Жаңалықтар

Құрылған: 07.06.2018, 19:17   |   Жаңартылған: 07.06.2018, 19:17
2018 жылғы 1-12 маусым аралығында өтетін «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық Ақпараттық Кампаниясы (ҰАК) туралы ақпарат
07.06.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы мекемелермен бірлесіп, 2018 жылғы 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық Ақпараттық Кампаниясының (ҰАК) өткізілетінін хабарлайды.

Ұлттық Ақпараттық Кампания Қазақстанда осымен 13-ші жыл өткізілгелі отыр және Халықаралық балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес күніне арналады.

13-інші Ұлттық Ақпараттық Кампаниясы «Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз» ұранымен өтеді.

Ұлттық Ақпараттық Кампанияның мақсаты – жұртшылықтың бала еңбегінің ең нашар түрлері, оның ауқымы мен сипаттамасы, бала мен қоғам үшін оның салдары, сондай-ақ осы сала бойынша халықаралық және ұлттық заңнама туралы ақпараттануын арттыру.

Ұлттық Ақпараттық Кампанияны өткізу бала еңбегін қанаудың профилактикасы мен оның алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының әріптестігі мен ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдеседі.

Аталған жоба маусым айының 1-12 аралығында республиканың барлық аймақтарында бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр: жұртшылықтың бала еңбегінің ең нашар түрлері жөнінде хабардар болуы, дөңгелек үстелдер мен конференциялар, балалардың сурет, шығармалар конкурсы, пікірталастар мен мемлекеттік және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер.

Барлық жерде ұлттық және аймақтық деңгейде сенім телефондары жұмыс істейтін болады. Әрбір бала немесе ересек адам сенім телефондарына хабарласып, облыстағы бала еңбегі проблемасы туралы айтып, оның шешілу жолын таба алады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнаулы «жедел желісі»- тел. 742528, Қазақстан балалары мен жастарына арналған 111 ұлттық сенім телефоны – «111»).

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында орналастырылған.

 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика