Жаңалықтар

Құрылған: 03.06.2018, 12:58   |   Жаңартылған: 03.06.2018, 12:58
Балаларды қорғау күні қарсаңында бүлдіршіндерге жан-жақты медициналық көмек көрсетуге арналған жылжымалы кешен жұмысын бастады
03.06.2018

Жетім көрсең, жебей жүр! Балаларды қорғау күні қарсаңында бүлдіршіндерге жан-жақты медициналық көмек көрсетуге арналған жылжымалы кешен жұмысын бастады. Жедел жәрдем көрсететін көлік ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған. Мұндай ауқымды іс-шараға «Асар-Береке» және «Дегдар» қорлары қолдау көрсетіп отыр.



Медициналық заманауи қондырғылар орнатылған мына көліктер аймақтарға аттанбақ. Олар шалғайдағы ауылдарды аралап, еліміздегі 98 жетімдер үйіне барады. Мұнда медициналық қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалынған. Тіпті қан ауыстыруға қажетті барлық заманауи аппараттар да бар.

Нұрбек Өршібеков, ҚР Білім жіне Ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің  төрағасы: -Біз Қазақ-Ресей медициналық университетінің көмегімен барлық балаларды және еліміздегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін медициналық тексеру өткізуіне келісімімізді бердік. Бүгінгі күнге дейін жерімізде мұндай ауқымды медициналық сараптама болған емес. Мамандар мұндай жүйенің уақытты үнемдейтін айтады. Әмбебап кешенді отандық медицина саласына енгізуді «Асар-Береке» және «Дегдар» қорлары ұйымдастырған. Әрі Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқын қорғау комитеті мен Қазақ-Ресей медициналық университеті де қолдау білдіріпті.

Нұрлан Жайнақбаев, Қазақстан-Ресей университетінің ректоры: -Бұл технологиялық кешенде эндоскопиялық диагностикаға арналған қондырғылар, сандық рентген жабдықтары бар.  Әрі мұнда онкологиялық немесе соматикалық ауру түрлері де қаралады. Осындай қондырғылар орнатылған медициналық автокөліктер небір сай-саламен жүре алады, яғни жол таңдамайды. Ең бастысы бүлдіршіндер тексерістен тегін өтеді. Айта кетейік, бұл кешен Дариға Назарбаеваның бастамасымен 10 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Енді ақ халаттылар еліміздің барлық өңірлеріндегі жетімдер денсаулығын тексеруге аттанбақ.

 

www.ktk.kz сайтынан алынған материалдар

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика