Жаңалықтар

Құрылған: 29.05.2018, 10:41   |   Жаңартылған: 29.05.2018, 10:41
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» республикалық акциясы өтуде
29.05.2018

2018 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н. Оршубековтің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары З. Мақсұтованың, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің Ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Ә. Оспановтың, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Ақпараттандыру және халықты оқыту бөлімінің бастығы Р. Иманқұловтың, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Санитарлық-гигиеналық қадағалау басқармасының басшысы М. Рахимжанованың қатысуымен брифинг өтті.

2018 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында Қазақстан Республикасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» республикалық акциясы өтуде.

Халықаралық балаларды қорғау күнін ауқымды мерекелеу әрбір жас қазақстандықтың әл-ауқатына мемлекеттің назары мен қамқорлығы басым екенін, Қазақстанның қатысушы мемлекет ретінде Бала құқықтары туралы БҰҰ-ның халықаралық конвенциясының ережелерін практикада жүзеге асыруға талпынысының дәлелі.

Акцияның мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару және мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес қауымдастықтың, БАҚ-тың және:

  •  еліміздің балаларының өмір сүру сапасын қамтамасыз ету;
  •  бала құқықтары мен мүдделерін орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік саясаттың алдыңғы қатарына шығару;
  • әрбір баланың құқықтарын насихаттау және қорғау, балалардың құқықтарын іске асыруға көмектесу, балаларға құрметпен және қамқорлықпен қарау мәселелері бойынша отбасы мен балалар мүддесінде мемлекеттік саясатты қалыптыстыру және жүзеге асыру жөніндегі басқа да әлеуметтік топтардың күшін біріктіру.

Ағымдағы жылы Халықаралық балаларды қорғау күнін ұйымдастыру және өткізу мерекелік іс-шаралармен республиканың балалары барынша көп қамтамасыз етіледі, барлық балаларға қатысты оң қоғамдық пікір қалыптастыру үшін балалық шақ саласында саясатты іске асыруда кең ауқымды медиа-қолдаумен қамтылады.

Республика бойынша 1 маусымда мектепке дейінгі балалардан және мектеп жасындағы оқушы мен студент жастардан құралған               3 млн-ға жуық баланы қамтитын Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған600-ден астам негізгі іс-шара ұйымдастырылып, өткізіледі.

Барлық санаттағы балалар үшін жыл сайын жергілікті атқарушы органдар тарапынан тегін іс-шаралар ұйымдастырылады: қоғамдық көлікте жол жүру, кинотеатрларға, театрларға, бассейндерге, спорт залдарға бару.

Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға тегін мультфильмдер, балаларға арналған киноларды көру, музейлер мен театрларға, ойын-сауық кешендеріне, қала сыртындағы демалыс базаларына бару ұйымдастырылады, балалар сауықтыру орталықтарына тегін жолдама табыс етіледі.

Жалпы алғанда, мерекелік іс-шараларға дайындық және оны ұйымдастыру «бала», «балалар», «бақытты балалық шақ», «әр бала отбасында өмір сүруге тиіс», «балалардың құқықтарын қорғау», «құқықтар мен міндеттер» секілді құндылықтарды қоғамның санасына орнықтыруға, балаларды белсенді азаматтық ұстанымдарға тәрбиелеуге, отансүйгіштікке, елінің жетістіктеріне үлес қосуына мақтан етуіне, өз қаласының, ауылының өміріне қатысу құқығын қамтамасыз етуге, өмірлік бағытты дұрыс таңдауда мінез-құлықтарды қалыптастыруға, Отанды сүюге, аман-сау және қорғалған балалық шақ үшін ересектердің жауапкершілігіне бағытталған.

 

 

 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика