Жаңалықтар

Құрылған: 29.05.2018, 11:02   |   Жаңартылған: 30.05.2018, 13:33
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мемлекеттік емес білім беру мекемесі арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қою рәсім
29.05.2018

Балалардың, атап айтқанда, өмірлік қиын жағдайдағы балалардың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылғы 30 мамырда сағат 15-00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мемлекеттік емес білім беру мекемесі арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қою жоспарлануда.

Қазақстан-Ресей медициналық университеті оншақты жылдар бойы жоғары медициналық білім жетілдіруге бағытталған жаңа әдістер мен нысандар сәтті апробациядан өткізіп отырған еліміздің ірі жеке ЖОО бірі болып табылады.

Көп жылдар бойы Қазақстан-Ресей медициналық университеті «Асар Береке» және «Декдар» қорларымен бірлесіп Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлеріндегі балалар үйлері мен мүгедектер үйлеріндегі балаларға көшпелі медициналық кешендерді колдана отырып, көмек көрсетуде. Бұл Меморандум балаларға қайырымдылық көмек көрсету жобасының жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.

Меморандумға қол қоя отырып, тараптар еліміздегі балалардың мүдделеріне бағытталған ұзақ мерзімді, өзара тиімді серіктестік пен қарым-қатынастарды орнату мақсатын қояды.

Меморандум шенберінде университеттің тәжірибелі профессорлары көшпелі медициналық кешендер арқылы балалар үйлеріне, интернаттарға жаңаша техниканы қолдана отырып, тәрбиеленушілерін тереңдетілген медициналық зерттеуден өткізуді жоспарлануда.

Меморандум шенберіндегі бірлескен  іс-әрекет балалардың әртүрлі ауруларының алдын алуға, олар үшін денсаулық сақтау мен нығайту бойынша, өмір салты дағдыларын тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыруға ықпалын тігізеді.

Ыңтымақтастығымыздың жемісті болуына зор үміт артамыз.

Мекен-жайы: Алматы қ., Төрекулов к., 1 аудитория.

Байланыс телефондары: 8-7172-742172, 742154, 87012240438.

 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика