.2018, 17:59
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ
28.05.2018

2017 жылы Қазақстанда балалардың құқықтық қорғалу жағдайын бағалау  мақсатында Комитет тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институты «Балалардың құқықытық қорғалу деңгейін  анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу өткізді.

Зерттеу 14 облыста және Алматы, Астана қалаларында өткізілді.

Зерттеудің сандық (сауалнамалау) және сапалық (терең сұхбат) әдістерімен өткізілді. Сауалнама арқылы 1450 респондентке сұрақтар қойылды: 10 жастан 17 жасқа дейінгі 1000 бала (оның-200-і тәрбиеленушілер), ата-аналар (150 респондент), педагогтар (150) және оқу-тәрбие мекемелерінің өкілдері.

 Сапалық зерттеу үшін 50 сарапшы мен орта білім саласының мамандарына терең сұхбат жүргізілді. Дала жұмыстары 2-өлшемде 2017 жылы тамыз және қазан аралығында жүргізілді.

Зерттеу шеңберінде Балалардың құқықтық қорғалуының деңгейі бағаланды, балалардың өз құқықтарын білу деңгейін және оларды тәжірибе жүзінде қолдану деңгейі,  ата-аналармен, мұғалімдермен, тәрбиешілермен және бала тәрбиесіне қатысатын басқа да тұлғалармен, мемлекеттік қызмет өкілдерімен БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі ережелерін орындалуы анықталды.

Әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институтымен ұсынымдар әзірленді, сондай-ақ  ата-аналар, органдар  және білім беру ұйымдарының бала құқықтарын қорғау мәселесімен айналысатын мамандар үшін «Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі» әдістемелік құралы әзірленді және баспадан шығарылды. 

КӨШІРМЕГЕ СІЛТЕМЕ: Балалардың құқықтық қорғалу деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика