Жаңалықтар

Құрылған: 12.06.2018, 11:40   |   Жаңартылған: 12.06.2018, 11:40
Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн
12.06.2018

2018 жылдың 1-12 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен "Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз" ұранымен "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" Ұлттық ақпараттық науқан өткізілуде.

Алматы облысы Қапшағай қаласындағы білім беру ұйымдарында жоғарыда аталған науқан өткізу барысында "Бақытты балалық шақ" асфальтта сурет салу байқауы, «Әкем, шешем және мен - спорттық отбасы»  жарысы, «Бала құқығы» атты кітап көрмелері, «Бала еңбегін қанауды қалай түсінемін?» атты диспут өткізілді.

    

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика